• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Шілде, 2018

Лебіздер легі

459 рет
көрсетілді

Мартине РИВАСИ-ОФФАНТ, суретші (Франция):

– Астана – жаңа қала. Бұл мемлекет үшін жақсы, ал суретшіге пейзаж керек. Сондықтан да болар, басында Астанаға сапарым қалай болады екен деп уайымдадым. Бірақ қала маңындағы әдемі көріністерді көргеннен кейін жақсы көріп кеттім. Астанада мен гармонияны сезіндім. Жазық далада бой көтерген ерекше қала. Әсіресе қыс мезгілінде өте сұлу. Ал сол жағалауда заман­ауи стильдің куәсі болсаң, оң жаға­лауда ескі қаланың көрінісі ашы­лады. Бұл сабақтастықты сурет­ші ретінде ерекше жылы қабылдадым. 

Николя РУЧТИ, қоғаммен байланыс маманы (Швейцария): 

– Мен бұрыннан Азия мем­лекеттерін жақсы көремін. Бір­неше жыл Қытайда тұрдым. Кейін Қазақстанға баруға мүм­кін­дік туды. Шынымды айтсам, посткеңестік елдердің бірі болған­дықтан, сол заманның архитек­турасын көретін шығармын деген күдік басым болды. Бірақ Аста­наға келгенде, қаланың сұлу­лығына ерекше тамсандым. 

 «Tour de France»-қа жиі қатысатын «Астана» велокомандасын біздің елімізде көп адам біледі. «Астана» велокоманданың атауы ретінде ғана қабылданады. Бірақ өз көзіммен көрген соң, мен енді қала туралы көп айтатын боламын. 

Синан УДИЛ,  менеджер (Анкара):

– Астанамен таныстығым бірнеше жыл бұрын ғана болды. ТМД елдерінің ішінде ең ұнағаны, жүрегіме жақыны осы шаһар екенін түсіндім. Астанаға келген бетте адамдардың білімділігін көріп, таңғалдым. Одан кейін қаланың бір-біріне ұқсамайтын, архитектурасы ерекше ғимараттары тамсандырды. «Хан Шатыр» кешенінің өзі қайталанбас архитектура екені, әлемде оған ұқсас ғимараттардың жоқ екені елорданың ерекшелігін көрсетсе керек. 

Габриэль МАКГУАЙР (АҚШ):

– Мен Орталық Азияның мәдениеті мен әдебиетіне қызығып, Қазақстанға қазақ тілін үйрену үшін бардым. Алдымен Оңтүстік Қазақстанда тұрдым. АҚШ-қа кетпес бұрын Астанада жұмыс істеу туралы ойлана бас­тадым. 2007 жылы Астанаға қы­дырып келдім. Қалада биік ғима­раттар көп, көшеде адам аз болғаны маған таңсық көрінді, тіпті ғылыми фантастика секілді болды. Қазір қала өзгерген. Мені ең бі­рінші таңғалдырғаны – 20-дан асқан, жұмысы, тұрақты табы­сы бар адамдардың ата-анасы­мен тұруы болды. Бізде ата-анаңды тек демалыс күндері көруге барып қайтатындықтан, бұл дәстүр ерек­ше әсер етті, әрі бірден құр­мет­теуге лайық үрдіс екен деп ойладым. Себебі бұл туыстық қарым-қатынастың беріктігін көрсетеді.