• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2011

Мерекелік марапат

509 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігінде туризм және спорт салаларының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар мен мерейтойлық медальдарды салтанатты табыстау рәсімі болып өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғын мерекелеуге орай өткен ке­ңей­тілген жиынға Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев төрағалық етті. Өзінің құттықтау сөзінде министр туризм және спорт салала­рының барлық өкілдерін еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтады және еліміздің оң жетістіктерін айта келе, оған туризм және спорт саласы қызметкерлерінің қосқан үлесін атап өтті. Салтанатты жиында Т. Ермегия­ев мемлекеттік наградалар мен ме­рей­­тойлық медальдарды табыс етті. «Құрмет» орденімен спорт саласының бес өкілі марапат­тал­ды, оның ішінде 10 жылда әлем­нің 8000 метрден биік шыңда­ры­на 14 рет шығып үлгерген қазақ­стандық альпинист, Қазақстан Республикасының альпинизмнен спорт шебері, елімізде альпинизм бойынша өткен біріншіліктердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, 2010 жылдың қоры­тын­дысы бойынша Қазақстанның жоғары санатты қазіргі чемпио­ны, ТМД альпинизмінің ашық чем­пионатының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері Мақ­сұт Жұмаев бар. Бес адам «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, оның ішінде халықаралық гроссмейс­тер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Асанов, министрліктің Спорт істері жөніндегі комитетін­ің «Ұлт­тық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК шорт-тректен бас жаттықты­­ру­­­шы­­­сы Мәдіғали Қарсыбеков болса, «Қазақстанның еңбек сі­­ңір­ген қайраткері» құрметті атағы «Қа­жы­мұқан Мұңайтпасұлы ат­­ын­дағы Спортта дарынды бала­­­­ларға арналған республикалық мек­теп-интернат» ММ директоры Серік Түкеевке табысталды. Бүгінде республикалық мә­дени орталықтың басында отыр­ғандар – іскер адамдар. Шелектегі қазақ-ұйғыр мектебіне ұй­ғыр мәдениет орталығынан 500 мың теңге жәрдемпұл бөлінді. Бұдан басқа Панфилов, Еңбек­шіқазақ, Ұйғыр аудандарын­дағы, Алматы қаласындағы бірнеше ұйғыр мектебіне қолынан келгенше көмектесті. Мәселен, Панфилов ауданы 80 жылдығын атап өткенде мәдениет орталығы ардагерлерге арнап 2-3 көлік сыйлады. Олар қандай да бір шара болса, жұмылған жұды­рықша кірісіп кетеді. Сондай-ақ ұйғыр жастарын грант есебінен жоғары оқу орнына түсіру жағына да көңіл бөлуде. Мәдени бірлестіктер бұл істі атқаруда жергілікті атқарушы билік өкіл­дерімен, «Қазақ тілі» қоғамымен тығыз байланыс орнатып, тіл табысып келеді. Демек, мынау қазақтың, мынау ұйғырдың мәселесі деген әңгіме жоқ. Бұл шаруалар бәрімізге ортақ. Тағы бір айта кететін жәйт, Ассамблея басшылары Қазақ­станда тұратын әрбір ұлт өкіл­дерімен тұрақты түрде жиі кездесулер өткізеді. Мысалы, ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы қаласы мен осы облыстың Ұйғыр және Панфилов аудандарындағы ұй­ғыр ұлтының өкілдерімен бір жылда бірнеше кездесу өткізді. Қазақ пен ұйғыр зиялылары қатысқан сондай бір басқосуда өткір мәселелер төңірегінде әң­гіме қозғап, кейбір адамдарды мазалаған мәселелерге тұщымды жауап берді. Ал біздің 1957 жылдан бері үздіксіз шығып келе жатқан «Уйғыр авази» газеті ҚХА-ның негізі қаланған күннен бастап оның тыныс-тіршілігін, атқарған жұмыстарын жүйелі түрде жариялап келеді. Газетіміздің бетінде Ассамблеяның қол жеткізген та­быс-тары мен қызметіне ар­налған мақалалар көп. Мұнда барлық этномәдени бірлес­тіктердің ты­ныс-тіршілігі қамтылады. Жоғарыда қазақ пен ұйғырдың тату-тәтті тұратын егіз халық екенін айтқан едім. Соған дәлел ретінде мына бір дүниелерді тілге тиек етуді жөн санап отырмын. Өзім қазақтілді ақын-жазу­шылармен, журналистермен өте жақын доспын. Өмірден озған Камал Смайылов, Қалтай Мұхамед­жанов, Тұманбай Молдағалиев сияқ­ты ағалармен, құрдасым Бақ­қожа Мұқаимен сыйлас болға­нымды мақтан тұтамын. Сол кісілерден көп нәрсені үйрендім. Кеше Қазақстанның халық жазу­шысы, ақын Тұманбай Молда­ғалиев ағамыз өмірден өткенде көңілім қатты құлазыды. Тұме­кеңді ақтық сапарға шығарып салған күні газетімізге үлкен материал жаздым. Тіпті, ағалы-інілі болып кеткендіктен бе, ердің жасы – елуге келгенімде Тұман­бай ағам маған әзіл-шыны аралас өлең арнаған болатын. Оның бір шумағында:

Бұл өзі биік ұйғыр, аспан ұйғыр,

Үйренген тәрбиеге жастан ұйғыр.

Шерлерін Тұманбайдың сұратпай-ақ

Жыл сайын газетіне басқан ұйғыр...

– деп келетін жері бар. Міне, Тұманбай ағамен рухани жақын­дастырған сол күндер мен үшін мәңгі естелік іспеттес. Мұндай достық қарым-қаты­нас Зия Сәмиди мен Сәбит Мұ­қановтың арасында да болған. Сәбит Мұқановтың «Қашқар қы­зы» пьесасының ұйғыр театрында ұйғыр тіліне аударылып сахнала­нуына Зия Сәмиди көп еңбек сіңірген екен. Сондай-ақ композиторлар Құддыс Қожамияров пен Еркеғали Рахмадиев, академиктер Хожахмет Садуақасов пен Әб­дуәли Қайдардың, жазушылар Хизмет Абдуллин мен Қуандық Шаңғытбаев, Шайым Шаваев пен Бақытжан Момышұлының адал достықты бағалай білген жандар екенін білеміз. Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығын тойлау үстінде. Бұл – қазақ халқының ғана емес, Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлт өкіл­дерінің асыға күткен мейрамы. Тәуелсіздік – әрбір азаматтың кеудесіне патриоттық рух беріп, Отанды, елді, жерді сүюге ерекше күш-қуат беретін тәтті ұғым. Біз бұл айтулы күнді өз деңгейінде мазмұнды әрі мағыналы түрде атап өтуіміз керек. Осы леппен алда келе жатқан Парламент сай­лауына да бір кісідей атса­лыссақ деймін. Елбасының өзі: «Демо­кратиялық қоғамда Парламент кемінде екі партиялы болуы тиіс», деген болатын. Сондықтан да Тәуелсіздіктің айшықтарын ажар­ландыра түсеміз десек, бәріміз демократиялық сайлаудың ойда­ғы­дай өтуіне өз үлесімізді қосайық. Дастан КЕНЖАЛИН. Алматы.