• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2011

Тіл жанашырларына құрмет

369 рет
көрсетілді

Тәуелсіздігіміздің 20 жылды­ғына орай елордадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлес­ті­гі­нің бастамасымен және Мәде­ниет министрлігі Тіл комитетінің қол­дауы­мен «Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен марапаттау рәсімі бо­лып өтті. Елбасы Жар­лы­ғымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамыту» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы аясында ұй­ым­дастырылып келген бұл мара­пат­қа – рухания­ты­мыз­ға шынайы жанашырлық та­нытып, нақты ісімен қазақ тілінің көркеюіне үлес қосқан мемлекеттік қызмет­кер­лер, қоғам қайраткерлері мен бұ­қа­ралық ақпарат өкілдері ие бо­лып келген болатын. Мемлекеттік тіліміздің қо­ғам­да кеңірек насихатталуына ықпал ету мақсатында ұйым­дас­ты­рылып келген бұл шара осымен үшінші мәрте өткізіліп, биылғы марапатқа оның жанашыр­лары­мен  бірге өз қара­жа­тымен қазақ тілі мен мәдениетіне қа­тысты шараларға демеушілік та­ныт­қан меценаттар да ие болып отыр. Биылғы «Тіл жана­шырлары» құрмет белгісімен – «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы Ахмет Аляз, «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Байбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғы­лымдарының докторы Нама­залы Омашев, республика Ж­оғарғы Сотының қыл­мыс­тық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының судьясы Әділ Құрықбаев, қазақ айтыс өнерінің ұйым­дастырушысы, ақын Жүрсін Ерман, «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібай, «Ай­қын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Алтын қыран» компаниялар тобының бас директоры, меценат Исламбек Салжанов, «Нәтиже» сүт фабрикасының дирек­торы, меценат Ерлан Әші­мов, «7»-телеарнаның дирек­торы Бибігүл Жексенбай, «Қазнефтегазпром» компа­ниясының президенті, меценат Жәнібек Елекбаев, «Қазақ­стан» ҰТК-ның жүр­гізушісі Мая Веронская, «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболат, «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдина, «Қазақша «Википедия» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы, сазгер-әнші Марат Омаров пен «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Қазыбек Иса марапатталды. Берік САДЫР.