• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2012

Бес ел үміткер

296 рет
көрсетілді

Бес ел үміткер

Жақында 2020 жылы өтетін Жазғы олимпия ойындарына үміткер қалалар анықталды. Қазір Азия мен Еуропаның Токио, Мадрид, Баку, Ыстам­­­бұл және Доха қалалары 2020 жылғы Олимпиада астанасы атануға үміттеніп отыр. Бұл мәр­те­белі атақты қай қаланың иеленетіні келесі жылы белгілі болады.

Бұған дейін Рим қаласы да Олимпия ойындарын өткізуге құлшыныс танытқан еді. Алайда, соңғы айналымға келгенде Рим өзінің өтінішін қайтарып алды. Оның себебін Италияның премь­ер-министрі Марио Монти ел экономикасының Олимпиа­да­ға жұмсалатын шығынды көтере ал­майтындығымен түсіндірді. Оның айтуынша, елдің қара­жа­ты әлем­­нің басты бәсекелерін өткізуге жеткіліксіз.

Жақында 2020 жылы өтетін Жазғы олимпия ойындарына үміткер қалалар анықталды. Қазір Азия мен Еуропаның Токио, Мадрид, Баку, Ыстам­­­бұл және Доха қалалары 2020 жылғы Олимпиада астанасы атануға үміттеніп отыр. Бұл мәр­те­белі атақты қай қаланың иеленетіні келесі жылы белгілі болады.

Бұған дейін Рим қаласы да Олимпия ойындарын өткізуге құлшыныс танытқан еді. Алайда, соңғы айналымға келгенде Рим өзінің өтінішін қайтарып алды. Оның себебін Италияның премь­ер-министрі Марио Монти ел экономикасының Олимпиа­да­ға жұмсалатын шығынды көтере ал­майтындығымен түсіндірді. Оның айтуынша, елдің қара­жа­ты әлем­­нің басты бәсекелерін өткізуге жеткіліксіз. Спорт ареналары да қайта жөндеуді қажет­сінеді. Италия премьер-министрі елдегі Олимпиада комитетінің бас­шысы Джованни Петручи және қала әкімі Рима Джанни Алиманомен кеңесіп, Олимпиададан үміткер болудан бас тарту жөнінде осындай шешімге кел­гендерін айтты.

Мұның алдында Италияның Тренто қаласы да 2017 жылғы Қыс­қы универсиадаға үміткер бо­лудан өтінішін қайтарып ал­ған болатын. Сол кезде үміткер­лік­тен бас тартқан Трентоның орнына Ал­ма­ты қаласының Универсиада ас­та­­насы болып жария­ланғаны белгілі.

Ал Жазғы олимпиадаға келсек, біздің пікірімізше, үміткер қалалардың ішінде Бакуден бас­­қасының бәрінің Олимпиаданы қабылдауға мүмкіндігі зор. Өйт­­­кені, Олимпиада 2012 жылы Еу­ропаның Лондон және 2016 жылы Оңтүстік Американың Рио де Жанейро қаласында өткізілген соң, Азия құрлығына бірден бет бұруы мүмкін. Мәселен, Жапония 2002 жылы Оңтүстік Кореямен бірігіп, футболдан әлем чемпионатын өткізердің ал­­­дында спорт ареналарының бә­­рін қайта жаңартып, салатындарын салып, тұрғызатындарын тұр­ғы­зып алды. Бұл елде инфра­құ­ры­лым да өте жоғары дең­гей­де д­а­мыған. Оның үстіне Күн­шы­ғыс елінің Олимпиаданы өт­кізуден тәжі­ри­бе­сі бар. Токиода төрт жыл­дық­тың байрақты бәсе­кесі алғаш рет 1964 жылы өткі­зілген болатын. Сол ХVII Жазғы Олим­пиадаға қа­зақтан шыққан жел­аяқтар Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосановтың барғанын біле­міз. Алайда Әмин ағамыз сол жолы КСРО құрамасы бас бапкерінің қателігінен жарыс­қа қатыса алмады. Негізі, сол жол­ғы Олимпиада Токиода одан ертерек, яғни 1940 жылы өткізі­лу­ге тиіс еді. Алайда, Екінші дү­ние­­жү­зі­лік соғыс XII Жазғы Олим­пиа­да­ны өткізуге кедергісін жасады.

