• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2011

Қазақстан табысын жоғары бағалады

271 рет
көрсетілді

26 қарашада Астанада Қазақстан Респуб­ликасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Еуроодақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы – Елші Норберт Жустен­ді оның дипломатиялық қыз­метінің аяқ­та­луына байланысты қабыл­дады, деп ха­ба­р­лады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Е.Қазыханов еуропалық дипломатқа жемісті еңбегі үшін және Қазақстан-Еуропа ынтымақ­тастығының дамуына зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Қазақстан басшылығының Еуропадағы әріптестерімен ынтымақтастықты күшейтуге аса мән беретіндігін жеткізген қазақстандық министр, ҚР мен ЕО екіжақты ынтымақ­тастығын жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін қажетті барлық әлеует бар екенін атап көрсетті. Ал саяси сұхбаттың жоғары деңгейде дамуын екі жақтың саяси ерік-жігері мен ынтымақтастықтың ны­ғаюы дәлелдейді, деді Е.Қазыханов өзінің сөзінде. Сөз ретіне қарай айта кетсек, 2010 жылы Қазақ­стан Президенті Н.Назарбаев ЕО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде екі рет болды. Еуропа Одағының төрағасы Х.Ван Ромпей былтырғы жылдың желтоқсан айында Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты. Биыл Н.Назарбаев Еуропалық Комиссияның тө­рағасы Ж.М.Баррозумен (19 сәуірде) Киевте өткен ядролық энергия саммитінде кездесті. Ал Х.Ван Ромпеймен БҰҰ Бас Ассам­блея­сының 66-шы сессия жұмысында жүздесті. Ал кешегі кездесуде тараптар ЕО-ның Орталық Азиядағы стратегиясының және биыл аяқталатын «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы барысын қарастырды. Бұл ағымдағы жылдың 24 қарашасында Астанада сәтті өткен «Қазақстан – Еуропа Одағы: ынты­мақтастықтың жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық конфе­рен­цияның нәтижесі болып табылады. Кездесу соңында Н.Жустен Қазақстанды 20 жылдық Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, еліміздің егемендік алған жылдарындағы қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады.