Мемлекет басшысының атына таяу және алыс шет ел тұрғындарынан оның Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін арттыруға және елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған саясатына қолдау білдірген хаттар келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Ресей азаматы Л.Магомадовтың хатында Алматыдағы ұлдарына келген әрбір сапары, ол үшін ұлтаралық келісім, қазақстандықтардың өз болашағына сенімі негізінде Қазақстанда салтанат құрған жасампаздық, бейбітшілік пен келісім, ішкі саяси консенсус, жағымды сезім мен зор сүйініш тудыратыны айтылады.
Хат иесі сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан өз балаларының болашағына сенімді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың тәжірибесі, даналығы, адамдарға деген сүйіспеншілігі сияқты қасиеттер Қазақстан Көшбасшысын бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ететін «Ғасыр саясаты» деңгейіне алып шығады», – деп атап өткен Л.Магомадов.
«Қазақ халқының төзімділігі, барлық халықпен бейбітшілік пен келісімде өмір сүре білуі және осындай қасиетті жерде өмір сүріп жатқан барлық этнос үшін Қазақстанды ортақ үй жасауға игі ықпалын тигізді және әлемге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды саясаткерді берді», – делінген Л.Магомадовтың хатында.
Автор Қазақстан Президентіне Қазақстан-Ресей қатынастарының дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді. Ол Нұрсұлтан Назарбаев – Кеңес Одағы тарағаннан кейін Қазақстан мен Ресей халықтарының туыстық қатынастарына бір сәт те күмән келтірмеген бірден-бір Көшбасшы екенін ерекше атап өтеді.