• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2011

Отандық автомобиль өндірісінің тұңғышы

868 рет
көрсетілді

«Азия Авто» – отандық автомобиль өндірісінің тұңғышы – өсіп-өркендеудің тамаша үлгісін көрсетіп келеді. Бір кездері Ресейдің «Нива» көлігін құрастырудан қадамын бастаған «Азия Авто» небәрі 9 жылдың ішінде әлемдегі үздік авто­кө­лік брендіне жататын 18 түрлі темір тұлпарды шығаруды жүзеге асырды. Үстіміздегі жылдан бастап аталмыш кәсіпорын Қазақ­­­стан Республикасы Үкіметінің қолдауы нәтижесінде аса ірі жоба – автоөндіріс кластерін құруды игере бастады. Бола­­шақта жүзеге асатын өнеркәсіп кешені еліміздегі 2010-2014 жылдарға арналған серпінді индустриялық-инновациялық дамудың бір бөлігіне жатады, ол республикалық дәрежедегі маңызға ие болып қала береді. Сондықтан мен аталмыш компанияның бұл бастамасын үнемі қолдап келдім, алдағы уақытта да қолдай беремін.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

  Серпінді жобаның көкжиегі Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына Қазақстан автоөндірісінің тұңғышы – «Азия Авто» акционерлік қоғамы тамаша табыстармен келіп отыр. Осыдан 9 жыл бұрынғы зауыттың б­о­ла­шағын көз алдыңызға елестетудің өзі оңай емес болатын. Ресейдің «Нива» көлігін құрас­ты­ру­дан алғашқы қадамын бастаған кәсіпорын талай тар жол, тайғақ кешуден өтті. Нарықтың өтпелі кезінде зауытты ұстап тұрудың өзі қиын еді. Алайда, жаңаша ойлап, болашақты бағдар­лай алатын кәсіпорынның басшылары бұл тұ­йық­тан біртіндеп шыға бастады. Қазіргі күні Қазақстанда сатылатын әрбір бесінші жеңіл көлік осы зауыттан өмірге жолдама алады. Мына бір цифрларға назар аударалықшы. Тек биылғы қыркүйекте кәсіпорын әртүрлі мар­калы 700 көлікті шығарса, жыл аяғына қарай бір мың данасын құрастырып шығармақ. Бұл күн­дері отандық көліктерді сатып алу оңай шаруа емес. Тапсырыс берушілер кезегін екі ай күтуге мәжбүр. Себебі біреу-ақ, Өскеменде құрасты­ры­лып жатқан көліктердің сапасы жақсарып келеді, оның үстіне бағасы қолжетімді. Соңғы бір жарым жылда ғана көлік зауыты 12 жаңа үлгіні шығаруға қол жеткізген. Олардың ішінде жақында ғана Нью-Йорк, Париж, Женева, Детроиттағы автошоу премьерасында көрсетіл­ген, көпшілікке ұнаған «Шевролет», «Киа», «Шко­даның» бірнеше түрі бар. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, қазір өнім кө­лемі 2,5 есе өскен. Ол ол ма, үстіміздегі жылдың аяғына дейін бір адамның еңбек өнімділігі 300 мың АҚШ долларына жетпек. Алдағы меже 450 мың АҚШ долларына дейін жеткізу. «Азия Авто» өсіп-өркендеу үстінде. Серпінді индустриялық-инновациялық жоба негізінде таяу­дағы үш жылда мұнда 12 мың жұмыс орны болады. Кәсіпорынға 514 миллион АҚШ дол­лары мөлшерінде инвестиция құйылмақ. Жа­қында акционерлік қоғам өмірінде тағы бір елеулі жаңалық болды. Ресейдің аса қуатты «АвтоВАЗ» ашық акционерлік қоғамының президенті Игорь Комаров бастаған делегация Өскемендегі «Азия Авто» ұжымына келіп, бірқатар маңызды меморандумға қол қойды. «АвтоВАЗ» ААҚ, «Азия Авто» АҚ және «Ертіс» корпорациясы арасындағы стратегия­­лық серіктестік меморандумына орай ресейліктер бізге көмек қолын созады, қаржы құяды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен жаңа салы­на­­­тын зауытқа қажетті жер телімі бөлінді. Атал­мыш аумақта жылына 120 мың көлік шығаратын қуаты бар өндіріс кешені бой көтермек, мұнда дәнекерлеу, автокөлік шана­ғын сырлау, қосалқы бөлшектер жасайтын цехтар салынбақ. Рынок­тағы сұраныстың өсу қар­қы­нын есепке ала отырып, өндірістің бірінші кезеңінде 90 мың, ал 2015 жылы тағы 30 мың автокөлік шығарылмақ. Көлік шығарудың сыртында оны саудалау оңай шаруа еместігі белгілі. Ресейліктер бізге бет бұрған сыңайлы. Өскеменде шығарылған сан алуан көліктер Ресейдің Сібірі мен Қиыр Шығысына, Орталық Азия, Кавказ елдеріне өткізілмек. Ал Кеден одағына енген үш мемлекет бірқатар жеңілдіктерге ие болып қала бермек. Үшжақты келісім нәтижесінде ішкі жалпы өнім шамамен 1,5 миллиард АҚШ долларына өсіп, жыл сайын мемлекет қазынасына 87 миллион доллар қаржы құйылмақ.   