• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2011

Көмегі көп компания

286 рет
көрсетілді

ЕЛГЕ ЖАСАҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ ЕСЕЛЕНІП ҚАЙТАТЫНЫ АНЫҚ

Қазақстанда әлеуметтік салаға қамқорлық таныту аясы кеңейе түсуде

Қазақстанда үздік білім беру, үздік денсаулық сақтау, үздік мемлекеттік басқару, үздік әділ сот болуы тиіс. Жаңа әлеуметтік Стратегия – әрбір қазақстандықтың игілігі жөніндегі менің қамқорлығым. Бұл біздің еліміздегі барлық атқарушы биліктің де қамқор­лығы болуға тиіс.  Мен өзімнің Қазақстан халқы­на жаңа Жолдауымды осы мәсе­леге арнағалы отырмын.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 ____________________

КӨМЕГІ КӨП КОМПАНИЯ

«Компания Емшан» заңды тұл­ғалар бірлестігі бұдан он бес жыл­дай уақыт бұрын құрылған облысқа белгілі компания. Бірлестіктің құ­рамындағы ең үлкен еңбек ұжымы «Автопарк» ЖШС облыс орталы­ғын­да жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Парктегі 430 түрлі мар­калы автобустар 45 бағытпен жо­лаушылар тасымалдайды. Соның 23 бағытына сыйымдылығы жоғары автобустар қатынайды. Компания мұ­ны қалалықтарға қолайлы болуы үшін істеп отыр. Биылдың өзінде жа­ңа автобустар сатып алуға 3 103 617 48 теңге бөлінді. Осылай қала көш­еле­ріндегі сыйымдылығы төмен қо­лай­сыз автобустарды жаңарту көз­де­луде. Қала сыртында тұратын ба­ла­­ла­ларды қала мектептеріне алып келіп-апарып тастауға 22 автобус бө­лін­ген. Оның басқа өндірістік буын­дары болып табылатын «Ақжол ЛТД» ЖШС қаланың санитарлық тазалығымен, «Мизам» ЖШС құры­лыс және мердігерлік, «Мизам Авто» ЖШС автокөліктер сату және тех­никалық қызмет көрсетумен ай­на­лысады. Ал «Ақтөбе» ЖШС қала құрылысы және құрылыс жұмыс­тары­мен айналысады. Сондай-ақ, бір­лестік құрамында «Асату» қо­ғамдық мәдени-сауықтыру орта­лы­ғы да жұмыс істейді. Осыншама сан-салалы бірлестіктің президенті Мейіржан Өндіргенов жас та болса білікті басшы. Қолдың саласындай өндіріс буындарының жұмыстарын үйлестіре жүргізуде. Бірлестіктің өндірістің көп­те­ген салаларында қыруар шаруа ат­қарып, қоғам дамуына қайта­рым­ды ықпал етіп отырғаны өз ал­ды­на, 1193 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Бірлестік ұйымшыл ұжым ғана емес, кәсіпкерліктің әлеумет­тік жауапкершілігін бірінші орынға қоятын қайырымдылығы мол компания ретінде де жақсы таныс. Компания қайырымдылық және демеушілік және басқа таза шара­лар­ға 25508865 теңге бөліпті. Әлеу­мет­тік инфрақұрылымдарды ұстауға 9163865 теңге жұмсаған. Бірлес­тік­тің жұмысшыларына еңбекақы бе­ре­шегі жоқ, олар еңбекақысын тұ­рақ­ты алып тұрады. Мұнда бір қыз­мет­керге арналған әлеуметтік пакет 130 мың теңге тұрады. Жұмысшы­лары­ның орташа айлық еңбекақысы 59 мың теңгені құрайды. Жұмысына қарай бұдан жоғары еңбекақы ала­тын­дар қатары көп. Жұмысшылар арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етілген. Еңбек және өндірістік жа­қ­сы жағдай туғызылған. Бір