• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздік құрдасының қуанышы

403 рет
көрсетілді

Осыдан 20 жыл бұрын Алма­ты облысы, Қарасай ауданындағы 40 мектептің біреуі ғана қазақ мек­тебі еді. Осы мектепті Елба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаев бітіріп шыққан болатын. Бұл білім ұясының тарихына халқымыз Елбасымыздың өмір өткелдері арқылы жақсы қанық. Сол кезде Қаскелең қаласы­ның іргесіне тиіп тұрған Алма­лыбақ пен Жалпақсай ауылының жұртшылығына қазақ мектебі ауадай қажет болды. Бұған жұды­рық­тай жұмылып, ауыл адамд­а­рының бір ауыздан бастарын қосқан көздері ашық, көкіректері ояу адамдар да табылды. Олар ти­істі жерлерге орынды ұсыныс­та­рымен шығып, қалың бұқара­ның көкейкесті мәселесін көтере беруден көңілдері жасыған жоқ. Келер күндерден үміттері мен күдерлерін үзбеді. «Көп тілеуі – көл» деген емес пе. Тәуелсіздігіміздің арайлы та­ңы атқанда алмалыбақтықтардың да арманы жүзеге асады. Жаңа қазақ мектебінің ашылуы Тәуел­сіздікпен тұспа-тұс орайласты. Оған әлем таныған ғұлама Әбу­насыр әл-Фарабидің атымен ат­ау­ға ғалым, биология ғылымда­ры­ның докторы Әйіп Ысқақов ұсы­ныс жасады. Солай болды да. Сол 1991 жылы мектеп та­бал­дырығын 339 оқушы аттады. Са­наулы ғана ұстаздар тобы болды. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын толығып, материалдық-техника­лық жағдайы да жақсара бас­та­ды. Шын мәніндегі сапалы білім ордасына айналды. Ұлттық инте­лек­туалдық ерекшеліктері де аудан, облыс емес, республика на­зарын аударып үлгерді. Оған мына жетістіктері нақты дәлел боларлық. Мектеп көп уақыт өтпей-ақ арнаулы орта мектеп мәртебесін алды. Ал төрт жылдан кейін көп салалы мектеп-гимназия, одан соң дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын гимназия мәрте­бе­сін иеленді. Қазір мұнда 861 оқушы, 37 сынып комплектісі бар. Мұндағы мұғалімдердің біліктілігі де жоғары. Гимназия­да­ғы 121 ұстаздың 2-і Ы.Алтын­са­рин атындағы төсбелгінің, 8-і Қазақстан Республикасының Білім үздігі, 45-і жоғары және 1 санаттың иегерлері. Гимназияда ғылым докторлары мен кандидаттар да баршылық. Білім беру­дің жаңа технологиясын еркін меңгерген ұйымшыл ұжым бәсе­келестікке қабілеттіліктерін көр­се­туде үлкен бедел мен абыройға бөленіп жүр. Қазір аталған гимназия республикамыздағы 33 гим­назияның көш бастау­шы­ла­ры­ның қатарында ауызға алынып келеді. Өткен күні құрылымдық мерекесі Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығымен қатар келген гимназия ұжымы мен оқушылары бұл мерекелерін есте қаларлықтай сал­та­натты жағдайда атап өтті. Жан-жақтан шақырылған қонақтар да көп болды. Гимназияның бұрын бітіріп кеткен түлектері де шет қалмаған. Салтанатты осы бас­қосуда гимназия директоры На­ғи­ма Сағатқызы жеткен жетістіктерін бастан-аяқ ағынан жарыла баяндап берді. Сондай-ақ, Алма­ты облыстық, аудандық білім бас­қармалары мен облыстық білім жетілдіру институты, Қазақ­тың өсімдік және егіншілік ғы­лы­ми-зерттеу орталығы, аудан­дық әкімдік пен ауыл тұрғын­да­ры және бітіріп кеткен түлектері атынан сөйлеген адамдар атағы мен абыройы алысқа кеткен гим­назияның кемел кезеңге қадам жа­сап бара жатқанын ыстық ықы­ластарымен атап өтті. Осы білім ордасына елеулі еңбек сі­ңірген ардагер-ұстаздар Меруерт Саргелекова, Раушан Дәуітқұ­ло­ва, Клара Алдабергенова, Гүл­бар­шын Дәулетбаева, Нағима Са­ғатова, Алдоңғар Егеубаев, тағы басқа көптеген ұстаздардың жас ұрпаққа берген ұлағаты лайықты бағасын алды. Гимназия ұжымының 20 жыл­дығы осылайша Тәуелсіздік мерекесімен бірге кеңінен аталып өтті. Жиналған жұртшылық гим­на­зияның сан алуан көркем­өнер­паздар үйірмелерінің өнерлерін тамашалады. Тәуелсіздік құрда­сы­ның салтанатты қуанышы қай­таланбас ерекшелігімен елдің есінде қалды.

Қанат ТӘКЕБАЕВ, журналист.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы. Суретте: мерекелі сәттен көріністер.