• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2011

Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендіктермен жүздесті

259 рет
көрсетілді

Жаңаөзендегі қайғылы оқи­ға­ға байланысты құрылған  «Са­мұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төрағасы Ө.Шө­кеев бастаған Үкіметтік комиссия кеше Жаңаөзенде жұ­мыс­шы­лар­мен кездесу өткізді. Кездесуде Тө­­тен­ше жағдайлар министрі В.Божко, «ҚазМұнайГаз» ҰК мен «Барлау. Өндіру» АҚ-тың жа­ңа­дан та­ғайындалған басшылары Л.Қиы­нов, А.Айдарбаев, Маң­ғыс­тау облысының әкімі Б.Мұ­ха­мет­жанов және басқа да ресми адамдар қатысты. Басқосуда Тө­тен­ше жағдайлар министрі В.Бож­коның қаладағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысы жайлы хабарламасы тыңдалды. Министр бұл ретте біраз жұмыстар істелгендігін тілге тиек етіп, бүгіндері қаладағы 22 мектептің жаңа жылдан бастап оқушы­лар­ды қабылдауға дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ облыстық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы, ел азаматы Ө.Озғанбаев жетекшілік ететін қоғамдық комиссия да ақпарат берді. Комиссия төрағасы Ө.Шөкеев өз сөзінде Елбасы тапсырмасына орай жұмыстан босап қалған аза­маттардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын реттеу мақсатында Жа­ңаөзенде және Жетібай кентінде екі жаңа өндіріс орны ашыла­тын­дығын, бүгін ол жерлерде еңбек етуге ниет білдіргендерді жұмыс­қа орналастыру жүріп жатқан­ды­ғын айтты. Ол жердегі жұмыс ұнаса құба-құп, ал заң бойынша бұ­рынғы даулы мәселе пайда­ңыз­ға шешіліп бұрынғы еңбек ор­ны­ңызға орналасатын мүмкіндік бол­са, ол өз еріктеріңде болады дегенді білдірді. Бұл жерде ар­наулы комиссия жұмысы жал­ғасу­да екендігін және де сол арқылы мәселе оң шешілетіні де жеткізілді. Үкіметтік комиссия төрағасы өздерінің Елбасы тапсырмасына орай Жаңаөзенде қайғылы оқи­ға­лар кезінде қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандарға тиісті көмек берілетіндігіне тоқтал­ды. Нақты көмектер берілуі үшін оқи­ға сарапталып, зерттеліп барып қорытынды шығатындығын, сөй­тіп қаза болғандардың отбасы­на 1 миллион, ауыр жарақат алған­дарға 500 мың теңге көлемінде көмек берілетіндігін жеткізді. Ол көмек қоғамдық қор есебінен, құжаттар дайын, дәлелді болған жағдайда келесі аптадан бастап берілмекші. Кездесуде қалалық мәслихат депутаттары Үкіметтік комиссия төрағасына қаланы қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүруде екендігі және оған қанша қаражат керектігі жөнінде де ақпарат берді. Сондай-ақ, тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылық мәселесіне қатысты да әңгімелер болды. Жеке азаматтардың өтініштеріне орай комиссия басшысы облыс, қала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Жалпы, қаланы қалпына келтіру жұмыстарына жұмыспен қамту бөлімінен 124 адам жіберілгені белгілі болды. Кешегі мәлімет бойынша қа­ла­дағы барлық мемлекеттік және әлеуметтік-тұрмыстық нысандар қалыпты жұмыс кестесіне көшті. Қаланы электр энергиясымен, су және жылумен қамту жөнге түсті. Ал қаладағы бүлінген, қирап, өр­тенген әкімшілік және әлеу­меттік нысандарды қалпына келтіру жұ­мыс­тарын бастауға мүмкіндік бар. Үкіметтік комиссия төрағасы Ө.Шөкеев бастаған топ еңбекші­лер­мен кездесуден соң қаланы аралап, бүлінген нысандарды қал­пына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Ал құқық қорғау орган­да­рының басшылары комиссия төр­ағасына қоғамдық тәртіптің сақта­лу­да екендігін жеткізді. Жоламан БОШАЛАҚ. Маңғыстау облысы.