• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2012

Түсіністік тұғыры

295 рет
көрсетілді

Түсіністік тұғыры

Сейсенбі, 28 ақпан 2012 7:25

Жақында Астанаға ҚХР-дан бір топ делегация келді. Олардыңарасында ҚХР Сыртқы істер министрлігіндегі қызметін 1958 жылданаудармашы ретінде бастаған, 1988-1998 жылдар аралығындаҚытайдың Болгариядағы, Румыниядағы, Молдавиядағы және Ресейдегіелшісі қызметтерін атқарған, ал 2008 жылдан бастап ҚХР Сыртқыістер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси-консультативтіккомитетінің мүшесі Ли ФЭНЛИНЬ, сондай-ақ,

Сейсенбі, 28 ақпан 2012 7:25

Жақында Астанаға ҚХР-дан бір топ делегация келді. Олардыңарасында ҚХР Сыртқы істер министрлігіндегі қызметін 1958 жылданаудармашы ретінде бастаған, 1988-1998 жылдар аралығындаҚытайдың Болгариядағы, Румыниядағы, Молдавиядағы және Ресейдегіелшісі қызметтерін атқарған, ал 2008 жылдан бастап ҚХР Сыртқыістер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси-консультативтіккомитетінің мүшесі Ли ФЭНЛИНЬ, сондай-ақ, ҚХР-дың Германиядағыбұрынғы елшісі, бүгінде Сыртқы саяси-консультативтік комитетініңмүшесі Лу ЦЮТЯНЬ және Қоғамдық ғылымдар академиясына қарастыЭкономика және саясат институтының директоры Чжан ЮЙЯНЬ бар.Бізге шетелдік қонақтармен әңгімелесудің сәті түскен еді.

ТІЛШІ: Қазақстанға хош келдіңіздер! Ең алдымен, елімізге келгенсапар­лары­ңыздың мақсатымен бөліссеңіздер.

Ли ФЭНЛИНЬ: Біз ресми делегация өкілдері емеспіз. Біз Қытайдың Сыртқы іс­тер министрлігіне қарасты Сыртқы саяси-кон­­суль­тативтік комитетінің мүшелеріміз. Қазақ­стан елордасы – Астанаға осы елдің ғалымдары мен жоғары лауазымды азаматтарымен кез­десіп, бүгінде қалыптасып отыр­­ған халық­аралық жағдайлар және екі­жақты байланыстар жөнінде ой-пікір алмасу үшін келдік.

ТІЛШІ: Қазақстан мен ҚХР ежелден көршілес жатқан елдер. Тиісінше қос мемлекет арасындағы достық байланыстар және ынтымақтастық қарым-қаты­нас­тар­дың тамыры да тереңде жатқаны сөзсіз. Екі елді жақындататын тарихи тамыр­ластық жөнінде әңгіме өрбіт­се­ңіздер…

Ли ФЭНЛИНЬ: Биылғы жыл – қос мемлекет үшін де айтарлықтай жыл. Айтар­лықтай болатын себебі, Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық байланыстар­дың орнағанына 20 жыл толды. Ал негізі­нен алғанда, біздің елдеріміз сан ғасы­р­лардан бері өзара тұрақты түрде байланыс орнатып ке­леді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақ­стан өзінің Тәуелсіздік тізгінін қолына алды. Соған сәйкес, соңғы 20 жылдан бері біздің ынтымақтастығымыз тәуел­сіз мемлекеттер арасындағы байланыс ре­тінде тұрақты түрде дамып отыр. Әрине, екі ел арасындағы дипло­матиялық қарым-қаты­настардың дамуында белгілі бір үдерістер, әртүрлі кезеңдер бар. Солардың ішінде ҚХР мен жас мемлекет – Қазақстанның жаңа жағдайларға байланысты қалыптасқан «адап­­тациялық үдерісін» айрық­ша атап өтуіміз керек.