Түркияның Ыстамбұл қала­сының да Олимпиаданы өткізуге қауқары жетеді. Бұл ел әлі Олим­пия ойындарын өткізіп көр­месе де төрт жылдықтың басты бәсе­кесін лайықты деңгейде қабыл­дай алатыны анық. Оның бір­не­ше се­бебі бар. Алдымен, Түр­кия­да спорт өте жоғары дең­гей­де дамы­ған. Бұл елде спорт Ислам дінінен кейінгі екінші «дін­ге» айналған. Түркияда спорт­тың бұқаралық сипатқа ие бол­ғаны сонша, онымен адамдар бала кезінен бастап оқу, білім алумен қатар айналысады. Яғни, Олимпиада әлемдегі төрт теңіз тоғысқан қалада өткі­зіліп жатса, халық оны өздерінің ыстық ықыластарымен көтеріп алады деген сөз. Бұған біз 2005 жылы Орталық Азия елдерінің бір топ БАҚ өкілдерімен Ыстамбұл қа­ла­сына барғанымызда көз жет­кізген едік. Қалада «Галатасарай» мен «Бешикташ» футбол клубтарының стадиондарынан басқа бірнеше алып спорт ареналары бар. Бұл жерлердің бәрінде спорттың бірнеше түрлерінен бір мезетте жарыстар өткізуге болады. Ал қаланы құшағымен қысып тұрған төрт теңіз спорт жарыстарын өткізуге ең қолайлы жер болып есептеледі.

Ыстамбұл – бұған дейін төрт Олимпиаданы қабылдауға үміт­кер болған қала. Енді бұл оның бесінші қадамы болып отыр. Егер Анадолы елінің сәулеті мен дәулеті дамыған қаласы 2020 жылы Жазғы Олимпия ойындарын өткізетін қала болып танылса, бұл біздің Астана мен Алматы сияқты түркітілдес елдер арасында кешенді жарыстарды қа­былдауды өзінің мойнына ал­ған қала ретінде саналатын болады.

Қазір Азия құрлығындағы ала­қандай Катар да Олмпиаданы өт­­кізуге басты үміткер ел болып са­налады. Оның астанасында 2010 жылы Жазғы Азия ойындары өт­кізілген болатын. Сол кезде Жаз­ғы Азиаданың ашылу салтанатына қатысқан әріптесте­рі­міз тарихта жарыстардың ішінде ең ғажап, ең әдемі ашылу салтанатына куә болғандарын айтқан еді. «Мұндай ашылу салтанатын біз өмірімізде көрген емеспіз. Ой­ындардың ашылу рәсімі ға­жап, керемет болды!», деген еді олар.

Тағы бір айтатын нәрсе, 2022 жылы футболдан әлем чемпионаты да осы Катар елінде өтеді. Бұл елдің екі қоянды бір оқпен атуға талпынып жатқаны да сон­дықтан болар. Қолда бар мәлі­мет­терге қарағанда, қазір Катар ханзадалары адам ойына кел­мей­тін спорт кешендерін салуда. Дайындық қазірден басталды дегеніміз осы.

Ал Әзербайжанның Баку қа­ласы болса, оған жоғарыда атал­ған қалалармен салыстырғанда Олимпиаданы өткізуге әлі ерте деп ойлаймыз. Бұған біздің былтыр Бакуде бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында көзіміз жеткен болатын. Рас, қазір Бакуде бұрынғы Тофик Бахрамов атындағы орталық стадион бұзылып, оның орнына жаңадан спорт аренасы салынуда. Бірақ соған қарамастан, оның төрт жылда бір келетін дүбірлі доданы лайықты деңгейде өт­кі­зе аламыз дегеніне сене алмаймыз. Дегенмен, мұнайдан түсе­тін табыстар 2020 жылғы Олим­пиаданың астанасын анықта­ған­да, Бакуге әжептәуір ықпал жасауы әбден мүмкін. Өйткені, Ха­лықаралық Олимпиада коми­те­ті үшін 2011 жылы Қысқы Азия ойындары өткен Астана мен Алматы, 2014 жылы Қысқы олимпиаданы қабылдайтын Ресейдің Сочи қаласы мен 2017 жылы Қысқы универсиада өтетін Алматы қаласы сияқты Әзер­бай­жан­ның Баку қаласы үлкен спор­т­тық жарыстардың ала­ңы болып саналады.

Дастан КЕНЖАЛИН.