• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Парламент 04 Қазан, 2018

Сенаторлар ЕАЭО Сотының Төрағасымен кездесті

292 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким Еуразиялық экономикалық одақ сотының Төрағасы Жолымбет Байышевпен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. 

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ сотының құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Ж.Байышев Еуразиялық экономикалық одақ сотының қызметі туралы жан-жақты айтып берді және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Одақ аясындағы халықаралық шарттарды іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауларды қарау жөніндегі соттың халықаралық тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесуге сенаторлар Сәуле Айтпаева, Марат Тағымов, Рысқали Әбдікеров, Әлімжан Құртаев та қатысты. 

Соңғы жаңалықтар