ЖАҢАШЫЛ ДӘРІГЕР
Денсаулық сақтау саласында 30 жылға жуық еңбек етіп, Отандық медицинаның, әсіресе, соңғы жылдары құлақ-мұрын-тамақ және жақ-бет әлпет ауруларын хирургиялық жолмен емдеуде инновациялық технологияларды енгізуде елеулі табыстарға қол жеткізуде Алматы қалалық №5 клиникалық аурухананың бас дәрігері Жанат Қасымжанованың орны ерекше. Сондай-ақ, Жанат Кәкімсейітқызы Алматы қаласындағы Медеу ауданының да бас дәрігері. Осы қызметке келгелі оның білікті ұйымдастырушылық қызметінің нәтижесінде үйде қайтыс болу, аналар мен балалар өлімі, туберкулезбен сырқаттану, онкологиялық аурулардың асқынуы сияқты көрсеткіштер айтарлықтай төмендеген. Бас дәрігердің тікелей жетекшілігімен Алматы қаласы, Медеу ауданы тұрғындарының денсаулығын қорғау және алдын-ала медициналық тексерулерден өткізу мониторингі үздіксіз жасалып отыр. Оның бар ынта-жігері клиникалардың модернизациясына, олардың заманауи құралдармен жабдықталуына жұмсалады. Сондай-ақ құлақ-мұрын-тамақ және жақ-бет әлпет ауруларын емдеуде жоғары мамандандырылған диагностикалық-емдік көмек көрсетіліп, инновациялық технологиялардың көмегімен мұнда Қазақстанда және Орта Азия елдерінде алғашқы рет балалардың есту жолының атрезиясын операциялық емдеу әдісі енгізілді. 2006 жылы оның жетекшілігімен Алматы қаласында есту қабілеті төмен ересек адамдар арасында кохлеарлық имплантация бойынша операциялар жасала бастады. Мұндай инновацияларды енгізу бас дәрігердің Германия, Австрия, Израиль, Польша, Жапония, Ресей мемлекеттерінің атақты клиникаларымен жеке ынтымақтастық қарым-қатынасының арқасында қол жеткізілді. Жанат Кәкімсейітқызы 1981 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін тәмамдап, 1983-1991 жылдары КСРО ҒА Тамақтану академиясының ғылыми қызметкері бола жүріп, 1990 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1991-1996 жылдары Алматы Мемлекеттік медицина институтының кафедра ассистенті, 1998-2001 жылдары Алматыдағы №5 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емхана жөніндегі, 2001-2006 жылдары Жедел-жәрдем медициналық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды. 42 ғылыми мақала, 2 әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Жоғарғы санаттағы ұйымдастырушы Жанат Кәкімсейітқызының осы жылдары атқарған еңбегі бағаланып, «Денсаулық сақтау үздігі», Астана қаласының 10 жылдық мерейтойлық медалімен, «Гиппократ-2011» орденімен марапатталып, «Алтын дәрігер» атағын иеленді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаттарына ие. Міне, осылайша халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген Жанат Қасымжанованың еліміздегі саяси науқан барысындағы «Нұр Отан» партиясының шешімі оның алдымыздағы сайлауалды жеке жоспарымен сәйкес келіп отыр. Бірінші кезекте бұл ниеті алматылықтар мен еліміздің болашағы жайлы қамқорлығымен уәжделген. Дәл осы кезде еліміз демократияның өкілеттілік институттарына жеке бастың қатысуын есепке алмауға болмайтын кезеңді бастан кешіріп отыр. Жанат Кәкімсейітқызының сайлау алдындағы бағдарламасының өзекті идеясы – экономикалық тұрғыдан дамыған, әр азамат үшін берік әлеуметтік кепілдер берілген, кедейшілікті жойған, тұрғындардың өмір сапасы жақсартылған, сыбайлас жемқорлықпен күрес қамтамасыз етілген мемлекет құру. Еліміздің басты партиясы алдымызға қойған осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, практик ретінде және жоғары білікті медицина қызметкері және шаруашылық жүргізуші ретінде Жанат Қасымжанова жылдар бойы денсаулық сақтау жүйесінде жиған бар тәжірибесін қолдануды көздеп отыр. – Менің таңдауым саналы түрде қабылданып жатса, кәсіби білігім мен азаматтық көзқарасыммен азаматтардың өмірін жақсартуға, денсаулықтарын сақтауға және саламатты қоғам құруға себепші болсам, – дейді қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткер Жанат Кәкімсейітқызы. - Өйткені, әлеуметтік саясаттың мақсаты – жоғары табыстар, ыңғайлы тұрғын үйлер, белсенді еңбектік қызмет деп санаймын. Өз негізінде мықты экономика әр жеке отбасы экономикасымен, әр үйдің берекесімен анықталады. Осы мақсаттарға жетуге көмектесу – қалалық мәслихат депутатының басты мақсаты. Әкімдік пен қалалық мәслихат депутаттарының күш-жігерін біріктіріп, шаһар экономикасын көтеруде, адамдардың