• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2011

Жоспарлы тексеруден өтті

282 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ауруханасы» РМК-да болып, жоспарлы профилактикалық медициналық тексеруден өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Іс басқармасының ау­руханасы орталық мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік қызметшілеріне медициналық тексеру жүргізуге арналған. Мемлекет басшысы меди­ци­на­лық орталық үздік батыстық үл­гіден кем түспейтін ең заманауи медициналық жабдық­тар­мен жабдықталғанын атап өтті. – Бүгін мен Президент Іс басқармасының орталық емха­на­сында менің денсаулығымды бақылайтын жыл сайынғы тексеруден өттім. Біздің барлық мемлекеттік қызметшілерге, әсіресе, басшы қызметкерлерге осында қаралуға кеңес беремін. Ел бас­шылығы, министрлер, әкімдер осындай профилактикалық тексеруден жыл сайын өтуі керек. Бұл денсаулық үшін, ерте диагностика үшін пайдалы. Қаралу үшін әркез шет елге барудың, көп қар­жы жұмсаудың қажеті жоқ. Астанада барлық қажетті жабдық­тар­мен жабдықталған ірі медици­на­лық орталықтар бар. Мен барлығына осында, Қазақстанда тексеруден өтуді және емделуді ұсынамын, – деді Президент. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының бас­тығы Валерий Бенберин мәлім­де­гендей, Мемлекет басшысы кешенді профилактикалық медици­на­лық тексеру барысында барлық органдар мен организм жүйесі толық клиникалық және инстру­менталдық тексеруден өтті. Президенттің денсаулық жағ­дайы­ның негізгі индикаторы қа­лыпты күйіндегі шегінде – арте­риялық қан қысымы 120/75 мм.рт.ст., холестерин, қан глюкозасы, креатин, гормон статусы және т.б. көрсеткіштері өте жақсы. Мамандар жүрек-қан тамырлары тәуекелінің төмендігін атап өтті. Мамандардың қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы өте жақсы және физикалық формада екенін атап өтті.