• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2012

Тамыры терең түсіністік

571 рет
көрсетілді

Тамыры терең түсіністік

Жұма, 2 наурыз 2012 7:01

Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа – 20 жыл

Түрік Республикасы мен Қа­зақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қаты­нас­тың орнағанына 20 жыл толып отыр. Түрік және қазақ халықтары араларындағы жер шалғайлығына және бір-бірлерінен ұзақ жылдар ажырап қалғандарына қарамас­тан тілдері бір, өткені мен мә­де­ниеті ортақ екендігін ешқашан ұмыт­пай, әрдайым бір-біріне ті­лек­тес болып келді. Осы қасиетті құн­дылықтар мен ортақ тілектер қа­рым-қатынасымыздың негізін құрады.

 

Жұма, 2 наурыз 2012 7:01

Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа – 20 жыл

Түрік Республикасы мен Қа­зақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қаты­нас­тың орнағанына 20 жыл толып отыр. Түрік және қазақ халықтары араларындағы жер шалғайлығына және бір-бірлерінен ұзақ жылдар ажырап қалғандарына қарамас­тан тілдері бір, өткені мен мә­де­ниеті ортақ екендігін ешқашан ұмыт­пай, әрдайым бір-біріне ті­лек­тес болып келді. Осы қасиетті құн­дылықтар мен ортақ тілектер қа­рым-қатынасымыздың негізін құрады.

Ортақ тарихымыз, мәдение­тіміз, тегіміз, тіліміз бен қасиетті құндылықтарымыз елдерімізді тығыз байланыстырып тұр. Қожа Ахмет Ясауи және Мұстафа Кемал Ататүрік сынды түркі әлемі­нің ұлы даналары мен жетек­ші­лері де елдеріміз бен халықтары­мыздың мәңгілік мақтаныштары. Осындай достық пен туыстықтың белгісі ретінде Астана қаласының ең көрікті орындарының бірінде Түркияның негізін қалаушы Ата­түрікке, Анкара қаласының ең әсем саябақтарының бірінде тәу­ел­сіз Қазақстанның тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатылды.

Түркия мен Қазақстан арасында жоғары деңгейлі байланыстар мен сапарлар Қазақстан тәуелсіз­дігін жарияламас бұрын басталды. Түрік Республикасының сол кездегі Президенті Тұрғыт Өзал 1991 жылдың наурызында Қазақ­станға алғаш сапарын жасаған болатын. Осы сапар барысында Түрік Республикасы мен Қазақ Кеңестік Со­циа­­­листік Республикасы арасында Достық және ын­­­тымақтастық туралы шартқа қол қойылды. 1991 жыл­­­­дың кү­зінде Президент Өзал Орталық Азия­­­да­ғы бес республика Прези­дентін Ан­­­­­ка­­­раға шақырды. Бұл шақыру бойынша алғаш болып Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жыл­дың қыркүйек айында Түркияға алғашқы сапарын жүзе­ге асырды.

Терең тарихи байланыстары бар Түркия әрдайым Қазақ­стан­ның қа­­­сынан табылды және тәу­елсіздігін жариялаған күн­­­нен бас­тап халық­аралық қоғам­­­дас­­тық арасында лай­­ықты орнын алуы үшін қажетті қол­­­даудың бәрін көр­сетті. Екі ел арасындағы бау­ыр­­ластықтың белгісі ретінде 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ­стан өз тәуелсіздігін жария еткеннен кейін екі сағат өтпей Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін та­ны­ған алғашқы ел болды. Екі ел арасындағы жоғары деңгейлі жүз­десулер кезінде Қазақстан жағы­ның мұны әлі күнге дейін риза­шылықпен еске алуы біз үшін үлкен мақтаныш.

Екі мемлекет арасындағы дип­ломатиялық қатынастар Түрік Рес­публикасының сол кездегі Сырт­қы істер министрі Хикмет Четиннің Қазақстанға жасаған сапары кезінде қол қойылған хат­тамаға сәйкес, 1992 жылғы 2 наурызда құрылды және сол жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласында Түрік Республикасының елшілігі ашылды. Қазақстанның Түрік Рес­­­публикасындағы алғашқы Тө­­тен­ше және өкілетті елшісі Қанат Сау­дабаев 1992 жылдың 20 мамырында өз қызметіне кірісті.

Қазақстанмен қарым-қаты­на­сы­мыз жоғары деңгейге жетіп қана қоймай, Қазақ елі өңірдегі ең маңызды саяси және эконо­мика­лық әріптесімізге айналды. Елде­ріміз арасында жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқан жиі сапарлар екі елдің қарым-қатына­сын одан әрі нығайта түсуде.