қызмет­кер­ге шаққанда оларды даярлауға, қай­та даярлауға және біліктілігін арт­тыруға 12 мың теңге, ал еңбекті қор­ғау мен еңбек қауіпсіздігін сақ­тау­ға 11395 теңге қаралған. Компанияда 2008-2011 жылдарға арналған ұжымдық келісім-шарт жұмыс істейді. Жұмысшыларға демалыс үй­лері­не, санаторийлерге, балаларға жаз­ғы демалыс лагерлеріне елу па­йыз­дық төлеммен жолдама беру қаралған. Тұрмыстық және отбасы­лық мәселелерді оңтайлы шешу үшін көліктер мен автобустар, мейрамхана сияқты қызметтер 20 па­йыз­дық жеңілдікпен ұсынылады.Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен еңбек ардагерлеріне жыл сайын қаржылай қолдау көрсетіледі. Еңбек озаттары ұдайы ынталандырылады, жұмысшылар жыл сайын бір рет әлеуметтік көмекке қол жеткізеді. Сондықтан компанияда жұмыс­шы­лар тұрақты. Соңғы жылдары жаңа кәсіпорын құрып, 155 жаңа жұмыс орнын ашты. Яғни, мұнда жұмыс түрлерін көбейтуге, өндірісті кеңей­ту­ге бағыт ұсталады. Компанияда жұмысшыларын тұр­­ғын үймен қамтамасыз етудің де әдемі үлгісі бар. Өздері салған 120 пәтерлі бес қабатты екі тұрғын үйден өз жұмысшыларын ең төменгі бағамен жалдық әдіспен баспаналы еткен де осы компания. Қазіргідей нарықтық кезеңде мұндай жағдайға бару екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Бұл пәтерлер жалдық мерзімі 10 жыл өткен соң олардың өз меншігі болып қалады. Компания осы үй­лерден 11 пәтерді аз қамтылған аза­маттарға, бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдеріне, Алға балалар үйі­нің түлектеріне, көп балалы аналар­ға тегін ұсынып, жомарттық танытты. Компания тек ұжымдарындағы адамдардың қамын ғана ойлап қой­май, облыс және қала бойынша да қайырымдылық шараларына үзбей қатысады. Мұнда қайырымдылық пен демеушілік жасаудың қалып­тас­қан дәстүрі бар. Мұндай үрдісті қа­лыптастырған осы компанияны құр­ған және басшысы болған марқұм Ізтұрған Сағиев еді. Қазір бұл дәстүр заңды жалғасын табуда. Биылдың өзінде мұнда 9673169 теңгеге қайырымдылық және демеушілік жасалды. Халықтың осал буын­дарын қолдауға 1395661 теңге, қо­ғам­дық бірлестіктерді дамытуға 3953000 теңге бөлінді, өңірдің да­муына 55250628 теңге жұмсалды. Бұ­ларды таратып айтар болсақ, бір­лес­тіктің көптеген жұмыстарға мұ­рындық болғанын аңғарамыз. Қазақ өнерін қолдауға 250 мың, сал ауру­ларына шалдыққандарды қолдауға 501 мың, білім беру саласына 3717 мың, балаларды қорғау күнін өт­кі­зу­ге 253 мың теңге бөлінді. Алға балалар үйінде бокстан Ізтұрған Сағив атындағы турнир өткізу дәстүрге ай­налған, бұған да көмек қолын соза­ды компания. Балалар үйіне тұрақты демеушілік жасап тұрады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысады деу орынды. Бұл бағытта облыстық ішкі істер департаментіне 2130 мың теңге бөлді. Ұлы Отан және ауған соғыс­тарына қатысушыларға құрмет көр­се­туге, жас дарындарды қолдауға қар­жы аяп көрген емес. Сал ауру­лары­на шалдыққандарды тасымал­дау үшін екі арнайы автобус сатып алып беріп, қамкөңіл жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жа­сады. Азаматтардың аз қамтылған топтарына ғана 1395 мың теңге бө­ліп, көңілдерін аулады. Шалқар ау­данындағы «Ақтоғай» орта мектебін және «Қызғалдақ» балабақшасын қай­та жарақтандырып, күрделі жөн­деу­ге 1474692 теңге бөліп, алыс ауыл­дағылардың алғысына бөленді. «Құлыншақ» балабақшасын салуға 48572658 теңге жұмсады. «Құлагер» тұрғын үй кешеніндегі шағын балабақшаны жөндеу жұмыстары мен жиһаз алуға 5183278 теңге қа­рас­тырып, үлкен азаматтық таныт­ты. Халықаралық «Қазақ тілі» қо­ға­мының облыстық бөлімшесі де компаниядан құр алақан қайтқан жоқ, 250 теңге қаржылай көмек алды. Компания жастар тәрбиесінен де сырт қалып көрген емес. Өздерінде өткізілетін мәдени-спорттық шара­лар­ды қаржыландырумен бірге, об­лыста, қалада өтетін жастар шара­сын қаржылай демеп отырады. Об­лыстық футбол ассоциациясына 100 мың теңге бөлсе, «Атамекен» жастар ұйымына 168 мың теңге берді. Компаниядан қаржылай көмек алғандар қатарында облыстық қан орталығы, облыстық мүгедектер қоғамы «Зекет» қоры, «Қызыл ай» қоғамы және басқалары бар. Бірлестіктің имандылыққа ұйыт­қы болып отырған «НұрҒасыр» мешітіне 3 миллион теңге бөлуі, Ақ­тө­бе­де­гі медресеге қаржы қарастыруы кө­ңіл қуантады. Ислам дінінің кең қа­нат жаюына, білікті діни кадрлар даяр­лауға қолдау көрсетуі де компания басшыларының жомарттығымен бірге, имандылығын аңғартады. Ком­­­пания өндірістік буындарында мұндай қайырымдылық шаралары көптеп жасалады. Бұл олар жасаған қайырымдылық пен ізгіліктің, демеушілік пен қолдаудың біз білетін бір парасы ғана. Компания осындай қайырым­ды­лық және демеушілік шараларына қа­тыса отырып, өңірдің және қала­ның дамуына да инвестиция салып ке­леді. Қаладағы «Мұнайшы» ста­дио­нын са­лып, пайдалануға берді. Сон­дай-ақ, об­лыс орталығының кө­рік­­теніп, көр­кеюіне де атсалысып жүр. Қаланың Абай даңғылы бойын­да компания күшімен орнатылған «Темірқазық» белгісіне 2163625 мың теңге жұмс­а­лыпты. Ал Есет батыр мен Әлия Молдағұлова атын­дағы даң­ғылдар қиылысындағы «Ба­қ­ыт бағанасы» белгісі компанияға 7 миллион тең­ге­ге түсті. Бұлар қала­лықтардың сү­йік­ті орындарына, көп жиналатын жерлеріне айналды. Бірлестік туған каласының көркеюіне, онда тұратын адамдардың жайлы тынығуына жағдай жасауға әрқашан дайын. Компания салған әдемі тұрғын үйлер қаланы көріктендіріп тұрса, қала тазалығына да өзіндік үлес қо­сып келеді. Ал, оның құрамын­дағы автобус паркінің жұмысына қала­лық­тар дән риза. Міне, негізгі өнді­ріс­тік жұмыстарын жүйелі жүргізіп, табысқа қол жеткізіп отырған «Компания Емшан» заңды тұлғалар бірлестігі халыққа қызмет етудің осын­дай үлгісін көрсетіп отыр. Қа­шанда қайырымдылық пен демеушілікті кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкер­ші­гігінің өзегіне айнал­дырған компания бұл бағыттағы игі істерінің ауқымын алдағы уақытта да кеңейте бермек. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.