• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2012

Жемқорлардың жемсауы қашан толады?

470 рет
көрсетілді

Жемқорлардың жемсауы қашан толады?

Сейсенбі, 28 ақпан 2012 7:15

Сыбайлас жемқорлық анықталды ма, үзіл­ді-кесілді кесімді күрес жүргі­зілуі тиіс. Әйт­песе, мемлекет қаражатын ұрлаған­дар ешуа­қыт­та ұрлығын қоймайды.

Мәселен, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында заң бұзған алаяқтар бір жыл­дың ішінде ғана елге 2,2 млрд. теңге зиян келті­р­ген. Мұндай жемқорлар тіптен шектен шыққан­дықтан да қаржы полициясы оларға қатысты 262 қылмыстық іс қозғады. Сөйтіп, 157 адам сотталды. Ал мұнымен іс біте ме? Әрине, жоқ. Әлгі сот­талғандар айдаhардың басы болса, миллиард­та­ған теңгені жұтқан дене­лері аман қалды ғой. Ол денеде әлі жыбырлап сансыз сыбайласқандардың басы жатыр деген сөз.

Сейсенбі, 28 ақпан 2012 7:15

Сыбайлас жемқорлық анықталды ма, үзіл­ді-кесілді кесімді күрес жүргі­зілуі тиіс. Әйт­песе, мемлекет қаражатын ұрлаған­дар ешуа­қыт­та ұрлығын қоймайды.

Мәселен, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында заң бұзған алаяқтар бір жыл­дың ішінде ғана елге 2,2 млрд. теңге зиян келті­р­ген. Мұндай жемқорлар тіптен шектен шыққан­дықтан да қаржы полициясы оларға қатысты 262 қылмыстық іс қозғады. Сөйтіп, 157 адам сотталды. Ал мұнымен іс біте ме? Әрине, жоқ. Әлгі сот­талғандар айдаhардың басы болса, миллиард­та­ған теңгені жұтқан дене­лері аман қалды ғой. Ол денеде әлі жыбырлап сансыз сыбайласқандардың басы жатыр деген сөз. Олардың кең сарайдай зәулім үйлері, қым­бат құнды көліктері, алтынды-күмісті жи­hаз­­дары, т.б. толып жатыр. Сол жұтқан дүние­ле­рін қайта құстырып, түк қалдырмай тү­гелдей тәркілеу қажет. Сонда мұндай тетік Жолдауда жүктелгендей, сыбайлас жемқорлықпен күрес­­тің жаңа стратегиясына айналатыны анық.

Әйтпесе баю мақсатында жеке мүддесін ғана ойлаған, озбырлар халықтың қамын қа­перге алмайды. Мәселен, Елбасы тапсырмасымен Үкі­­мет жұмыссыздықтың деңгейін тө­мендету және ау­мақ­тардың инфрақұрылымын жақсарту­ға ба­­ғыт­талған «Жол картасы» мем­лекеттік бағдар­ла­­­­ма­сын жүзеге асыру үшін барын салып жат­қанда жа­ғаға жармасқан жем­қорлар суық қол­да­рын сұ­ғып, соңғы 2 жылда 178 млн. теңге зиян келтірген. Ал ең ірі зиян «100 мектеп, 100 аурухана» мем­ле­кеттік бағ­дар­ламасы аясында кел­ті­рілген көріне­ді, ол 1,5 млрд. теңгеге жеткен.

Солардың біріне, Қаржы полициясының мәлі­метіне сәйкес, Ақмола облысындағы бір ауданның бұрын­ғы әкімі мен оның бірінші орынбасарына және ЖШС басшыларына «Жол картасы» мем­лекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлін­ген 71 млн. теңгені негізсіз иемденген деген айып тағылуда.