Дерек пен дәйек *«Азия Авто» зауыты 2002 жылы дүниеге келді. Алғашқы жылы небәрі бір мыңға тарта «Нива» кө­лігі құрастырылды. * «Азия Автоның» ек­­інші кезегінде жыл сайын 120 мың дана көлік шы­ғарылады. * Құрастыру, бояу, бел­­гілеу циклдары өнді­ріс­ке енгізілді. * 12 мың жұмыс орны ашылмақ. * Өндірістің жалпы көлемі 1,8 миллиард тең­­­геге жетпек. * Ресей, Беларусь, Ор­талық Азия, Кавказ елдеріне зауыт авто­кө­лік­те­рі экспортқа шығары­ла­ды. * Қазіргі күні зауытта автокөліктің 18 түрі шы­ға­рылып жатыр. * Автомобиль өндірісі кластерін құру нәти­же­сін­де автокөліктердің са­пасының артуына ба­й­ла­нысты шетелдер де ө­н­ім­дерді тұтынуға қызығу­шы­лық білдірмек.   Кеден одағы кедергілерді кемітті Кәсіпорын серіктестіктері арасында General Motors, Skoda Avto, тағы басқалардың болуы келешекке сәттілік тілегендей. Зауытта шығарыл­­ған көліктердің сапасы жұрт көңілінен шығуда, сондықтан да қазір кезекте тұрғандар қатары көбейіп келеді. Біз шамамыз келгенше тұтыну­шы­лардың тілегін орындауға назар аударамыз. Айта кететін жәйт, Кеден одағына енуіміз кә­сіпорынның көкжиегін кеңейте түсті. Ресейдің көрші облыстары біздің көлікке қызығушылық танытып отыр. Биыл жеңіл көліктерді сату көлемі 18,3 пай­ыз­ға ұлғайды. Мәселен, KIA Cerato қысқа мерзім ішінде TOP-3 Қазақстан рыногына еніп, Тойота Королла мен Тойота Ланд Крузор Прадо көлігіне ғана жол берді. Қазір әлемдік көш бастаушы көліктердің ішінде біздің бес үлгі Өскеменде шығарылуда. Автомобиль өнеркәсібі кластерін құру оңай емес. Әлемдегі қаржы дағдарысы көптеген ал­пау­ыт көлік зауыттарының адымын аштырмай тас­тағаны белгілі. Сондықтан бағаны шарықтата бермей, сұранысқа сай реттеп отырған орынды. Біз тұтынушылардың бұл сұранысын қана­ғат­тан­дыруға тырысамыз. Рас, қазір бірқатар облыс орталықтарындағы көлік сататын салондарда кө­лік жетіспей жатыр. Бұл кемшілікті де түзейміз. Ержан МАНДИЕВ, «Азия Авто» АҚ президенті.   Үнем бар жерде табыс та бар Тоғыз жыл бір қарағанда көп уақыт емес. Мен алғашқы күннен бастап «Азия Авто» зауы­тында еңбек етіп келемін. Көз алдымда көзді сүріндіретін жаңа көліктердің шығып жатқанын көрудің өзі адамды ерекше бір сезімге бөлейді. Қазір қарапайым жұмысшыдан бастап жетекшілерге дейін «үнемді өндіріс» бағдарламасы бойынша еңбек етуде. Ол нені білдіреді? Үнем мен ұқыптылық бар жерде, табыс та бар. Электр қуатын, қажетті тетіктерді ұқыппен пайдалану, жұмыс орныңды таза ұстау, әріптесіңе білгеніңді үйрету, жаңа техника мен технологияны игеру назарда бола бермек. Міне сондықтан болса керек, үстіміздегі жыл­дың маусымында біздің ұжым еліміздегі өзі тектес кәсіпорындар арасында өндірісте тиімді жұ­­­мыс істегендері үшін ең үздік деген атаққа ие болды. Алексей КУЗНЕЦОВ, құрастыру учаскесінің бастығы.   20 жылдыққа – 20 тарту Анатолий БАЛУШКИН, «Бипэк Авто» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы. Біз ең алдымен еліміз автоөндірісінің тұңғышы – «Азия Авто­ның» дүниеге келуіне мұрындық болған, Кенді Алтайға келген са­парында өндіріс орнына бас сұғып, зауыт мамандары мен жұ­мыс­шылармен емен-жарқын әңгімелесіп, пікір алмасып тұратын Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымызды айтамыз. Компания­ның тыныс-тіршілігі Елбасына жақсы таныс, әрдайым қолдап, көмектесіп тұрады. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев та көмегін көрсетеді. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында көлік­тер­дің 18 түрін шығаруға қол жеткіздік. Енді екі түрін шығарсақ, «20 жылдыққа – 20 тарту» болмақ. Әлемдік автоөндірісінің дамуына қарай алға жылжи беру басты мақсатымыз.  

Келешекке кемел сенім

Осымен төртінші рет қазақстандық көлік зауытында болдым. «Азия Автоның» қарқыны қуантады. Жақында ғана ресейліктермен бірлесіп толық циклды зауытты қатарға қосу жөнінде қолға алған бастамасы аса құнды. Бұл Қазақстанның 20 жылдық мерейтойына үлкен тарту. Біз кәсіпорынның келешегіне сенеміз, үміт артамыз. Мунихио ФУКУДО, Инновация және энергияны үнемдеу жөніндегі  Еуразия банкі бағдарламасын үйлестіруші.    

Айқарма беттің материалдарын ұйымдастырған Оңдасын ЕЛУБАЙ.