• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2011

Біз үшін зор адамгершілік бағдар

296 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына қазақстандықтардан өз қуаныштары мен проблемаларын бөліскен, мемлекеттік мерекемен құттықтаған, Ұлт көшбасшысының  Қазақстанды өркендетуге, тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған көрнекті қызметін атап өткен хаттар күн сайын толассыз келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Мұндай мазмұндағы хат жас қазақстандық, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президенті Зияткерлік мектебінің түлегі Бекет Төлегеновтен келді.

«2010 жылдың 21 маусы­мын­да Қазақстан Респуб­ликасы Тұң­ғыш Президенті Зият­керлік мек­те­бінің үздік түлегі ретінде мен Сізбен кездесуге қатысу құр­ме­тіне ие болдым. Әңгімелесу ба­ры­сын­да мен ғарыш инженері болуды армандайтынымды және Қа­зақ­стан әлемдегі ғарыштық державалардың бірі болуы үшін қолымнан келгеннің бә­рін жа­сауға тырысатынымды айттым. Оған жауап ретінде мен Сіздің әкелік батаңызды алып, өз арма­нымның орын­далуын тілеген ыстық ықы­ласыңызға ие бол­дым», – делінген хатта.

Автор мектепте алған білімі мен «Болашақ» бағдарламасы­ның арқасында өзінің АҚШ-тың НАСА, ӘӘК мен ӘТК үшін аэроғарыштық сала мамандарын даярлайтын «Embry-Riddle Aero­nau­tical University» ертеден келе жатқан мамандандырылған аме­рикалық университеттің бірінші курсына түскенін атап өткен.

Б.Төлегенов осы университетте білім алатын алғашқы қазақ­стан­дық ретінде өз Отанын ла­йықты көрсете білуде. Ол студенттерге өзінің елін таныстыру кезінде тәуелсіз Қазақстанның орасан жетістіктері, оның ежелгі та­рихы, елде салтанат құрған дос­тық, бейбітшілік пен келісім­нің қазіргі ахуалы туралы те­реңірек айтып берген.

Бекет Төлегенов Елбасымен алғашқы кездесуінде Ұлт көш­бас­шысы айтқан мына бір сөздер мәңгілік көкейінде сақталып қалғанын жазады: «Президент уақыт тынысын сезінуі тиіс, ал дәл сендердей, жастардай уақыт тынысын ешкім сезіне алмайды». Менің қызметімнің күрделілігі сонда, мен әрқашан да алда жүріп, идеялардың бастамашысы болып және оны жүзеге асыруға тиіспін. Бұл – менің борышым әрі міндетім». Президент Нұр­сұл­тан Назар­баевтың мұндай өмір­лік ұс­танымы жас қазақ­стандықтар үшін зор адамгершілік бағ­дарға айналды.

«Мен өз Отанымды, өз хал­қымды және оның Көшбас­шысын мақтан етемін! Мен қол жеткізген жетістіктер әрбір қазақ­стан­дықтың өз жоспарын іске асы­руына бағытталған мем­лекеттік саясаттың нәти­жесінде мүмкін болды. Ота­нымыз – Қазақстан Рес­публикасының одан әрі өр­кен­деуі үшін барлық қолымнан келгенін жасаймын деп Сізді сендіремін. Мен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президенті Зияткерлік мектебінің барлық түлек­тері және «Бо­лашақ» бағ­дар­ла­масының сти­пендиаттары сияқты өзімді Сіздің командаңыздамын деп санаймын!» делінген Б.Тө­ле­геновтің хатында.