• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2011

«Қайнардың» аккумуляторлары

492 рет
көрсетілді

ШЕТЕЛДІК ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТУДЫРЫП ОТЫР

  Қазіргі кезде қай калаға бар­маңыз автокөлік легінен туын­даған кептеліске тап бол­асыз. Қарап тұрсаң, көліктің түр-түрі бар. Ал осы жүрдек көліктердің бәріне аккумулятор қажеттігі басы ашық әңгіме. Осы сәтте Талдықорған қала­сын­дағы қорғасынды-қыш­қыл­ды аккумуляторлар өндіретін зауыт еске түседі. Ав­токөліктерге көбіне осы зауыттың өнімін пайдаланатынын ескерсек, ұжым еңбегі әрине атап өтуге тұрарлық. Кәсіпорын алғашқы аккумулятор «СТ-75 ЭМ» батареясын өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап шығара бастапты. Содан бергі кезеңде аталған батареялардың көп­те­ген сериялық шығарылымы тұ­тынушыға жол тартып, олардың қажетіне жараған. Десек те олар онымен шектелмепті. Тәуелсіздік алған жыл­дар­дан бергі кезеңде зауыт ұжы­мына қиындық пен қалыптасу, даму сатыларын бастарынан өт­кі­зуіне тура келді. Компанияда 1998 жылы аккумуляторлық және қорғасындық сынықтарды электрлі-термикалық пеште қай­та өңдеу желісімен жылына үш мың тоннаға жуық қорғасын өндіретін желі арқылы қор­ға­сын­ды-сурьямды қорытпа алуға қол жеткізген. Және екі жылдан кейін қуаты 6 мың тонна қор­ға­сын­ға жететін қайта балқыту кор­пу­сының екінші кезеңі іске қосы­лып, қуаттылығы 3,5 мВт. бола­тын екі бірдей гидро­элек­трстанса табысқа жол ашқанын көреміз. Зауыт кездескен қиын­дық­тарға қарамастан ауқымды қай­та жаңғырту нәтижесінде Дос­тастық мемлекеттері кеңісті­гін­де дамыған кәсіпорындар қа­та­рынан көрінуіне мүмкіндік ал­ды. Қазіргі кезде кәсіпорын ак­ку­муляторлық батареялар өнді­рісінде халықаралық стандарттар­ға сай «BM Battery» (Австрия), «МАС» (АҚШ), «DI­GAT­RON», «KUSTAN», «CMW» (Германия), «SAN-HUAN», «HAI­TIAN» (KHP), «SOVE­MA» (Италия) компанияларын ең озық үлгідегі жаб­дық­та­ры­мен қамтып отыр. Мұндағы «ВАRS» аккумуляторының кепілдік мерзімі екі жыл. Басқа өнімдерге де кепілдік берілген және пайдалану мерзімі ұзақ­ты­ғымен өлшенеді. Мемлекет тарапынан жасал­ған қолдау және зауыт басшы­лы­ғы­ның ізденістері арқасында «Қай­нар» серіктестігі үлкен сұранысқа ие жаңа өнім түрлерін шығаруды жолға қойған. Бүгінде ТМД-ны айтпағанда, алыс шетелдерге де аккумулятор жөнелтуге қол жеткізілген. Мемлекеттік үде­мелі ин­дустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасы ая­сында зауыт ай­мақтық индус­трия­ландыру карта­сы­мен акку­му­лятордың ең соңғы, тұтынушы талабына толық жауап беретін жаңа түрлерін шығаруды жал­ғас­ты­рып келеді. Және «Биз­нестің жол картасы-2020» бағдар­ла­ма­сымен «Даму» қоры арқылы же­ңілдетілген несиелік қолдауға да ие болып, өз жұмыстарын жаңа бағытта жүйелеуге мүмкіндік ал­ған. Бүгінгі күні зауытты кәсіби тәжірибелі маман Ербол Әж­ма­ғамбетов басқарады. Еліміздің аймақтарындағы зауыт фи­ли­ал­да­ры өнім өткізумен айналысса, өткен жылдары 300 мың тұ­тынушы «Қайнар АКБ» серіктестігі шығарған аккумуляторларды таңдапты. Ал Мәскеуден бастап, Екатеринбург, Челябі, Новосібір, Дондағы Ростов, Набере­жные Челны, Курск, Санкт-Петербург калаларында және басқа елдердегі өкілдіктері тұ­тынушы талға­мын зерттеумен қатар, өнімнің бәсекеге қабі­леттілігін арттыру арқылы қа­лып­ты саудаға шығару үшін жұмыс істеуде. «Қайнар