• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
30 Желтоқсан, 2011

15 жыл қаңырап тұрған ғимарат еді...

326 рет
көрсетілді

НЕБӘРІ 7 АЙДА ЖАҢҒЫРЫП ШЫҒА КЕЛДІ

Тараз қаласындағы қаңырап тұрған төрт қабатты ғимаратты қайта қалпына келтіруге 100 мил­лион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жеті айға созылған тиянақ­ты жөндеу жұмысынан кейін ине-жіптен жаңа шыққан бұйым­дай жарқыраған жатақ­ханада қазір 55 отбасына арналған секция бар. Әрине, бойдақтарға ар­нал­ған бөлмелер де ұмыт қалма­ған. Әр қабаттың өз асханасы мен тынығатын орындары да ойлас­тырылған. Сондай-ақ, жатақханадан баспана бұйырған жас отбасылар тәй-тәй басқан бүлдіршіндеріне  арналған және  түрлі ойыншық­тар­мен жарақталған кең де жылы бөлмені көргенде, тіпті қайран қалды. Олар осынау жан-жақты қамқорлық үшін айына небәрі 12 мың теңге төлеп тұратын болады. «Қазфосфат» ЖШС бас ди­ректоры Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, қаңырап тұрған жа­тақ­хананы сапалы жөндеуден өт­кізіп, зауыт жұмысшыларына тар­ту ету мәселесі жас мамандардың көктемде өткен форумында көте­рілген екен. Міне, осы ұсыныс назарға алынып, ол небәрі жеті айдың ішінде, яғни жыл аяқтал­май орындалған. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.