• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2012

Талғардағы тәлім ордасы

335 рет
көрсетілді

Талғардағы тәлім ордасы

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 8:22

Экономиканы тұрақтандырып, жаңа технологияны өндіріске енгізу саясатын қанша жерден қолға алғанымызбен, жұмыссыздық мәселесі түбегейлі шешілмей тұрған мәселенің бірі екені рас. Бұл – барлық қоғамда да, кез келген мемлекетте де кездесетін күрделі түйін. Елбасы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің стратегиясын жасап, әр жылда түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыссыздықтың алдын алу шарасын нығайту керектігін өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында баса назарға алып келеді.

 

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 8:22

Экономиканы тұрақтандырып, жаңа технологияны өндіріске енгізу саясатын қанша жерден қолға алғанымызбен, жұмыссыздық мәселесі түбегейлі шешілмей тұрған мәселенің бірі екені рас. Бұл – барлық қоғамда да, кез келген мемлекетте де кездесетін күрделі түйін. Елбасы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің стратегиясын жасап, әр жылда түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыссыздықтың алдын алу шарасын нығайту керектігін өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында баса назарға алып келеді.

Осы ретте жұмыссыздыққа қарсы шара қолдану мақсатымен ел Үкіметі «Жұ­мыс­пен қамту-2020» бағдарламасын қа­был­даған еді. Бұл бағдарламаның мақ­са­ты жұмыспен тұрақты түрде қамта­ма­сыз ете отырып, халықтың табысын арт­тыру болатын. Үдеден шығу үшін бүгінгі таңға дейін біршама іс атқа­ры­лып, кө­ңіл­ге қонарлықтай нәтижесі де байқалуда.

Жуырда Алматы облысына қарасты Талғар қаласында орналасқан №4 кәсіп­тік лицей Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақ­стан халқына арнаған биылғы «Әлеумет­тік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы аясында облыс көлеміндегі кәсіпорын бас­шыларының басын қосып, дөңгелек үс­тел отырысын өткізді. Аталмыш ша­ра­ға республикалық деңгейде өнім өндіріп отырған «Сұлтан», «Барон», «Тұлпар-экспресс», «Глазман», «Байсерке-АГРО» ЖШС-лері, «Водоканал» МКК, «Алатау жарық» компаниясы секілді кәсіпорын өкілдері қатысты. Көтеріл­ген мәселе қа­жетті мамандық­тар­ға білікті маман тәр­биелеу және өңірдегі жұмыссыздық проб­лемасымен жұмыла күресу шара­ларын жаңа деңгейге көтеру жөнінде болды.

Сексен жылдық тарихы бар №4 кә­сіп­тік лицей – іргетасы қаланғалы бері ауыл ша­руашылығы мен халыққа қызмет көр­се­ту мекемелеріне маман даярлау және жастарға кәсіптік-техникалық білім беру ісін тұрақты да тыңғылықты жүргізіп келе жатқан білім ошағы. Тәуелсіздік алған кездегі елең-алаң шақта да, экономика­лық-қаржылық дағдарыс тығырыққа тіреген уақытта да бұл оқу ордасы тоқтаусыз жұ­мыс істеп тұрды. Тіпті, мемлекет тара­пынан қаржылай қолдау көрмей, жеке­ше­лен­дірудің тұзағына түсудің де аз-ақ ал­ды­нан өтті. Көптеген кәсіпорындар дағ­да­рысты сылтау етіп лицей шәкірттерін жұмысқа қабылдаудан бас тартқан, оқу ордасымен жасасқан екіжақты келісім-шартты бұзуға дейін барған. Тек соңғы 3 жыл көлемінде ғана лицейдің материал­дық-техникалық базасы жаңарып, керекті оқу құралдары мен жабдықтар алына бастады. Атап айтсақ, 2009-2010 жылда­ры 1,739 миллион теңге, 2011 жылы 15 миллион және облыс әкімдігі тарапынан 116 миллион теңге қаржы бөлініп, ол ақ­ша­ға лицей ғимараты күрделі жөн­деуден өткізілген, оқу кабинеттері мен шеберха­на­ларға қажетті жиһаздар, компьютерлер, интерактивті тақта алынған.

Қаржылық қолдаудың көмегімен кә­сіп­тік лицей 2009 жылы – 106, 2010 жылы – 194, ал 2011 жылы 162 жас ма­ман­ды даярлап, қала мен облыс аума­ғын­да жұмыс істеп отырған өндіріс орын­да­ры­на орналасуға септігін тигізген. Соны­мен қатар, Үкіметтің «Жол картасы» бағ­дар­ламасын жүзеге асыруға да сүбелі үле­сін қосып, 2009 жылы – 343, 2010 жылы 79 және 2011 жылы 85 маманды дайындау және қайта даярлау курсынан өткізіп, біліктілікті растау және беру орталығының нәтижесі бойынша 184 оқу бітірушісінің 148-і біліктілік тестін нәтижелі тапсырып шыққан. Бұл №4 кәсіптік лицейде тәжірибелі ұстаздар ортасының қалыптасқандығы мен мамандыққа даярлау тәсілінің дұрыс жолға қойылғандығын көрсетеді.

Бұрын «Ауыл шаруашылығын сулан­ды­ру механизаторы» дейтін мамандыққа сұраныс мол болса, бүгінгі заман тала­бы­на сай «Автомобиль жөндеуші және тех­никалық қызмет көрсету» мамандығына қызығушылық таныту және жеке кәсіп­керлер тарапынан техника маманына сұраныстың артуына байланысты лицей заманауи мамандықтарды игеруді қолға алып отыр. Республика көлеміндегі ірілі-ұсақ қалалар мен аудандарды айтпаған­ның өзінде, бір ғана Талғар қаласында ма­шина жөндеу орталықтары көптеп ашыла бастаған. Сол себепті де «Автомобиль жөндеуші және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша жылына 50 шәкірт білікті дайын маман ретінде өмірде өз орнын тауып, еңбек жолына түсуде. Теория­лық сабақ кезінде Я.Ягмуров, С.Жақа­баев, О.Жүкелов секілді 25-30 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі оқытушылар жас мамандарды шеберлікке баулиды.

Қанат ЕСКЕНДІР.

Алматы.