• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2011

Қауіпсіздік арқылы – бейбітшілікке

318 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекеттік хат­шы Қанат Саудабаевтың төраға­лы­ғымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жө­ніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс кезінде сөз алған Қанат Саудабаев: «Комиссия жұмысының нәтижесі, оның қызметі ядролық қауіпті төмен­де­ту­ге және ядролық қаруды таратпауға қа­тыс­ты әлемдік үдерістегі біздің Елбасы­ның дүние жүзі мойындаған көшбас­шы­лығын нығайтуға және жаһандық қауіп­сіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлін одан әрі жоғарылатуға тың серпін берді», деді. Қанат Саудабаевтың айтуынша, ко­мис­сияның белсенді қатысуымен бірнеше халықаралық жобалар жүзеге асырылған. Солардың бірі – БН-350 реакторының (Ақтау қаласы) игерілген ядролық оты­нын тасымалдау. 2010 жылғы сәуірде Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі жаһандық саммитке АҚШ Президенті Б.Обаманың шақыруы бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың қатысуы айрықша мәнге ие. Семей полигонының жабы­луы­ның 20 жылдығына орай, Астана және Семей қалаларында «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумы, сонымен қа­тар, шет елдерде бірқатар іс-шаралар өт­кі­зілді. Қазақстан мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік арасын­да жемісті ынтымақтастық қамтамасыз етілуде, деді Мемлекеттік хатшы. Отырыс барысында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Премьер-Министрінің орын­ба­сары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешевтің, Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың комис­сия­ның өткен отырыстарындағы хаттама­лық тапсырмаларды орындау барысы жөніндегі есептері тыңдалды. Комиссияның қорытынды отырысы­ның нәтижесі бойынша мемлекеттік ор­гандарға 2012 жылғы наурызда Сеул қа­ла­сында өтетін Ядролық қауіпсіздік жө­нін­дегі жа­һандық саммитке Қазақ­стан­ның лайықты қатысуы үшін дайындық ша­раларына және жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режімін одан әрі ны­ғайтуға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.