• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Ақпан, 2012

Діни діңгек

579 рет
көрсетілді

Діни діңгек

Ханафи мәзһабы болғанда…

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданып, көп жылдан бері көңілді күпті етіп жүрген діни бағыт мәселесі нақтыланды деуге болады. Заңның кіріспесінде «Осы Заң, Ханафи бағытындағы Исламның, ха­лық­тың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін таниды», деп атап өтілуі өте құптарлық жәйт. Осыған орай, діни-рухани та­рихымызға үңілсек, Түркістан-Тұранды біртұтас ұлыс есебінде қарасақ, Мауереннахрға Ислам діні сол VII ғасырда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірден өтер-өтпес заманда келген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көкесі, Аббастың баласы Хусам хазрет Самарқанға келіп өмір сүріп, ислам дінін саф күйінде жайған.

Ханафи мәзһабы болғанда…

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданып, көп жылдан бері көңілді күпті етіп жүрген діни бағыт мәселесі нақтыланды деуге болады. Заңның кіріспесінде «Осы Заң, Ханафи бағытындағы Исламның, ха­лық­тың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін таниды», деп атап өтілуі өте құптарлық жәйт. Осыған орай, діни-рухани та­рихымызға үңілсек, Түркістан-Тұранды біртұтас ұлыс есебінде қарасақ, Мауереннахрға Ислам діні сол VII ғасырда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірден өтер-өтпес заманда келген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көкесі, Аббастың баласы Хусам хазрет Самарқанға келіп өмір сүріп, ислам дінін саф күйінде жайған. Сахаба Хусам бин Аббастың кесенесі Самарқандағы Шахи Зинда қабіріс­таны маңында тұр. Сол бастама­лардың нәтижесінде қазақ-араб әскерлері бірлесіп, 751 жылы Талас соғысында басқыншы қара қытайды талқандап, елден қуып шығып, қазақ даласына қайтып беттемейтіндей етіп жіберген. Табиғин болып есептелетін Имам Ағзам Әбу Ханифа хазрет VIII ғасырда шариғат жазып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүн­не­тін, жолын, амал-ғибадат мәзһабы етіп қалыптастырған болса, сол Ханафи мәзһабын ұстанған Имам Матуриди (894-945 ж.ж.) ақида-сенім мәзһабын қалыптастырып, кітап жазып, түркі дүниесіне жайды, кесе­несі Самарқан қаласында. Мұндағы атақты хадисші Имам Бухари болса, Отырардан ғалым-ғұлама Әбунасыр Әл-Фараби шыққаны баршаға аян.

ХІІ ғасырда Юсуф Хамадани хазрет Бұхараға келіп, Қожа Ахмет Ясауи мен Әбдіхалық Ғиждуаниды оқытып, жан-жақты жетілдіріп, ғалым-мүршид дәреже­сіне жеткізді. XIV ғасырда, бұл ғұлама­лардың ахлағын, тасаууфын Бахауиддин Шах Нахшыбанди хазрет жалғастырды. Қазақ даласынан шыққан батыр Жалаңтөс Баһадүр XVII ғасырда Самарқанда хан болып, қырық жылдай басқарып, «Ширдор» және «Қара тиллә» деген атақты екі үлкен медресе салдырған, бүгінгі күнде ЮНЕСКО-ның қарауындағы «Регистан» алаңы қаланың сәнін келтіріп тұр.

XVIII ғасырдағы төбе билеріміз – Төле бидің (Қарлығаш әулие) кесенесі Ташкент қаласының қақ ортасында болса, Әйтеке бидің кесенесі Науаи облысындағы Нұратада, ал Қазыбек би Түркістанда жерленген. Демек, дін жағдайында Түркістан мен Бұхара өңірлері ешуақытта бөлінбеген. Мауереннахр ғалымдары исламның «Әһли сүннет уәл жамағат» жолын жаңғыртып, Ханафи мектебін ұдайы дамытып отыр­ғаны байқалады.

Өткен жылы бір топ қазақстандық Ыстамбұлда болып, Қожа Ахмет Ясауиге арналған халықаралық симпозиумға қатыстық. Одан шыққан соң, Оңтүстік Африка Республикасынан келген, Ыстам­бұлдағы Ханафи бағытындағы медресені бітірген, түрікше білетін екі жігітті әңгімеге тарттық. «Сендер Қазақстан туралы не білесіңдер?» деген сұрағымызға, «Сіздердің елдеріңізде көп әулие, ғалым-мүршидтер болған» деп жауап берді. Бұл сұхбаттан біздің аңғарғанымыз – Ханафи мәзһабын ұстанатын алыс шетелдіктердің, біздің Түркістан өлкесінде, Мауереннахр топырағында ғалым-мүршидтердің, ислам діні ғұламаларының көптігіне қызыға қарайтындығы, әрі құрметтейтіндігі. Пай­ғам­барымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Менің ажам (араб емес) үмбеттерім, білім жұл­дызда болса да алады» деген. Сол айтқан үмбеттері мауереннахрлық ғалымдар деген риуаят та бар.

Ислам діні осылайша бізге, біздің то­пыраққа сәтімен жетіп, зор нәсіп болған. Біздің ұлттық салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпы­мыз исламда орта жолды ұстанатын, осы Ханафи бағытымен астасып қалыптасқан. Сондықтан да, жаңа Заңда Ханафи бағы­тындағы исламның халқымыздың рухани өміріндегі тарихи рөлін атап көрсетуі өте маңызды мәселе деп түсінуіміз керек. Енді бұдан былай жастардың арасында, қазақ қоғамында «Мен исламның қай бағытын ұстануым керек?» деген мәселе қозғалып, талас-тартыс туындамауы керек.

Заңдағы 1-тараудың 3-бабының 6,8-тар­мақтарында: «Әркім діни нанымды ұста­нуға, оны таратуға құқылы», сондай ақ, «Ата-аналар балаларын өз діни-на­ным­дары­на сәйкес тәрбиелеуіне, егер заң бұзылмаса, мемлекет аралас­пайды», деп көрсетілген. Осыған орай, әр қазақ өз баласын Ханафи бағытындағы исламның аясында тәрбиелеуіне, сенім мен амал-ғибадатқа баулуына аса көңіл бөлуі керек. Жалпы балаларға діни тәрбие беруде бірінші жауапты ата-ана болып есептеледі. Сол үшін де, әр ата-ана ең болмаса, келешек ұрпағы үшін өзінің діни сауатын жетілдіріп, тұрақты жұмыс істейтін мешіт-медресе, Құран үйрететін курстармен байланыста болып, рухани жағынан баласы­ның Ханафи мәзһабымен сауат ашуына ықпал жасағаны абзал-ақ.

Қоғамда кездесетін мәселенің бірі, Заңдағы 1-тараудың 3-бабы­ның 12-тармағындағы: «Азамат­тардың имандылығына нұқсан келтіруге жол берілмейді», деп атап өтілуі. Расында, имандылық адамға ең керек исламның бірінші шарты. Адамның жүрегіндегі сенімді бір Алла ғана оқи алады. Сол себепті, қоғамда кейбір намазхан жастардың намаз оқымай­тын құрбыларына «кәпір» деп, болмаса әруақты сыйлап, сөз айта бастаса «ширк» деп жеңіл айта салуы жарамайды. Мұсыл­манға «кәпір» не «ширк» деген адам өзі жала жапқандығы үшін «ширкке» айналып кетуі әбден мүмкін. Жалпы бұл сөздерді пайдалануға болмайды. «Жүрегінде тары­ның үлкеніндей иманы болған мұсылман жәннаттық болады» деген хадис сөз бар. Иман мәселесінде мұсылмандар бірдей болады, тек иманның сапасы жөнінен біреудің иманы мықтылау, ал біреудің иманы әлсіздеу болуы мүмкін, дегенмен де ол мұсылман болып қалады. Сондықтан да азаматтардың имандылығына нұқсан кел­тіруге, күдікпен қарап, артық сөз айтуға еш болмайды.

Ендігі жерде осы жаңа Заңның аясында басқа діндегілерге толеранттықпен қарап, мемлекетіміздің негізгі құраушысы, жауапты халық бола отырып, төл дінімізді бір ғана Ханафи бағытында ұстанып, жаңғыр­тып, тас түйін бола білсек, бұл елдігімізді көрсетеді, мұнан ұлт өкілдеріне еш зиян келмейтіні хақ. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз тек Орталық Азия емес, уақытысында Түркия, Кавказ, Ауғанстан, Үндістанға дейін арнайы дайындалған ұстаздар жібе­ріп, Ханафи бағытын қалыптастыр­ғандығы айғақ болып отыр. Яғни, біздің хал­қымызға Ханафиден басқа жол іздеу, дін іздеу болмысымызға жат болып есеп­телетінін естен шығармағанымыз абзал.

Республикалық «Қазақ тілі» қоғамы­ның президенті, академик Өмірзақ Айтбай ағамыздың 2009 жылы Алматыда өткен «Имам Ағзамның өнегелі өмірі» атты ха­лық­аралық конференцияда «Құдайға шүкір, қазақ халқы қазір өте сауатты, енді діни жағынан терең сауатты болуы керек» деп айтқан сөзі заманымыздың, қоғамы­мыз­дың рухани мұқтаждығына дөп келуде деуге болады.

Қазақстан мұсылмандары Діни Бас­қармасы шығарған Ережеге (31.08.2006) сай, еліміз бойынша барлық мешіттердің имамдары тек Ханафи мәзһабын ұстанып қана қызмет атқарулары міндеттелген. Солай болып та келеді. Осыған орай «Бір ұлт, бір дін, бір мәзһаб» деген қағида ұсыны­лып, халықтың діни ұстанымын нақтылап отыр. Осы айтылғандар бүгінгі таңда жаңа Заңда көрсетілген Ханафи бағытымен астасып, жастарымыз діни сауатты болып, саламатты өмір салтын құруына молынан жол ашатыны даусыз ақиқат.

Халқымыздың мәдени дамуы, рухани өмірінің жаңғыруы тәуелсіздіктің арқасын­да, сондай-ақ, Елбасымыздың сарабдал саясатының нәтижесі деп түсінеміз.

Амангелді ЕСЕЙ, республикалық қайырымдылық мекемелер директорлары кеңесінің төрағасы, дінтанушы.