• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2011

Патриоттар қатары толыға түсті

361 рет
көрсетілді

Алыстан ат арытып келген алма­ты­лық әріптестерін Қазақстан Патриот­та­ры партиясы Шымкент қалалық ко­ми­тетінің төрағасы Владимир Нагисбаев қарсы алды. Владимир Иванович ҰҚК-нің запастағы генерал-майоры екендігін де айта кеткен жөн. Ол осында туып-өскен. Акционерлік қоғамның аккумулятор шығаратын цехының жұмыс­шы­лары­мен болған кездесу барысында зауыттың жабылмауы қажеттігі кеңінен сөз болды. Жұмысшылар зауытты қала­ның сыртына шығару мәселесіне өзде­рі­нің реніштерін білдірді. Зауыт толық жұ­мыс күшіне еніп, жергілікті жердің эко­номикасына оң ықпалын тигізуі қа­жеттігі жиын барысында өткір мәселе етіп қойылды. Сондай-ақ кездесуде еліміздің индустриялық-инновациялық даму  бағ­дар­ламасына сәйкес өңірлерде жаңа өндіріс орындарын көптеп ашу жөнінде де біраз ойлар ортаға салынды. Сонда аталған комбинаттың бір кездері дүр­кіреп тұрғаны мен қазіргі жағдайы ай­ты­лып, қалалық әкімдіктің зауытты қа­ла­ның сыртына шығару туралы ұсы­ны­сы жұмысшылар тарапынан сынға алын­ды. Партия өзі тарапынан бұл мә­селеде олардың проблемасын көтере­тін­діктерін жеткізді. Шымкентте, сонымен қатар, депу­тат­тықтан үміткерлер колледж шәкірт­те­рімен, спортшылармен кездесу өт­кіз­ді. Оңтүстік Қазақстан спорт қауым­дас­тығы өкілдерімен болған кездесу кезінде ауыл, аудан және кішігірім қалаларда спорт кешендерінің жоқтығы көлденең тартылды. Өйткені, жастардың қазіргі таңда баратын жері болмай тұр. Бұл мәселенің түпкілікті шешім табуы үшін спортшылар бұл салаға инвестиция тарту қажет, деп есептейтіндіктерін де жасырмады. Партия белсенділері Шымкент шаһа­рын­да да базарларды аралап көріп, отан­дық ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп шығару қажеттігіне көз жеткізді. Қазіргі таңда қала базарларына сапасыз жеміс-жидектер сырттан тасылса, сапа­лы да арзан өнімді өзімізде-ақ шығара ала­тын едік, деді патриоттықтар. Олар­дың пайымынша, оңтүстік өңірде жеміс-жидектерді көбірек өсіріп, оны өңдейтін өндіріс орындарын да салуға болар еді. Патриоттар партиясы атынан Мә­жі­ліс депутаттығына кандидаттар кеше Алматы қаласында «Қазақ табиғат қор­ғау» қоғамында болып, онда эколо­ги­я­лық мәселелер талқыға салынды. Эко­логия ғылымдарының кандидаты, белгілі эколог Айжан Сқақова Патриоттар партиясының жастар қанаты атынан сөз алып, бірқатар экологиялық бастама­ларды көтерді. Осы жерде жұмыс істейтін көптеген экологтар өздерінің пар­тияға өтетіндіктерін мәлімдеп, бас-аяғы 37 адам партия қатарына қосылғаны бел­гілі болды. Сол сияқты «Қазақ та­би­ғат қорғау» қоғамының төрағасы, профессор Амангелді Сқақов өзінің жү­рек­жарды тілегін білдіріп, сенім білдірілген адам ретінде партия атына біраз жылы сөздер де айтты. Осы орайда Тараз қаласында 5 адам партия қатарына өтсе, Шымкент шаһарында 7 ерікті өздерінің партия қат­арынан көрінгісі келетіндіктері туралы ниет білдірді. Олар партияға қабылданды. Осылайша партия белсенділері өз қатарларына қосылғысы келетіндерді тіркеуден өткізіп, партия билетін қолма-қол тапсырып отырды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.