• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2011

24 сағат

281 рет
көрсетілді

Ресейдің Кемеров облыс­тық халық депутаттарының кеңесі «Кемеров облысының губер­на­торы Амангелді Мол­да­ғазыұлы Төлеевке «Халық губернаторы» құрметті ата­ғын беру туралы» шешім қа­былдады.

Филиппиндегі «Уоши» тай­фунынан қаза тапқандар саны 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша 1,5 мың адамға жетті. Аса көп опат болғандар Мин­данао аралының солтүстік бөлігінде орналасқан Кагаян-де-Оро және Илиган қала­ла­ры­ның үлесіне тиіп отыр.

Солтүстік Кореяны 17 жыл басқарып, 17 желтоқ­сан­да көз жұмған 69 жастағы Ким Чен Ир бүгін жерленетін болады. Оның мәйіті соңғы 10 күн бойы әкесі Ким Ир Сен жат­қан мавзолейге қой­ыл­ған еді.

9 айдан бері билік пен оппозиция арасында кикілжің орын алып келе жатқан Си­рия­ға алғаш рет Араб мемлекет­те­рінің лигасынан байқаушылар келді. Аталған уақыт аралы­ғында екі жақты текетірес сал­дарынан 5 мыңнан астам адам көз жұмыпты.

22 желтоқсанда Ирак ас­танасы – Бағдад қаласында 14 мәрте жарылыс жасалып, со­лар­дың салдарынан 70-ке жу­ық адам қаза тапқаны ту­ралы бұған дейін хабарлаған бола­тын­быз. Лаңкестікке жауапкершілікті кеше «Әл-Каида» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.

Ұлыбританияның халық­ара­лық даму министрі Эндрю Митчелл әлем болашақ катаклизмдер мен апаттарға дайын емес екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, бай елдер төтенше жағдайларды жою жөніндегі Орталық қорға жеткілікті кө­лем­де қаржы аудармай келеді.

Кеше Эфиопияда лаң­кес­терге қолдау көрсетті және шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталған екі швед жур­­налисі – репортер Мартин Шиббюэ мен фототілші Йохан Перссон 11 жылға бас бостан­дықтарынан айырыл­ды.

Танылмаған республика – Приднестровьеде өткен президенттік сайлауда парламенттің бұрынғы спикері Евгений Шевчук жеңіске жетті. Приднестровьені 1991 жылдан бері басқарып келген іс басындағы президент Игорь Смирнов же­ңіліс тапты.

«Справедливая Россия» пар­тиясының серкесі Сергей Миронов ОСК-нің шешімімен президенттікке кандидат ретінде тіркелген Ресей үкі­меті­нің басшысы Владимир Путиннен кейінгі екінші адам болды.

Ресейдің Ингушетия авто­но­миясында полицейлер жол жүру ережесін бұзып, тоқтау туралы бұйрықты орында­ма­ған 61 жастағы жүргізушіні атып өлтірген. Оқиғаға бай­ла­нысты қызметтік тексеру жүр­гізілуде.

Англияның астанасы – Лондон қаласындағы Окс­форд-стрит көшесінде орна­лас­қан басты сауда дүкенінің маңында белгісіз біреулер 18 жасар бозбаланы пышақтап өлтіріп кеткен. Күдікті деген 9 адам қамауға алыныпты. Оқиға себебі әзірше белгісіз.

Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде әзірленді.