Ал Қызылорда облысында аудандық әлеу­мет­­­тік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету сек­то­рының меңгерушісі бұлардан асып түсіп «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ЖШС-інде тұрақ­ты жұмыс істейтін 22 адамды жұ­мыс­сыз ретінде жұмысқа тұр­ғызып, олардың есеп-шоттарына 1,5 млн. теңгеден астам қара­жат ау­дарған. Маңғыстау облысында МКК директоры іс жүзінде жұмыс істемейтін адам­дарға еңбек­ақы аудару арқылы «Жол картасы» бағдар­ла­ма­сы бойынша бөлінген 2,8 млн. теңгені қолды қылған.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асырамыз дегендер арасында бюджет қаражатын ұрлаумен қатар олардың парақорлық деректері де ашылып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында 7 жылға сотталған Семей қаласының колледж директо­ры­ның орынбасары «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде колледж базасында кәсіби оқу курс­тарын жеделдетіп өту туралы 18 жалған куә­лік беру үшін жеке өзі және делдал арқылы пара алудың 25 көрінісі бойынша айыпталған.

Осы бағдарлама шеңберінде заң бұзған кә­сіп­керлер бюджет қаражатын ұрлауда алдарына жан салмайды дейді қаржы полициясының өкі­­­лі. Со­ның бірі, мәселен, Маңғыстау облысын­дағы компания директоры 2009 жылы Жаңа­­өзен қаласының мектебін­де жөндеу жүргізу барысында 11,2 млн. теңге бюджет қаражатын ұрла­са, Қызылорда облысындағы ЖШС директоры жол құрылысы бойынша жалған актілер беру арқылы 25,9 млн. теңгені иемденген.

Қазіргі уақытта ауыз судың қадірі алтыннан да асып жығылатыны анық. Еліміздің кейбір аудандарында осындай тамақ жібітер судың тап­шы­лығы қысқанда оларға тартылған көмек­ті көп­­сін­гендер орта жолдан килігіп, сұмырай келсе су құ­ридының керін келтіруде. Мәселен, олар тұрғын­дарды қажетті мөлшердегі ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған «Ауыз су» бағ­дар­ламасы қаржысын ұрлап, мем­лекетке 484,5 млн. теңге шығын келтіріл­ген. Оңтүстік Қазақстан облысында бір ауданның құрылыс бө­­лімінің басты­ғы және мемлекеттік коммунал­­­­дық мекеменің бұрынғы директоры 11,9 млн. теңгеге жұмыс атқарылды деп жалған актілерге қол қойған.

Мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаржаттарын ұрлау көбінесе лауазымды тұлғалар мен мердігерлердің алдын ала сөз байласуы арқылы жасалады. Бұл орайда Эконо­ми­калық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұ­манбай: «Алматы облысында Қаратал аудан­дық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы тасымалы және автомобиль жолдары бө­лімі бастығының «Ауыз су» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрла­ғаны анықталды. Ол «Строй Полимер и Деталь» және «СТ-ENGINEERING» ЖШС директорларымен сөз байласу арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету және құбыр жүйелерін қайта жасау бойынша атқарылған жұмыстардың жал­ған актілеріне қол қойып, төлем жүргізген. Нәти­же­сін­де 24 млн. теңгені ұрлауға көмектес­кен. Маң­ғыстау облысында да бір ауданның құрылыс бө­лімі басты­ғы­ның міндетін атқару­шы су құбыр­ла­рының құры­лысы бойынша атқарылған жұмыс­тар туралы жалған қабылдау актілеріне қол қой­ып, мемлекетке 19 млн. теңге шығын келтірген» дейді.

Осылайша қаржы полициясы келтірген дерек­терді тізе берсе тізіле береді. Мәселен, Астана қа­ласының құрылыс саласының қыз­мет­кері 32 млн. теңге және одан кейін тағы да 135 млн. теңге зиян келтірсе, Шығыс Қазақ­стан облысында ЖШС директоры 117 млн. теңге, Астана қала­сында ЖШС директоры 159 млн. теңгеден астам бюджет қара­жа­тын ұрла­ған. Мектеп және ауруханаларды салу­ға бөлін­ген бюджет қаражатын ұрлау бұл кәсіп­кер­лер үшін заңсыз баюдың көзіне айналған.