АКБ» серіктестігі аты алысқа кеткен «КамАЗ», «УралАЗ», «МАЗ» және «Бел­АЗ» тәрізді іргелі кәсіп­орын­дар­дың кө­лік құрастыру желілеріне ар­налған ерекше акку­му­лятор­лар­дың басты жеткізушісі болып отыр. «Қайнардың» ак­куму­ля­тор­лары ВАЗ, БелАЗ, МАЗ, КамАЗ, ЗИЛ, УралАЗ, КрАЗ, ГАЗ сынды автомобиль өндірісіне, шетел­дерде шыға­ры­латын TOYOTA, HONDA, MAZDA, FIAT, OPEL, VoІks­Wagen, MAN, Volvo, Scania сын­ды ауыр жүк автокө­лік­те­рінің жүрісін жақсартатын өнім ретінде пайдаланылатынын қуа­нышпен атап өткен орынды. Қазіргі кезде зауыт «Ресей Жинақ банкі» акционерлік қо­ғамымен өзара ынтымақтастық ке­лісіммен жұмыс жасауда. Нә­тижесінде «Ресей Жинақ бан­кі» акционерлік қоғамының Қазақ­стандағы еншілес банкі зауытқа 2015 жылға дейінгі мерзімге 2.281 миллион теңгеге несиелік желі ашыпты. Бұл банктің еліміздегі алғашқы аса ірі жобасы. Инвестиция зауыт­тың өндірістік бағдарламасын орындау мен өн­дірісті жаңа технологиялармен жарақтандыруға жұмсалып, та­быс­тарын еселеуге мүмкіндік береді деп жос­парланған. Мәселен, несиелік қаржыға аккумуляторлар өндірісінің жаңа желісін іске қосуға қажетті жаб­дықтар алынбақшы. Демек, өнді­рістің дамуында шек жоқ. «Бизнестің жол карта­сы-­ 2020» бағдарламасының «кә­сіп­керлердің валюталық тәуе­ке­лін төмендету» бағытымен биыл­ғы өткен мерзімде жалпы сомасы 39,1 млрд. теңгеге мақұлданған 50 жобаның қатарынан тал­ды­қор­ғандықтардың көрінуі – қуа­ныш­ты жәйт. Аталған бағдар­ла­маның үшінші бағыты бой­ын­ша қаржыландыруға ие болған кә­сіпорын өндірісін қайта жаң­ғыр­туға қарастырылған несие көлемі 1,8 млрд. теңгені құрап отыр. Зауыт өнімдерін сыртқа жө­нелту және өркендету нәти­же­сінде мемлекеттік қолдауға ие кәсіпорындар тізімінде қайнар­лық­тардың бар екені сапалық көр­сеткішті нақтылай түседі. Осылайша кәсіпорын шығарған батареялардың көпшілігі экс­портқа бейімделгендігімен ерек­шеленеді. Сондай-ақ, оның көлемін арттыру мен тараты­луын кеңейту мәселесі де ұтымды ойластырылуда. Кәсіпорындағы аталған өнім­­нің артықшылығы, қорға­сыннан құйылатын оң және теріс қуат жинақтағыш телім­ше­лердің керу әдісімен жасала­тын­дығында. Және жаңа техноло­гияның құпия­сы да осы – жұмыс істеу және сақтау мер­зімінің ұзақтығы. Көп тұр­ғанымен күшін жоймайды. Қыс айларында жүргізушілер жиі айтатын мезгілсіз «отырып қалу» болмайтындығы. Мерзімі біткенше қуаты сақталады, ірімейді. Қатты шайқалыстарға төзімді әрі электр өрісі кең. Зауыт өнімі алдағы уақытта сауда айналымындағы шетелдік батареяларды ығыстырып жатса, таңдануға болмайды. Өйт­кені, мұндағы ізденіс, кәсіби шеберлік ауқымы кең. Елімізде бұрын кездеспеген «индустриялы стационарлы» аккумулятор түрін шығаруды да зауыт осылайша жолға қойды. Бұл теміржол мен телекоммуникация, энергетика мен мұнай өндірісі саласында қолданы­ла­тын қуаты күшті батареялар. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетіп, үнемі электр қуаты мен жарықты қажет ететін аурухана, әуежай, азық-түлік қой­ма­лары мен сауда орындарында, қорға­ныс саласында кеңінен пай­да­ла­ну­ға болатындығы зауыт ұжы­мы­ның алдағы күндерге деген сенімін нығайта түскен. Демек, жаңа жұмыс орны ашы­лып, кәсіпорын келешегі кемел деуге сенім мол. Бұл тәуелсіздік әкелген жақ­сы­лықтар екендігін қайнарлықтар мақтанышпен ай­тады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.