Бұдан да басқа белгілі бір үдерістер бар. Бұл үдерістерге байланысты екі ел бір-бірін жақынырақ танып, екіжақты қарым-қаты­насты болашақта қалай дамытуға болатынын да біле түседі. Менің ойымша, Қазақ­стан мен ҚХР-дың бүгінгі ынтымақтас­тығына қос тәуелсіз мемлекеттің «толық қалыптасқан қарым-қатынасы» деп баға беруге болатын секілді.

Мен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған Жолдауымен танысып шықтым. Бұл ретте мынаған көз жеткіздім: біздің елдердің алдында ортақ және ұқсас мақсаттар мен міндеттер тұр екен.

ТІЛШІ: Қос мемлекеттің саяси әріп­тестік байланысына бүгінгі өлшем тұр­ғысынан қандай баға берер едіңіздер?

Ли ФЭНЛИНЬ: Қытай мен Қазақстан­ның саяси әріптестік байланысы жоғары деңгейдегі өзара сенім өлшеміне сай құрыл­ған. Біздің елдердің жоғары басшылары арасында тұрақты түрде байланыс орнап, өзара келіссөздер жүргізіліп келеді. Қос мемлекеттің ынтымақтастығы белгілі бір қалыпқа түсуімен, сондай-ақ жоғары дәре­же­ге көтерілген қарым-қатынас тетігінің іске қосылуымен ерекшеленеді.

ТІЛШІ: Тауар айналымы, сауда-эко­но­микалық саладағы байланыстың бү­гінгі даму деңгейіне қандай баға бересіз?

Ли ФЭНЛИНЬ: Екіжақты тауар айланымына келер болсақ, 20 жыл ішіндегі сауда және тауар айналымы көп есеге артты. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 30 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан – Қы­тайға көршілес жатқан ел. 20 жылдың ішін­де Қазақстан барлық аспектілер бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ­стан ТМД кеңістігі бойынша экономикасы Ресейден кейінгі мықты ел ретінде өз орнын айқындап үлгерді. Сол арқылы ол өзін тез дамып келе жатқан ел ретінде де танытуда. Ал бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қытайдың көп жоспарлы және сан түрлі саладағы жан-жақты дамуы үшін де мықты экономикалық негіз қалайды.

Сауда-экономикалық байланыстар жө­нін­де айтатын болсам, мына мәселелерге айрықша тоқталар едім. Қазақстанда мынандай пікір-көзқарас кең тараған. Оның өзегі: «Қазақстан Қытайды шикізатпен қам­тамасыз етіп отыр. Осыған байланысты Қазақ­стан Қытайға шикізат тасымалдайтын елге, яғни «шикізат шылауына» (сырьевой придаток) айналған» дегенге саяды. Осы орайда, мынадай сұрақ туындайды: яғни, «шикізат шылауы» дегеннің өзі нені біл­діреді? Бұл ұғым колониалдық, яғни отарлық дәуірде пайда болған еді. Ал қазір­гі таңда біз мүлдем басқа дәуірде, яғни экономикалық жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жаһандану дәуірі жағда­йында интеграция­ның сан түрлі үдерістері пайда болады. Ал интеграция үдерістері дегеніміз не? Бұл әр түрлі елдер өздерінің жеке қызығушы­лықтары мен мүдделеріне сәйкес, ерікті түрде түрлі институттар мен механизмдерді жүзеге асырады дегенді білдіреді. Оның негізгі мазмұны мынада: артықшылықтарды өзара толықтыру және байыту. Бір елде бірден барлығы болуы, барлығына бірдей иелік ету мүмкін емес. Әр елдің өз артық­шылығы мен кемшілігі болады. Ал интеграция аясында түрлі елдер өзінде жоқты өзгенікімен толықтырып жатады, яғни өзара ықпалдастық әрекеттерге барады.