Ал 2010-2011 жылдары «Астана қаласының азық-түлік белдеуі» мемлекеттік бағдарламасы шең­берінде бөлінген бюджет қаражатын ұр­лау­ға байланысты 19 қылмыстық іс қозғалған. Бұл бағ­дарлама бойынша Астананың азық-түлік қауіп­сізді­гін қамтамасыз ету мақсатында ауыл­шаруа­шы­лық өндірушілеріне жеңілдетілген несие беру қарастырылғаны белгілі. Бірақ мұны өздеріне, яғни жеке мүдделеріне берілген артықшылық деп тү­сін­ген шенеуніктер сыбайласа әрекет етуге кі­ріскен. Содан Ақмола облысында аграрлық не­сие­лік корпорациясы басқарма төрағасының ор­ын­басары 101 млн. теңге мөлшеріндегі несиені заң­­сыз алуға жәр­демдесемін деп шартты түрде 5 жылға сотталды. Целиноград ауданының «Тұл­пар» ауылдық өнді­рістік кооперативінің басқарма төрағасы аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде аграрлық несие корпорациясынан сүт өңдейтін жабдықтарға деп 216 млн. теңге несие алып, оны жеке басына пайдаланған. Ол да алты жылға сотталып тынды.

Жалпы, Агенттік төрағасы Рашид Түсіп­беков­­тің бастамасымен қазіргі күнде Қаржы полициясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қанаты кеңі­нен жайылған, алымы орасан қуат­ты істер басталып, іргелі өзгерістерге жол ашыл­ды. Алдағы уа­қыт­та жемқорлықсыз өмір сүретін күндердің де алыс еместігін осы қолға алынып жатқан сындарлы істер нәтижесінен байқауға болады. Мәселен, Экономи­калық қыл­мысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қар­сы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұман­бай үстіміздегі жылдың 21 ақпанында Маң­ғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман­­гелді Айт­құ­ловқа қатысты қызметтік өкі­лет­тігін теріс пайдаланды деген күдікпен қыл­мыс­тық іс қозғалғанын, ол қазір Маңғыстау облыс­тық ішкі іс­тер депар­та­ментінің уақытша оқшау­лау ­абақ­ты­сына қамалға­нын жеткізді. Оған «Қаз­Мұ­найГаз» БӨ» АҚ-тан облыстың әлеуметтік нысандарының құрылысына бөлін­ген қаражатты және бюджет қаражатын ұр­лаумен айналысқан деген айып тағылып отыр.

Сол сияқты Қаржы министрлігі Кедендік ба­қылау комитетінің бұрынғы төрағасы С. Байма­ғам­бетовке қатысты қызметтік міндетін теріс пайдалану және аса ірі мөлшерде пара алу фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде. Оған Кедендік бақылау комитетінің аумақ­тық департаментте­рі­нің біріне басшылық лауа­зымға тағайындау үшін 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деген айып тағылып отыр. Ал Алматы қаласының және Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, экс-министр В. Храпуновқа қатысты бір­қа­тар сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қыл­мыс­тарды жасау деректері бойынша 20 қылмыс­тық іс тергелуде. В. Храпуновқа сырттай айып тағылып, сот оны қамауға алуға санкция берді. Енді оған халықаралық іздеу де жарияланды. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкім­­де­рі Ж.Бабаханов пен О.Сарбөпеевке қа­тыс­ты қыл­мыстық іс те тергелуде. Оларға 200 пәтерлік тұр­ғын үй құры­лысына бөлінген 188 млн. теңге тұ­ра­тын бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағыл­ған көрінеді.

Бұдан басқа ресми өкіл 17 ақпанда Агент­­тік төрағасының бұйрығымен Алматы қа­ласы бой­ынша қаржы полициясы де­пар­та­мен­тінің бас­тығы Дүйсеновтің қызметтен шет­тетілгенін айтты.

Александр ТАСБОЛАТОВ.