ауқаттылығын арттыруда көптеген істерді атқаруға болады. Егер Жанат Кәкімсейітқызы қалалық мәслихатқа депутат болып сайланған жағдайда кәсіпкерлерді қолдау және тауарларды, жұмыс пен қызметтерді, мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлер өткізуді әрі қарай жетілдіруге бар күш-жігерін жұмсайды. Бұл жерде денсаулық сақтау жүйесінің сатып алу формаларын ауыстыруға ерекше көңіл қойып, қалалықтардың денсаулығын сақтау ісінде жалған және сапасы төмен арзан дәрі-дәрмектерді сатып алудың жолын кесуге атсалысады. Ал практикалық тәжірибесі мол дәрігер ретінде ауруларға бағасы қолжетімді, ең сапалы заманауи медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуіміз керек деп санайды. «Арзан препараттардан көбірек» ұстанымынан, оларды қолданғанда «жоғары сапа және тиімділік» ұстанымына ауысу қажет. Осы мақсатта ақпараттар жинау үшін емханаларда тұрғындарға арналған «жедел желі» ұйымдастырылған. Сондай-ақ ол тұрғындардың талаптары мен наразылықтары бойынша шешім қабылдау үшін ҚР ДСМ-ін ақпараттандырып, нақты дәрілік құралдарға және жеңілдікпен, әрі тегін препараттарға мұқтаж тұрғындардың саны туралы мәлімет беруге мүмкіндік береді. Жанат Кәкімсейітқызы саламатты өмір салты және адамдардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілік ұстанымы – мемлекеттік саясаттың денсаулық сақтау аясындағы және тұрғындардың күнделікті өміріндегі басты мәселесі болуы тиіс деп есептейді. Дәрігер ретінде аумақтық емханаларда егде адамдарға арналған «Денсаулық мектебі» профилактикалық іс-шараларын белсенді түрде енгізбек. Мұнда сұхбаттар, сонымен қатар, жалғыз басты адамдарға қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, олар қамқорлық, қолдауды сезіне алады. Диабет, гипертонияға шалдыққан науқастарға арналған мектептер ашып, емханалық қызметтің бұл бағытын әрі қарай кеңейтуге қажетті, барлық емханалық штаттарға енгізілген әлеуметтік қызметкерлерді және психологтарды тартады. Тек Медеу ауданында 70 жастан асқан 18 мың адам тұрады, әрине, олардың барлығы сапалы медициналық тексерулер мен емдеуге мұқтаж. Кандидат мемлекеттің білім беру, ғылым, мәдениет, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын шығыстарын әрі қарай арттыруын жақтап: «Жастардың білім алуына бүгін қаржы салған сайын, біздің болашағымызға баға жетпес салым жасаймыз, тек кәсіби дайындықтан өткен адам өз елінің игілігіне еңбек етіп, пайдасын тигізе алады» дегенді алға тартады. Сонымен қатар, медициналық мекемелерде мамандар жетіспеушілігін ескере отырып, студенттерді нақты бір медициналық ұйымға бекітіп, жеңілдік шарттарымен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету керектігін айтады. Жас мамандарға, медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге және мемлекеттік қызметшілерге арналған жатақханалар, жалға берілетін пәтерлердің құрылысы олардың еңбек өнімділігін және материалдық ауқаттылығын арттыруға ынталандыру болып табылады. Тиісінше, осы отбасылар өз балаларының тәрбиесі мен білім алуына көп назар аударып, көңіл бөледі. Тұрмыс жағдайларын жақсарту – ұлттың денсаулығын сақтаудағы маңызы зор фактор болып табылады. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері 5-10 жылдан кезекте тұрады. Тұрғын үй мәселесін шешу және тұрғын үймен қамтамасыз етуде кезектің қатаң сақталуына барынша атсалысады. Ең бастысы, Ж.Қасымжанованың Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе отырып белсенді қызметінің нәтижесінде 2012 жылдан бастап №5 ҚКА аумағында есту қабілеті төмен және мүгедектерге арналған сауықтыру орталығы салына бастайды. Бұл орталық мүгедектердің барлығына қолжетімді болады. Ыңғайлы подъездер мен пандустардың ұйымдастырылуы жоспарланған.Болашақпен өмір сүру қажеттілік. Сондықтан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Жанат Кәкімсейітқызы Қасымжановаға сенім білдіруіміз керек. Сапалы және қолжетімді білім алуға, медициналық көмекке, тұрғын үй мен тұрмыстың абаттылығына, қоршаған ортаның тазалығына, көшелеріміздің тәртібі мен тыныштығына «иә» деп дауыс берейік, ағайын!
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.
_____________________
Материал ақысы № 29 сайлау округінен Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Жанат Қасымжанованың қоры есебінен төленді.