• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

№14 сын-қатер

354 рет
көрсетілді

Шет елдерде тұрақты тұруға тұрғындардың жаппай ағыны, кері миграциялық баланс

Қоғамда «миграция мәселесі» де ерекше тұр. Бұл проблема бүгінгі және тіпті кешегі күндікі ғана емес. Егер миграциялық үдерістерді тұтастай алып қарайтын болсақ, онда 1960-шы жылдардың аяғынан бастап, республикадан кеткен тұрғындар санының ырғақты түрде өсіп отырғанын көреміз. Ал оның шарықтау шегі 1994 жылға сәйкес келді. Осы жылы миграциялық ағынның төмендеу үрдісі де анық байқала бастады.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай өткен салтанатты

жиналыста сөйлеген сөзінен.

Алматы қаласы, 1995 жылғы 16 желтоқсан

Сондықтан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, миграциялық үдерістерді реттеу мәселелері мемлекеттік сая­саттың аса маңызды бағыт­тарының бірі болды. Эми­грацияның шарықтау шегі елден жарты миллиондай адам сыртқа кеткен 1994 жылдың үлесіне тиеді. 1995 жыл мен 2003 жыл аралығында елден 1 млн. 209 мың 814 адам көшіп үлгерді. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, эмиграцияның негізгі себептері экономи­ка­лық дағдарыс, ұлттық-мем­ле­кеттік саясат және этномәдени факторлар болды. Тұрғын­дар­ды аса көп жоғалтқан өңір со­л­түстік болды – өйткені, мұнда негізінен тың игеруге Ресейден, Украина мен Белоруссиядан келгендер тұратын. 1991 жылдан бастап тұрғындар саны туудың азаюы, туғаннан кейінгі күтілетін өмір сүру ұзақтығының, әсіресе, ер кісілер арасында қысқаруы мен эмиграция салдарынан тұрақ­ты түрде төмендеп отырды. Кеңес Одағының ыды­­­рауымен барлық одақ­тас республикалар еге­мендіктерін ал­ды, КСРО-ның кезінде бір­тұ­тастығымен ерек­шеленген өндіріс­тік ке­шеннің шаруа­ш­ылық бай­ланыстары үзіліп қал­­са, бұл тұрғын­дар­ды сти­хиялық мигра­ция­лық қоз­ғалысқа итер­­меледі. Ер­теңгі күнге деген сенімсіздік, әлеуметтік тұ­рақ­сыз­дық, эконо­мика­лық дағ­­да­рыс пен бұлың­ғыр саяси перспективалар адам­дарды өмір үшін ыңғай­лы жағ­дай­лар іздеуге мәж­бүр етті. Осының сал­дарынан 90-шы жылдары Қазақ­станнан жаңа мем­ле­кет­тің болашағына сен­­бегендердің жаппай кетуі етек алды. Қазақстан Республикасының миграциялық сая­сатында этностық миграцияны реттеу негізгі орын­дардың бірін алады. 1993 жылдан бастап, этностық мигранттардың көші-қоны Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген эмигра­ция­лық квотамен реттеліп келеді. Оралмандар имми­гра­ция­сы­ның квотасы 2000-2001 жылдары жылына 500-600 отбасын, 2005-2008 жылдары – 15 мың от­басын құ­ра­са, 2009-2011 жылдары оралмандар им­ми­грациясының квотасы жылына 20 мың отбасына дейін көбейтілді. Тәуелсіздігіне қол жеткізген сәттен бастап, Қазақстанға барлығы 221,9 мың оралмандар отбасы немесе 858,1 мың адам көшіп келді. Барлық қоныс аударғандар Қазақстан Республикасының заң­намасында көрсетіл­ген деңгейде мемлекеттік көмек алды. Көші-қон үде­рістерін оңтайландыру мақсатында Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасына сәйкес «Нұрлы көш» бағдар­ла­масы қабылданып, жүзеге асырылып келеді. 1999 жылдан бергі санақаралық кезеңде ел хал­қы 1 млн. 22,9 мың адамға көбейсе, өсімнің басым бөлігі оралмандардың есебінен қамтамасыз етілді. Елімізде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясат нәтижесінде, яғни жаңа жұмыс орындарының құрылуына, өмір сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың арқасында республикадан кететіндер ағынының алдын алуға мүмкіндік туды. Тиімді мемлекеттік сая­саттың нәтижесінде 2004 жылы тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет миграция­ның оң сальдосына қол жет­кізілсе, бұл үдеріс келесі жылдары да сақталды. Соңғы үш жыл бедерінде де шет елдерге тұрақты тұ­ру­ға кеткендердің қысқару үрдісі сақталып отыр