Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 1167 ұпай жинап, ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді.
Қазір Қазақстан құрамасы 116 орында тұр. Маусым айының басында Станимир Стоилов командасы Әзербайжан құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
6 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасында алғашқы ойынын өткізеді. Қарсылас - Грузия құрамасы. Ойын «Астана Арена» стадионында 20:00-де басталады.
КФФ