• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Руханият 08 Сәуір, 2019

Қаратауда сар желген ойсылқара

1311 рет
көрсетілді

Ойсылқараны ең алғаш ойлап шығарған ғұндар. Олар жойқын бураларды ерекше қызықтап, екі алмауыт бураны әр уақыт таластырып отырған. Біле білсеңіз, қазақтар мұны «бура қотан ойыны» дейді.
Жойқын бураларды жай ғана көріп қоймай, ғұн­дардың атақты шеберлері бураның айқасуын біздің заманымыздан үш ғасыр бұрын әдейілеп қолаға құйып отырған. Сәулетті етіп жасаған Ой­сылқараның бір ғажайып суреті Ор­тас­та бір ғұн обасынан табылған. Еш жерде кездеспейтін, тарихи заманда ғұндар жасаған ұлы мүсін. Тол­қынды ой түсіретін сұлу ком­позицияның ортасында ұлы күштің иесі Ойсылқара тұр­ғызылған, оның табаны оймышталған бура, үсті кісіге ұқсас тәңіріге табындырып, басын көкке қаратып, үміт елесін сурет­теген. Ойсылқараның екі жақ иығына көптеген ін­гендердің жүгіре шығып, өзінің қызықтауын, қуанышын ардақтаған. Суреттің өзі адамның махаббаты сияқты, поэзия түрінде суреттелген бір асқан бейне. Ғұндар тек жойқын бураларды алыстырып қоюмен бірге, екі айғырды да таласқа тү­сіріп, оларды да көркем бей­немен қолаға түсірген. Сон­дай Ойсылқараның бір жойқын суреті Қаратауда, бірі Хантауында, ал кейбірі Бұлақты, Білеуті өзендерінің бо­йын­да сақталып келген. Ең ұлы сурет – Қаратаудың Ойсыл­қарасы, дейді Әлкей ағамыз. Оны көп інгендер ортасына алып, бураны өзінің шабытына келтіріп, асқақтатып тұр. Бұл суретте көп реа­лис­тік ой бар. Түйелердің мінезі, буралардың гүрілдей асқы­нуы оны анық көрсетеді. Пах, шіркін, Ойсылқаралар тізбектеліп Қаратауда сар желген жануарлар елес бе­реді... Неге екенін қайдам, академик Ә.Мар­ғұланның көп томдығынан алынған фотосурет көз алдыңда тұрады.

Қаратауда сар желген ойсылқара... 

Cапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