Түркия мен Қазақстан арасын­дағы сауда-экономикалық байланыстар әртараптанып, артуын жал­ғастыруда. Қазақстан – Түр­кияның аймақтағы ең сенімді сауда-экономикалық әріптесі. 2011 жылдың аяғындағы жағдай бойынша екіжақты сауда айналымы 3,5 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Түрік компа­ния­ларының Қазақстандағы жалпы капиталы 2 миллиард доллар шамасында. Түркия, энергетика саласын қоспағанда, Қазақстанға инвестиция салу жағынан төр­тін­ші орынды иеленеді. Түркиялық құрылыс компаниялары жүзеге асырған жобалардың жалпы құны 15 миллиард доллардан асты. Екі елдің мемлекет басшылары, әсі­ре­се, сауда-экономикалық, инвестиция салаларында ынтыма­қтас­тықты әртараптандыру мақсатын алға қойып отыр. Осының аясында соңғы уақыттарда қорғаныс өнеркәсібі саласында елеулі та­быстарға қол жеткізілді. Түркия мен Қазақстан арасында туризм саласында да ынтымақтастық қар­қынды түрде дамып келеді. 2011 жылы Түркияға келген Қазақстан азаматтарының саны 2010 жылмен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 316 мыңға жетті.

Білім және мәдениет сала­ла­рын­дағы ынтымақтастығымыз қа­рым-қатынасымыздың  маңызды өлшемдерінің бірін құрайды. 1992 жылдан бері өткен мерзім ішінде көптеген қазақстандық студент Түркияда жоғары білім алды. Осы күнге дейін Түркияда білім нә­рі­мен сусындаған қазақстандықтар­дың саны 3000-ға жетті. Түркияда және Қазақстандағы түрік уни­вер­ситеттері мен қазақ-түрік мек­теп­терінде оқыған және білім алып жатқан қазақ жастары, Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік универси­теті мен басқа да білім орындарында оқыған және оқып жатқан түрік жастары екі елдің ортақ келешегінің негізін қалайды.

Қазақстандағы түрік мәде­ние­ті мен тіліне деген қызығу­шылық­қа ризашылығымызды білдіреміз. Осы орайда, Түркия Президен­ті­нің 2010 жылдың мамырында Қа­зақстанға жасаған сапары кезінде Астана қаласында Юнус Эмре атындағы мәдениет орталығының ашылуы өте орынды болды деп есептейміз.

Түркия мен Қазақстанның өңір­лік және халықаралық арена­да­ғы ынтымақтастығы да қарқын­ды түрде дами түсуде. 1992 жылы Анкарада алғаш өткізілген Түркі­тілдес мемлекеттер басшылары­ның саммиті нәтижесінде екі ел­дің жетекшілігімен құрылып, 2010 жылғы 15-16 қыркүйек күн­дері Ыстамбұл қаласында жалға­сын тапқан саммит шешіміне сәй­кес өз жұмысын бастаған Түркі­тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін Түркия мен Қазақстанның Еуразия өңіріндегі бейбітшілік пен тұрақтылық бағытындағы ын­тымақтастығының нақты жемісі деп бағалауға болады. Ынты­мақ­тастық кеңесі алғашқы саммитін 2011 жылғы 21 қазанда Алматы қаласында өткізді. ТҮРКСОЙ ха­лықаралық ұйымының ұсынысы бойынша Астана қаласы 2012 жылы, Эскишехир қаласы 2013 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды.

Қазақстан Нұрсұлтан Әбіш­ұлының ұсынысы бойынша құ­рыл­ған Азиядағы өзара іс-қимыл жә­не сенім шаралары жөніндегі ке­­­­ңестің төраға­лы­­ғын 2010 жылы Түркияға тапсырды. Түркия мен Қазақстан, сонымен қатар, өздері мүшелері болып табылатын Бі­рік­кен Ұлттар Ұйы­­­мы, Ислам Ын­ты­мақтастығы Ұйы­мы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйы­­­­мы және Эко­­­номикалық ын­ты­­мақтастық ұйымы секілді ха­лық­ара­лық ұйымдар шең­­берінде де бел­сенді ықпал­дас­­­­­тық үлгісін көрсе­туде.

Қазақстанның Президент Нұр­сұлтан Назар­­­­ба­ев­тың көрегенді же­текшілігі арқа­сын­да тәуелсіз­ді­гін алғалы бері өткен қысқа мер­зім ішінде қол жеткізген жетіс­тік­тері мен халықаралық қоғамдас­тық алдындағы беделін жоғары бағалаймыз. Түркия мен Қазақ­стан  ортақ тіл, дін, тарих және мәдени құндылықтардан қуат алатын және стратегиялық әріп­тестік дәрежесіндегі қатынас­тар­ды бар­лық салада нығайта түсе­тін зор әлеуетке ие. Қос елде қарым-қа­тынасымыз бен ынты­­мақ­тас­тығы­мызды әртарап­танды­рып, терең­де­ту үшін қажетті саяси ерік-жі­гер­дің бар болуы қуан­тарлық жәйт.

Түркия мен Қазақстан ара­сын­дағы дипломатиялық қарым-қа­тынастың орнағанына 20 жыл толуына орай дос және бауырлас ел – Қазақстан халқына деген құрмет сезімдерімді білдіремін.

Лале ҮЛКЕР, Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.