Әлемнің көптеген едерінің экономика­лық даму үдерістеріне сәйкес, шикізат – ол бай­лық болып саналады. Негізінен алғанда, дү­ние жүзінде шикізаттық ресурс­тарға бай бір­неше ғана ел бар. Мәселен, Канада және Австралия. Бұл елдердің шикі­заттық ресурс­тарының экспорты олар­дың жалпы экспор­тының басым бөлігін құрайды. Алайда, олар ешқашан да өздерін белгілі біреулердің «ши­кі­зат шылауы» деп санамаған.

Қазақстан экономикасының соңғы жыл­дардағы дамуы мына бір шындықты нық­тай түседі: Қазақстан өзінің шикізаттық артық­шы­лығы мен мүмкіндігін иннова­циялық экономиканың негізін қалау үшін пайдаланып отыр. Мұны Президент Назар­баевтың өзі айтқан болатын. Шикізаттық ресурс­тардың экспорты Қазақстан экономи­ка­сының дамуы үшін мықты материалдық негізге айналған. Сіздер аз ғана мерзім ішінде мүлдем жаңа қала, жаңа Астананы салдыңыздар. Ал бұл жобаны жүзеге асыру мықты экономикалық күш-қуатсыз, мықты экономикалық негізсіз мүмкін болмас еді. Сондықтан, Қазақстан, қазақ жұрты өзінде бар бай шикізат ресурстарымен мақтануы қажет деп ойлаймын.

ТІЛШІ: Қытай мен Қазақстанның гума­нитарлық саладағы байланыстарының даму барысы қандай деңгейде? Қазақ тарихына қатысты құжаттардың басым бөлігі Қытайда сақталғаны белгілі. Бұған Қытай мұраға­ты­нан Қазақ елінің мемлекеттік тарихы үшін айрық­ша маңызды көптеген құжат пен де­рек­­на­маның табылып, зерттелуі дәлел бола алады. Осы жөнінде қандай ой қосар едіңіздер?

Ли ФЭНЛИНЬ: Қос халық арасындағы тарихи байланыс мың жылдан астам мер­зімді артқа тастайды. Осыған сәйкес, Қытай­дың көптеген ежелгі жазба дереккөздерінде қазақ халқының дамуына қатысты мәлімет­тер жазылған. Бұл бағытта да біздің елде­ріміздің арасында жақсы байланыс орнаған. Менің білуімше, Қазақстан Шығыстану институты­ның ғалымдары Қытайға барып, біздегі мұра­ғатпен танысып шыққан. Осы сапардан кейін олар бірнеше еңбекті жарыққа шығарған. Яғни, Қазақстан ғалымдары Қы­тайдың ежелгі жазба мұраларында қазақ халқының тарихына қатысты деректердің бар екеніне көз жеткізген. Бұл – қазақ халқы мен қазақ ұлты­ның тарихы жайлы толық ақпарат алу үшін өте маңызды қадам. Сондықтан, мен бұл ба­ғыт­та қос мемлекет арасында жақсы байланыс орнатылған, болашақта да бұл ынты­мақ­тастық одан әрі дами береді деп ойлаймын.

ТІЛШІ: Қазақстан, Ресей Федерациясы және Беларусь мемлекеттері бірігіп құрған Кеден одағына және Біртұтас экономи­ка­лық кеңістікке қатысты не айтар едіңіздер?

Ли ФЭНЛИНЬ: Кеден одағы – өңірлік интеграция үдерістері пішіндерінің бірі деп айтар едім. Бұл орайда бізді, яғни Қытайды не қызықтырады? Қытай мен осы Одақ ара­сындағы байланысты қалай орнатқан дұрыс? Бұл сауалдарға жауап іздейтін болсақ, біз өзара сауданы осы «үштікпен» Бүкіләлемдік сауда ұйымы ережелеріне сәйкес дамытатын боламыз деп ойлаймын. Бұл, ең алдымен, кедендік баж салығы саласына қатысты ережелерге қатысты туындайтыны белгілі. Бізге Қазақстанның биылғы жылы Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке енетіні де белгілі.

