• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2018

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы дамыған елдердің стандарттарына жақындайды - Айжан Мұқышбаева

234 рет
көрсетілді

Елбасының бүгінгі жолдауы халықаралық сауда ережелерінің бұзылуы, өндірістің жаппай автоматтандырылуы, әлемдік қаржы жүйесінің тұрақсыздығы сияқты сын-қатарлерге төтеп беріп, оларды өз мүддемізге пайдалана білуге бағытталған. Осы сын-қатерлерге тек еліміздің басты байлығы адам капиталын дамытып қана қарсы тұруға болатындығы айтылды.

Мәселен, соңғы уақытта орын алған ұлттық валютаның әлсіреуі әсіресе табысы төмен халықты қатты алаңдатқан болатын. Осы тұста Елбасының ең төменгі жалақыны 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру туралы тапсырмасы 1 млн 300 мың адамның әл-ауқатының төмендеп кетпеуіне көмектеседі.

Ел азаматтарын жұмыспен қамтуда бизнестің рөлі жоғары болуы тиіс. Сол үшін Елбасы жолдауында өз тиімділігін көрстеіп жатқан «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту ұсынылды. Бұл мақсатта бюджеттен 30 миллиарда теңге қаражат бөлініп, сәйкесінше, бизнес ашқан адам өзін жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа азаматтарға да жұмыс орнын ашатын болады. Сонымен қатар, бизнестің «қолма-қол ақшасыз» экономикаға көшуі көлеңкелі экономиканың үлесін азайтып, мемлекеттік бюджетке салықтардың түсімін көбейтетін болады.

Азаматтардың әл-ауқатына әсер ететін тағы бір сала – тұрғын-үй коммуналдық шығындары. Осы уақытқа дейін халықтың басым көпшілігі коммуналдық шығындардың жоғары екендігін, олардың төлеп жатқан қаражатының нәтижесіздігін айтып келген болатын. Себебі, табиғи монополистер халықтан жинаған коммуналдық төлемның бір бөлігін тозу деңгейі жоғары құбырларды жөндеуге инвестициялап, жылу немесе судың шығынға кетуін азайтуы тиіс болатын. Осыған орай Елбасы монополистердің қызметіне бақылауды күшейтіп, коммуналдық төлемдердің жұмсалу бағытын ашық жариялауды тапсырды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта халық тұтынатын тауарларды өз елімізде өндіру үшін кәсіпорындарға қолдау көрсетуге басты мән берілетін болады. Бұл шара ұлттық валютаның еркін айналымы кезінде халыққа қажетті тауарлардың бағасының тұрақсыздығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, импортқа тәуелділікті азайтады.

5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қазақстандықтардың өмір сүру сапасын дамыған елдердің өмір сүру стандарттарына жақындата түсетіні анық.

Айжан МҰҚЫШБАЕВА,

Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы