• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2012

Чекист, ғалым, ұстаз

1047 рет
көрсетілді

Чекист, ғалым, ұстаз

Бейсенбі, 8 наурыз 2012 8:16

Халқымызда «Талапты ерге нұр жауар» деген сөз бар. Ал енді осыны әскери қызметке байланыстырып айтсақ, тәртіп пен талап бұл саланың әрі негізі, әрі парасат биігі. Өз еңбегімен, мемлекет және халық алдындағы жауапкершілігімен генерал-майор әскери шеніне жеткен Тоқ­тар­хан Нұрахметов туралы айтқан­да, біз осылайша тәртіп пен талаптың мәнін ерекше атар едік.

 

Бейсенбі, 8 наурыз 2012 8:16

Халқымызда «Талапты ерге нұр жауар» деген сөз бар. Ал енді осыны әскери қызметке байланыстырып айтсақ, тәртіп пен талап бұл саланың әрі негізі, әрі парасат биігі. Өз еңбегімен, мемлекет және халық алдындағы жауапкершілігімен генерал-майор әскери шеніне жеткен Тоқ­тар­хан Нұрахметов туралы айтқан­да, біз осылайша тәртіп пен талаптың мәнін ерекше атар едік.

1942 жылдың 12 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралиха ауылында дүниеге келген ол орта мек­тепті бітірген соң, 1959 жылы Алматы қа­ласындағы Абай атындағы Қазақ педагоги­калық институтының «орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығына оқуға түседі. Еңбек жолын аталған облыстың Күршім ауданының Горнов орта мектебінде мұғалімдіктен бастайды.

Ал бұл кезде ортақ Отанның қауіпсіздік саласына талапты, жауапты жас мамандарды тарту жүргізіліп жатқан болатын. Сонау, 1967 жылы Шығыс Қазақстан БЛКЖО облыстық комитеті мен Күршім аудандық партия комитеті Т.Нұрахметовті мемле­кет­тік қауіпсіздік органдарына қызметке ұсы­нады. 1968 жылы КСРО Министрлер Ке­ңесі жанындағы Жоғары курстарын (Минск қаласы) табысты аяқтаған жас Шығыс Қазақстан облысы бойынша МҚК басқар­масына жедел уәкіл болып тағайындалады. Сол жерде басқарма бастығының орынбасары лауазымына дейінгі жолдан өтеді.

1985 жылы жедел-қызметтік іс-әрекет­тегі оң нәтижелері, ұйымдастырушылық қа­­­­білеттері ескеріліп Т.Нұрахметов МҚК конс­­­титуциялық құрылымды қорғау жө­ніндегі басқарма бастығының лауазымына көтеріледі. Қазақстан үшін аса жауапты 1991-1992 жылдары ол Қарағанды облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы лауазымында болды. Жалпыға мәлім, бұл облыс – жедел ахуалы бойынша үлкен, әрі күрделі аймақтардың бірі. Т.Нұрахметовтің іскерлік және кәсіби қасиеттері жоғары бағаланып, мемлекет басшылығы тарапынан оған генерал-майор әскери шені берілді.

1991 жылы Қазақстан әлемге өз тәу­­­ел­сіз­­­дігін жариялаған соң елімізде қауіпсіздік саласына байланысты тү­бегейлі бетбұрыстар жа­салды. Бұл МҚК бас­­шылығынан ізденісті, елдік жауапкершілікті талап етті. 1992 жылы Т.Нұрахметовке рес­пуб­ликалық МҚК-ҰҚК жоғары курстарын бас­қару жүктелді. Жаңа басшыға жедел бөлім­ше­лерде жұмыс істеп жүріп жинақтаған өмір­лік бай тәжірибесі ұлт­тық қауіпсіздік органдарында білім беру жүйесін одан әрі да­мытуға мүмкіндік берді. КСРО тараған соң іс жүзінде өмір сүруін тоқтатқан орталық жоғары курстар тәуелсіздік талабына байланысты қайта құруды қажет етті. Генерал-майор Т.Нұрахметов басқарған курстар егемен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрлар дайындау жөніндегі міндеттерді орындауға жұмылдырылды. Жоғары курстар 1994 жылы – институт, ал 1999 жылы – ҰҚК Академиясы болып қайта құрылды.

Азаматтық жауапкершілігі жоғары, қоғамға пайдалы істерімен талап қоя бі­летін Т.Нұрахметов талай рет халық қалау­лысы да атанды. Бұл, әсіресе, Өскемен қаласының Октябрь аудандық халық депутаттары кеңесінің депутаты болғанда, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің ХІІ шақырылымына депутат болғанда анық байқалды. Ол 1991 жылы депутаттық кор­пус­тың қатарында Отанымыздың тағдырын анықтайтын тарихи құжат – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі туралы декларацияны» әзір­леуге және қа­­­был­дау­ға қатысты.

«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойы армандаған әз ұғымы ғой. Біз сол арманды тарихи рәсімдеу­ді бастан кешірдік. Мен сол сәттерде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бас­таған жаңа Қазақстан­ның тарихы Қазақ елі мұратымен сабақтас­қа­нын сезініп қатты қуан­дым», деп еске алады Тоқтархан Нұрах­метұ­лы.

Қазақ «Туған жерге туың тік!» деп бекер айтпайды. Отан – киелі шаңырақ. Қасиетті Отан отбасынан, туған жерден басталады. Тоқтархан Нұр­ах­мет­ұлы туған жерімен байланысын үзбеген. Ауылына, оқыған және қызмет істеген мек­тебіне әрдайым қамқорлық жасап тұрады. Отаншыл азаматтарға, жас ұрпаққа жөн сілтейді. Әлеуметке қол ұшын созады.

2001 жылы Күршім аудандық мәсли­ха­ты­ның шешімімен Т.Нұрахметовке «Шы­ғыс Қазақстан облысы Күршім ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Ғылыми-педагогикалық жұмысындағы жаңашылдығы, жоғары оқу орны ғылымын қалыптастырғаны және ғылыми кадрларды даярлағаны үшін 1998 жылы ол «профессор» ғылыми атағын иеленді. Сөйтіп, соң­ғы жылдары философия ғылымының докторы, профессор жетекшілігімен ұлттық қауіпсіздік органдары іс-әрекетінің көкей­кес­ті мәселелері бойынша онға жуық кан­дидаттық диссертация қорғалды.

Ғалымның ғылыми еңбегін тек Қа­зақ­стан ғана танымай, 1996 жылы Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясы оны толық мүшелікке (академик) өткізді. Сон­дай-ақ ол 1997 жылдан Қазақстан Респуб­ликасы Әлеуметтік ғылымдар академия­сының толық мүшесіне сайланды.

Т.Нұрахметовтің басшылық лауазымын­дағы уақытында Қазақстан ұлттық қауіп­сіздік органдары жедел қызметкерлерінің жаңа буыны, талапшыл, білікті мамандары қалыптасып, қатарға қосылды. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта Комитеттің ірі бөлімшелерін басқарып отыр. Кейбірі елдің арнайы қызметтерінде жоғары деңгейдегі басшылық дәрежеге көтерілді.

Генерал-майор Т.Н.Нұрахметовтің Отан алдындағы еңбегі мемлекет тарапынан лай­ықты бағаланғанын да айта кеткен жөн. Оның ішінде Елбасы жарлығымен 2-дәре­желі «Даңқ» орденін кеудесіне таққаны өміріндегі ерекше сәттердің бірі. Басқа да медальдары мен қауіпсіздік саласының «Құрметті қызметкері», «Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгілері де көп жәйттерді аңғартса керек.

Тоқтархан Нұрахметұлының тағы бір қырын жастар үшін үлгі ретінде айта кету керек. «Отан отбасынан басталады» деген нақылды қатаң ұстанған генерал жұбайы Ғалия Бабағұмарқызы екеуі 50 жыл бірге өмір сүріп, үбірлі-шүбірлі немерелеріне мейірімді ата-әже болып отыр.

Қазақтың батыры Бауыржан Момыш­ұлы: «Сардар болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол» деген екен. Бұл сөздің астарынан ақыл мен парасаттың лебі сезі­ле­ді. Осы сөз сегіз қырлы, бір сырлы гене­рал­ға, ғалымға, ұстазға арналып ай­тыл­ғандай.

Осындайда Президентіміз Н.Ә. Назар­ба­ев­­­­тың: «Зиялылар – қай заманда да өмір сыры мен сынын жан жүрегімен бағамдап, тол­ғай білген, халқының келешектегі тағдырын зерек көңілмен болжай білген жандар» деген сөзі еріксіз еске оралады. Біздіңше, Тоқтар­хан Нұрахметұлы – осындай зиялылар қата­ры­на кіретін бірден бір тұлға екендігі сөзсіз.

Әділ ШАЯХМЕТОВ, генерал-лейтенант, ҰҚК академиясының бастығы.