ТІЛШІ: Қазақстанның ядролық қауіп­сіздік, жаппай қырып-жоятын қаруларға қар­сы көтерген бастамаларына Қытай тара­пының көзқарасы қандай?

Ли ФЭНЛИНЬ: Мен бірден айтайын, мұндай бастамалар өте-мөте қажет. Бұл бас­таманы тек Қытай ғана емес, әлемнің көп­теген елдері қолдап отыр. Сондықтан, Орта­лық Азия өңірінде «ядролық қарудан азат аймақ» құру идеясы – әлемдегі жалпыға ортақ ұстаным.

ТІЛШІ: Енді Сирияға қатысты бірер сауал қойғымыз келіп отыр. БҰҰ-ның Қауіп­сіздік Кеңесі Сирияның президенті өз тағы­нан бас тартып, өзінің билік тізгінін оппо­нент­теріне беруіне қатысты арнайы қарар қабылдағысы келгені, алайда Ресей мен Қытай бұл мәселеге вето қойып, қарарды қабылдатпай тастағаны белгілі. Қытайдың бұл ұстанымын қалай түсіндірер едіңіздер?

Лу ЦЮТЯНЬ: Иә, Қытай БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің қарарына вето қойды. Жа­қында ҚХР БҰҰ-ның бұл қарарына тағы да қарсы дауыс беріп, оған екінші мәрте вето қойды. Егер Қытай екі мәрте қарсы дауыс беретін болса, бұл ҚХР-дың үлкен жауап­кершілік жүгін арқалаған ел екендігін айғақ­тайды. Бұл өз кезегінде Қытайдың сыртқы саясаттағы ұстанымдарын да байқатады. Ал бұл ұстанымдар бірінші кезекте мынаған саяды: Қытайдың сыртқы саясаты – өз алдына дербес және тәуелсіз саясат. Біз әрдайым БҰҰ-ның жарғысын қабылдаймыз және тиісті қағидаттарын ұстанамыз. Оның ішінде «өзге елдердің ішкі мәселелеріне араласпау керек» деген ұстанымын басшылыққа алған­ды жөн санаймыз. Біз әлемнің кез келген елінің егемендігіне құрметпен қарауға шақырамыз.

Сириядағы жағдайға қатысты айтар болсам, біз бұл мәселеге әрдайым объективті және әділетті қағидат тұрғысынан келуді мақ­сат тұтамыз. Жақында Қытайдың БҰҰ-дағы Тұрақты өкілінің орынбасары Қытай­дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына неге қарсы дауыс бергені жөнінде ұзақ түсініктеме берді. Мен өз тарапымнан бұл түсініктемені былайша талдап, қорытып бере аламын: біз кез келген елдің режімін зорлық және артық күш көрсету, күштеу шаралары негізінде өзгертуге қарсымыз. Біз кез келген мемлекет халқының өз алдына дербес жаса­ған таңдауының құрметтелуін жақтай­мыз. Басқаша сөзбен айтсақ, сол елдердің жұмыс істеп тұрған режімдерін өзгерту керек пе және оны қалай өзгерткен дұрыс деген сауалдар түйінін сол мемлекеттер халықтарының өздері дербес түрде және өз еркімен шешу­лері қажет деп санаймыз. Менің ойымша, қазіргі таңда Сирия үшін, оның болашағы үшін ең өзекті мәселе – ол артық күш көрсету шараларын тоқтату, бұдан кейінгі қантөгістің алдын алу, бейбіт тұрғындардың жағдайын ойлау үшін өзара келісімге келу, тез арада ортақ үнқатысу орнату.

