• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Тіл өрісін кеңейту жолында

349 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың қолдауымен «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» – Мемлекеттік тіл күні шаралары аясында семинар-тренинг пен мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық әдістемелері көрмесін өткізді. Белгілі түрколог И.Бенцинг «Ғы­лы­ми, әдеби, тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда, қазақ тілі түркі тілдерінің іш­індегі өте әсемі, өте бай тілдің бірі» деген қазақ тіліне Кеңестер Одағы тұсында кәдімгідей қатер төнген еді. Тәуелсіздік таңымен бірге тіліміздің де еңсесі кө­те­рілсе деп үміт оты оянған халық айна­ла­сына қарағанда, қазақ тілінде сөйлеу­ші­лер санының тым мардымсыз екенін көрген-тін. Шүкір, азаттықпен бірге «Тіл туралы» Заң қабылданып, ел ішінде қа­зақ мектептерінің саны көбейді, тіл бі­ле­тіндердің де саны арта түскендей. Бірақ, тіл жанашырларының жаны тыншитын емес. Мемлекеттік мінберден «Қазақ қа­зақпен қазақша сөйлессін» деп айтылса да, тегін тіл үйрету курстары жұмыс істеп жатса да жағдай түбірімен өзгеруден алыс жатыр. Бұл – қанша жасырғың келгенмен, жабуға келмейтін шындық. ҚХА ұйымдастырған семинар-линг­вистикалық тренингте мемлекеттік тілдің қазіргі жай-күйі әңгімеленумен бірге, жиналғандар сөзден іске көшудің ауадай қажеттігіне тоқталған. Сол себептен ша­раны өткізушілер Қазақстан өңірлерін­де­гі оқытушыларды, лингвистикалық орта­лық басшыларын, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қызметкерлерін, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен журналистерге арналған қазақ тілін оқыту саласындағы жаңа әзірлемелерді таныстыруды мақсат етіпті. Арнайы көрме даярланып, тың әдіс­темелік құралдар, оқулықтар, тіл­ашарлар мен сөздіктерді жиып тіл ұстар­там деген жанға өріс бар екенін көрсетті. Осыған дейін мемлекеттік тіл мәсе­лесінде көбірек сыналатын Солтүстік Қа­зақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыста­рын­да арнайы семинарлар өткізіп, оларда шет елдердің тілдерді оқыту әдістемелері көрсетіліп, мықты-мықты мамандар ша­қыр­ған ұйымдастырушылар бұл жолы Мәскеу шет ел тілдері институтынан – психолингвист, отыз тілді кәсіби мең­гер­ген әлемге белгілі аудармашы-синхрон­шы, тілдерді тез үйретудің бірегей әдіс­темелерінің авторы Дмитрий Петровты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен қазақ тілін оқыту бағдар­ла­маларын әзірлеуші, Америкада қазақ тілін үйренушілерге сабақ берген ғылым докторы Әлия Құрышжанованы, мемлекеттік тілді оқытуды тездету әдістеме­сі­нің авторы, «Парасат және Діл» қоғам­дық бірлестігінің директоры Құралай Мұтанованы шақырыпты. Семинарды ұйымдастыру Қазақстан халқы Ассамблеясының Мемлекет бас­шы­сының Ассамблея сессияларында берген тапсырмасы аясында мемлекеттік тіл­ді үйретуге жағдай жасау және қолдау бағытында атқарып жатқан ауқымды жұ­мыстарының бір бөлігі ғана. Аталған стратегиялық міндетті шешу үшін ҚХА қамқорлығы аясында бірнеше қоғамдық қорлар құрылыпты. Атап айтқанда, «Тіл­дарын» тілдерді тездетіп оқытудың инно­ва­циялық әдістемелері түзіліп, Ал­ма­тыда ҚХА корпоративтік қоры жанын­дағы «Лин­гва» тіл үйрету орталықтары ашыл­ға­н. Олардың міндеті талдау, сарап­та­ма­лық бағалау, қолданыстағы және жа­ңадан әзірленген оқыту бағдарламалары, әдіс­те­мелері мен тіл оқыту құралдарына консалтинг жүргізумен қатар, халық­аралық, рес­публикалық, аймақтық әдістемелік семинарлар өткізіп, біліктілікті арттыру курс­та­рын, конференциялар, тілдерді оқы­ту мен оларды әзірлеу форумдарын өткізіп тұру екен. Бүгінгі шара да соның бір парасы. «Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік консорциумы» қоғамдық қо­ры орыс тілді азаматтарға мемлекеттік тіл­ді оқытудың арнайы бағдарламасын жа­сапты. Ол Оңтүстік Кореяның LG фир­­масы әзірлеген IT технология негізінде жасалған жаңа құрал көрінеді. Бұл құрал семинарға қатысушыларға таратылды. Бір айта кетерлігі – семинарда тек өз еліміздегі тіл үйрету технологиялары ға­на емес, шет елдердегі тіл үйрету үде­ріс­тері, олардың табыстары қамтылды. Яғ­ни, өз­ге­лердің озық тәжірибелерін өзіміз­де жү­зе­ге асырудың жолдары кеңінен көрсе­тілді. Семинарға қатысушылар тіл өрісі кеңейе түссе деген тілекпен тарасты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Астана.