• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2019

Шахматтан Әлем чемпионы Арыстан Исанжулов Семейдегі №8 балалар үйіне төрт ноутбук сыйға тартты

1027 рет
көрсетілді

Семейдегі №8 балалар үйінің тәрбиеленушілері шахматтан өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан, 15 жастағы әлем чемпионы Арыстан Исанжуловпен кездесті.

  Арыстан   Исанжулов көптеген республикалық, облыстық жарыстарда топ жарып, бүгінде FIDE (ұлттық шахмат федерацияларын біріктіруші халықаралық спорт ұйымының) шебері дәрежесіне жеткен  «Әлем чемпионы».  Кездесу барысында Арыстан     Елордада наурыздың 4-15 күндері аралығында «Қазақстан шахмат   федерациясының»  ұйымдастыруымен классикалық шахматтан өткен әлем чемпионатының командалық қызықты тартысы жайлы әңгімелеп берді.

Чемпионаттың бас демеушісі  ERG Еуразиялық тобы. Ал турнирдің бас серіктесі  Samruk Kazyna болса осы шараға 50 ноутбук, 4 принтер және 2 МФУ ұсыныпты.  ERG Еуразиялық тобы мен Samruk Kazyna өтініші бойынша жоғарыда аталған барлық жабдықтар Қазақстанның он бір өңіріндегі балалар мекемелеріне шахмат спортын дамыту үшін табысталуы қажет екен. Семейдегі №8 Балалар үйіне бөлінген төрт  ноутбукты  тапсыру міндеті Арыстан  Исанжулов өзіне тапсырылғанын айтты.

- Арыстан төрт ноутбукты  тапсырғанда біздің жетім көңіл балаларымыз бір жадырап қалды,-деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рымхан Нұрғалиева,-халқымыз «Жетім көрсең жебей жүр» деп бекер айтпаған. Арыстанға қарап балаларымыз үлгі алса біз үшін нұр үстіне нұр болар еді.

Әлем чемпионы Арыстан Исанжулов балаларға шахмат  ойнау әдіс тәсілдері туралы айтып берді. Өзінің келешектегі жоспары туралы ой бөлісті.  Балалар үйінің   тәрбиеленушілері ««Қазақстан шахмат   федерациясы» атынан бөлінген ноутбуктары үшін алғыстарын айтты.  Арыстанмен бірге бірнеше шахмат партияларын ойнады. Кездесу өте жағымды, пайдалы болды, балалар қолдарында Арыстанның алтын медалін ұстап көріп, біз де осындай жетістікке жетсек деп армандады.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА                  

«Еgemen Qаzaqstan»

суретті түсірген автор

СЕМЕЙ