Алайда, БҰҰ қарарына көз жүгірткені­мізде, онда белгілі бір талаптар жазылғанын байқадық. Ол талап оппозицияға емес, тек Сирияның билігіне қарсы күш көрсетулерді тоқтату керек деген мазмұнға саяды екен. Сол себепті де мұндай күш көрсетулер әлі де жалғаса береді деп ойлаймын. Бір айта кетерлігі, әдетте БҰҰ қарарлары қабылдан­бас бұрын олар, ең алдымен, демократиялық пікірталастар мен кеңестерге өзек-негіз болады. Бірақ бұл жолғы қарарға келгенде кейбір елдердің осындай күш көрсету шаралары­ның жүруіне өз дауыстарын беріп, осы ұста­нымдарын алға тартқысы келгендері байқал­ды. Әрине, Қытай тарапы бұл мәселемен келісе алмайды, тиісінше, бұл пікірді де қолдай алмайды. Өзінің сөзінде Қытай тарапының өкілі Сирияның билігіне Сирия халқының үніне мұқият құлақ түруге шақыр­ды. Біз Сирия оппозициясын инклюзивтік саяси үнқатысу орнатуға шақырамыз және осыны оппозициядан талап етеміз. Қытай үкіметі бұл мәселеге өзінің белсенді күш-жігерін жұмсап келеді.

Бұл ретте мен екі мысал келтіре аламын. Жақында Қытайдың Дипломатия қоғамдас­тығы Сирия оппозициясын келіссөз жүргізу мақсатында Қытайға шақырды. Екінші бір мысал, қазіргі таңда Қытайдың Сыртқы істер министрінің орынбасары Сирия жерінде жүр. Ол бұл елдің барлық тараптарымен байланыс орнатып, келіссөз жүргізуде. Осыған сәйкес, бүгінде Қытай мемлекеті Сириядағы күш көрсету мен қантөгісті тез арада тоқ­татып, уақыт кешіктірмей саяси үнқатысу орнату қажет деген қағидатты ұстанып отыр.

Тағы бір атап өтерлігі, Қытай мемлекеті Сириядағы саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатындағы Араб елдерінің көрсетіп отыр­ған күш-жігеріне де құрметпен қарайды. Қытай тарапы Араб елдері алға тартқан арнайы жоба-жоспарлар аясында осы күрделі мәселенің түйінін шешу жолдарына жәрдем­десуге әзір және оған мүдделілік танытуда. Жалпы алғанда, Қытай қоғамы Сирияның айналасында қалыптасқан жағдайға айрық­ша алаңдаушылық танытып отыр.

ТІЛШІ: Бүгінде әлемдік-қаржы-эконо­ми­ка­лық дағдарысының ықтималдығы жа­һан­дық ауқымдағы ең бір өзекті мә­се­леге айналды. Алайда, бұл дағдарыс орын алған жағдайда жаһандық экономикаға тереңнен әсер ететін, оның құрылымын түпкілікті өзгертетін құбылыс па, әлде ол тек уақытша қиындық па? Бұған дейінгі экономикалық дағдарысты біраз ел ең­сере алғандай болды. Ал қаржы дағ­да­рысының ендігі, яғни екінші толқыны келген жағдайда ол әлем елдері экономикасына қаншалықты әсер етуі мүмкін?

Чжан ЮЙЯНЬ: Мен қаржы дағдары­сына қарсы тұру, оған тосқауыл қою бүгінде жаһан елдері үшін басты мәселеге айналды деген пікірге қосыламын. Менің ойымша, қазіргі қаржы-экономикалық дағ­да­рысты те­рең себептермен байланысты­руға болады. Олар, ең алдымен, капита­листік жүйе­мен және бүгінгі жалпы әлем­дік архитектурамен өлшенеді. Әлемде бұ­рын да дағдарыс бол­ған. Бұл ретте Мекси­кадағы, Азия елдерін­дегі экономикалық дағдарысты мысалға келтіруге болады. Бірақ, бұл дағдарыстар негізінен қалыпта­сып келе жатқан нарығы бар экономикаларда туындады. Ал бүгінгі дағдарыстың себеп-салдары, тереңдігі мен ауқымдылы­ғы өзгеше. Ол бірінші кезекте әлемнің жетекші экономикаларына әсерін тигізуде. Олар – АҚШ және Еуропа.

