• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2011

Миссия жетекшісімен пікір алмасты

383 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұр­ған­құлов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының бас­шысы Миклоша Харастимен және миссия басшысының орынбасары Клаудия Волльмермен кездесті. Комиссия төрағасы Қуан­дық Тұр­ған­құлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкілдерін сайлау науқанының бары­сы­мен таныстырып өтті және бұл ретте саяси партиялар мен мәс­лихаттар де­пу­таттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті кезеңіне енгізілген тө­тенше жағ­дайға байланысты Жаңа­өзен қаласында сайлауалды үгітті ұйымдастырудың кей­бір ерекшеліктеріне, Жарлықпен белгіленген шектеулерді ескере оты­рып, кандидаттар мен сайлау­шы­лар­дың құқықтарын қамта­масыз ету үшін қабылданып отырған шараларға ерекше тоқталды. «Саяси партиялардың сайлау ал­дын­дағы үгіті заң аясында өтіп отыр. Мо­ниторинг нәтижелері бойынша, өткен кезеңде заңмен көзделген тепе-теңдік сақталған. Жаңаөзен қал­асында партиялар мен мәслихаттар депутат­тығына кандидаттардың сай­лауалды көпшілік шараларын өткі­зуде белгілі бір шектеулер болады. Мәс­лихаттар депутат­ты­ғына кандидаттар үшін бұл шектеу­лердің орны оларға бюджеттен бөлінген қара­жатты БАҚ-тарда қо­сым­ша үгіт ма­териалдарын жариялауға және баспа өнімдерін шығару үшін қайта бөлуге рұқсат ете отырып, тол­тыратын бола­мыз», деп атап өтті Ортсайлауком басшысы. Әрі қарай тараптар сайлау нау­қа­нының әртүрлі қырлары бойынша, соның ішінде дауыс беру күні азаматтар мен қоғамдық бірлес­тік­тердің сот­қа шағым жасау және оларды қарау тәр­тібіне, саяси партиялар мен мәс­лихаттар депутат­тығына кандидат­тар­дың сайлауалды үгітін қар­жы­ландыру мәселесіне қатысты пікір алмасты. Кездесу соңында тараптар дәстүрлі қалып­тасқан әріптестік пен тығыз ынты­мақ­тастық қарым-қа­тынастар 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында да жалғасын табатынына сенімділік білдірді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.