• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қазан, 2018

Бердібек Сапарбаев ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

197 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еңбек ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті.

Бүкіл өмірін қажырлы еңбек етуге арнаған қарттарға құрмет көрсету рәсімі Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінде өтті. Салтанатты шараға алпыс ардагер шақырылды.

Бердібек Сапарбаев өз елінің гүлденуі жолында кәсібіне адал және жан-тәнімен бірілген ардагерлерге алғысын білдірді.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қариялардың қажетіне әрқашан баса назар аударады. Қарттарға қамқор болу мемлекет саясатының басымдығы болып қала береді. Президент әрқашан ардагерлерді біздің алтын қорымыз деп айтады. Сіздердің даналы сөздеріңіз өскелең ұрпаққа тәрбие беруде, олардың өмірлік қуатын дұрыс жолға бағыттауда өте маңызды. Сіздерге зор денсаулық, рухани сергек болуды, бақыт, сөзсіз махаббат пен жақындарыңыздың қамқорлығын тілеймін, - деді Бердібек Сапарбаев ардагерлерге.

Халықаралық қарттар күні жыл сайын 1 қазанда аталып өтіледі. Аталмыш мереке БҰҰ бастамасымен 1991 жылы бекітілген. Қазастанда қарттар күні 1991 жылдан бастап мерекеленіп келеді.

 

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»