Кейбір азаматтар: «Қазіргі дағдарыс капитализм істен шыққандықтан туындап отыр. Бірақ ол, ең алдымен, корпоративтік деңгейде байқалуда. Басқаша айтсақ, бас­қарушылық тетігі дұрыс құрылмаған және бағытталмаған» деп есептейді. Бірақ, Қы­тай ғалымдарының басым көпшілігі бүгін­де Батыстың жетекші экономикаларында ту­ын­даған дағдарыс тек корпоратив­тік дең­гейге ғана байланысты емес, ол жалпы капи­талистік жүйенің істен шыққан­дығы­мен бай­ланысты болып отыр деген пікірді ұстануда. Біздің көз алдымыздан сан түрлі құрылымдық қарама-қайшылық­тар мен про­блемалар өтуде. Құрылымдық сипатқа ие мұн­дай қарама-қайшылықтар, біздің ойымызша, аз ғана уақыттың ішінде ретке кел­мейді. Оларды ретке келтіру үшін бел­гілі бір мерзім мен үдеріс қажет. Мәселен, 5 жылдан 10 жылға дейінгі уақыт керек.

Мен Батыста мынандай пікірлердің пайда болғанын да білемін. Ол пікірлер: «Қазіргідей дағдарыс жағдайында әлемге жаңа «Маркс» керек. Ол дүние жүзінде болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарға түсініктеме беруі және Батысты дағдарыс құрсауынан алып шығуы керек» дегенге саяды. Ал бүгінгі экономикалық және қар­жы дағдарыстарынан туындайтын қиын­дықтар мен оның салдарына тоқталар болсам, мынандай болжам айтар едім: бірін­шіден, әлемдік экономика төменгі немесе ортаңғы кезең өсіміне аяқ басады. Ал Еуропа экономикасына келсем, өткен тоқсан­да Испанияда келеңсіз өсім орын алғанын байқадық. Көпшілік: «Егер екі тоқсан бойы Испанияда келеңсіз әрі жағымсыз өсім орын алатын болса, Испания рецессияға түседі» деген пікірлер айтып жүр. Сондық­тан, осыған байланысты бүкіл Еуропа да рецессияға ұрынуы мүмкін деген болжам­ның өсе түскенін байқауға болады.

Әлемдік экономика өсімінің баяулауы мен тежелуіне қатысты жасалған сарапта­маның бір нәтижесі мынадай: АҚШ-тағы, Еуропадағы дағдарыс аз ғана уақыттың ішінде ретке келмейді. Себебі, мұндай дағдарысты ретке келтіру үшін, бірінші кезекте, экономиканың өсімі қажет. Ал әлемдік экономиканың тежелуі мен баяулауы сондай-ақ халықтың жұмыспен қамты­луына да кері әсерін тигізуде. Соған байланысты бұл мәселе АҚШ пен Еуропа елдерінде өте жоғары деңгейде тұрақталып тұрады деп ойлаймын. Бюджет шығында­рын азайтуға байланысты жұмыссыздық та көбеюде. Жұмыссыздықтың кеңінен етек алуына байланысты толқулар мен үрей-қорқыныштар да өрши түсуде. Ал мұның барлығы, түптеп келгенде, Еуропа елдерін­дегі қоғамдық тұрақтылыққа өз әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Экономика дамуының тежелуі мен баяулауы импортқа, оның ішінде Еуропаның импортына да өз салқынын тигізбей қоймайды. Импортқа деген сұраныс кемиді, соған сәйкес, им­порт­тың көлемі де азаяды. Бұл өз кезегінде тауар айналымындағы қарама-қайшылық­тарға әкеліп соғады. Яғни, қарама-қай­шылық ұлғаяды, АҚШ-та ғана емес, Еуропада, сондай-ақ, жаңадан қалыптасып, дамып келе жатқан нарығы бар экономикаларда протекционизм (тамыр-таныстық) өсетін болады. Демек, әлемдік экономика өсімінің тежелуі – әлемдік экономикалық дағдарыстан туындайтын бірінші салдар болуы мүмкін.

Ал екінші салдар – әр түрлі елдердегі валюталық жүйе мен қаржылық-валюта­лық саясатқа байланысты туындауы мүм­кін. Енді бір алаңдаушылық туғызатын мәселе – инфляция. Экономикалық да­му­ға жағдай жасап, дем беру үшін әлемнің көптеген елдерінде базалық ставкалар тө­мендетіліп отыр. Мә­селен, Еуропадағы қысқа мерзімді базалық ставка шамамен 1 пайызды, АҚШ-та 0-ден 0,25 пайызға дейінгі аралықты, Жапонияда тіпті 0 пайызды құрап отыр. Сол себепті, базалық ставканың төменгі көрсеткіші инфляция өсіміне «дем бермей» қоймайды. Бұл, әсіресе, экономикалардың өсімі жеткілікті деңгейде байқалмай тұрған кезде көрініс береді. Ал инфляция өскен жағдайда, әлем­дік экономика стагнацияға, яғни тоқырауға ұшы­райтыны белгілі. Дамыған елдердегі эконо­ми­калық жағдайдың нашарлауы – бұл елдердің өз капиталдары мен активтерін дамушы ел­дер­ден және жаңадан қалып­тасып келе жат­қан нарығы бар экономикалардан шыға­руға еріксіз мәжбүрлейді. Осының салдарынан біз бүгінде валюталар курсының күрт тұрақсыз­дануы мен өзге­руін көріп отырмыз. Дамыған экономика­лардағы нашар ахуал, сөзсіз қор рыногы мен валюта рыногының күрт «шайқа­луына» әкеліп соғады. Ал қор рыногын­дағы валюта курсының тұрақсызда­нуы әлем­дік саудаға, инвестицияға және капиталдарды орналастыруға кері әсер ететіні сөзсіз.

Тағы бір маңызды мәселе шикізат өнім­дерінің әлемдік бағасына байланысты туындап отыр. Бұл ретте, бірінші кезекте, қуат көздеріне қатысты айтуымыз қажет. Ал оны айтқан кезде ойға әуелі мұнай түсетіні белгілі. Ли Фэнлинь мырза Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық байланыстар туралы сөз қозғаған кезде энергетика мәселесіне айрықша назар аударып өтті. Себебі, Қытай газ бен мұнайдың ауқымды импортері болса, ал Қазақстан ауқымды энергия жеткізуші-экспортерлер­дің бірі екені белгілі. Ал энергия жеткі­зушілерге қатысты әлемдік бағаның тұрақ­сыздануы мен өзгеруіне байланысты белгі­лі бір болжам айту қиын деп ойлаймын. Жалпы, бұл жағдай, Лу Цютянь мырза айтқандай, Таяу Шығыстағы, Сириядағы және Иранның айналасындағы жағдайдың қалай өрбитініне байланысты болмақ.

Қаржы-экономикалық дағдарыстың екін­­­ші толқынына тоқталатын болсам, мынаны айтар едім: бүгінде Қытай мен Қазақстан, әсіресе, Қытай әлемдік экономикамен тығыз әрі жақын интеграция­ланған. Сондықтан, әлемде орын алатын кез келген жағдай сөзсіз, Қытайға әсер етеді. Қытай экономи­касының да, Қазақ­стан экономика­сының да, яғни екі эконо­ми­каның да рецес­сияға енуі екіталай. Алай­да, Қытайда да, Қазақстанда да өсім қарқыны қысқаруы әбден мүмкін деп ойлаймын.

ТІЛШІ: Салиқалы әңгімелеріңіз үшін рахмет. Табысты болыңыздар. Елдеріміз өзара достық, түсіністік және страте­гия­лық әріптестік негіздерінде халықтары­мыздың игілігі үшін өсіп-өркендей берсін.

Әңгімелескен Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.