• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2012

Наурыздан наурызға аман-есен жетейік!

764 рет
көрсетілді

Наурыздан наурызға аман-есен жетейік!

Сәрсенбі, 14 наурыз 2012 7:45

Әуелден жыл санаудың басы болып, кейіннен заман ағымына сай ұмытыла бастаған Наурыз мерекесі қазаққа да қашаннан-ақ қадірлі, қастерлі күн. Көкшетаудың бел баласы, ұлы бабаларымыздың бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бұл күнге «қамал» деген ат берген екен. Көнекөз қарттардың сөзіне сүйенсек, Кеңес күнтізбесі ресми түрде бекітілгенге дейін қамал айы 22 наурыздан басталып келген. Бүгінде, әрине, көктемнің алғашқы күнін 1 нау­рыз­дан бастап есептейміз, яғни күн есебі Григорий күнтізбесі бойынша жүргізіледі. Біздің барлық ғұмырымыздың да мәні осында: біз тарихымызды ұмытпаймыз. Сондықтан болар, көңілімізбен кешегі, жүрегімізбен бүгінгі заманда өмір сүріп жатыр­мыз… Бұл, әрине, заңдылық.

Кей адамдар наурыздың мән-маңызын жете түсіне бермейді. Әсіресе, жастар жағы. Оның мерекелік сипатын қызықтайды да, танымдық, тарихи жағына бас ауыртып жатпайды. Өйткені, оны кейде үлкендердің өздері де білмейді. Тіпті діни мейрам деп те шатастыратындар бар. Сондықтан наурыз туралы аз-кем тоқталып өткім келіп отыр.

Шындығында наурызбен қазақтың өмір үрдісі, таным-түсінігі тығыз байланысып жатыр. Ең ал­ды­мен табиғаттың адам баласына қоятын шарты – уа­қыт­ты дұрыс ажырата білу. Тіршілігі төрт түлік мал­мен байланысты біздің бабаларымыз шаруа қамы үшін уақыт жүйелерін үнемі дәл анықтап, өз есептерін ай мен күн, жұлдыздардың орналасу жағ­дайы­мен-ақ жүргізе берген. Тіпті бүгінгі ғалым­дары­мыздың өздері де ертедегі қазақ халқының уақыт есептеудегі қолданған жүйесіне қайран қа­ла­ды. Заманның қарыштап дамып, уақыт есебін дәл беретін аспаптардың дүниеге келуі әрине біздің та­биғатпен етене байланыстығымызды әлсіретіп тас­та­ғандай. Бұл туралы өз заманында қазақтың көр­нек­ті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Барометр» деген әңгімесінде жазды да. Ол ең алғаш рет шетелге шығып, барометр аспабын көріп, қазақ­тар­дың осы аспаптың рөлін бағзы заманнан бері өз таным-түйсігі бойынша орындап жүргеніне ол тіпті таңғалады. Осыдан-ақ бабаларымыз үшін уақыт өте үлкен маңызға ие болғандығын байқауға болады.

Ал бүгінгі мерекеміз наурыздың уақытпен байланыстылығы туралы айтатын болсақ, ол ғылыми тұрғыда аспан денелерінің ең бастапқы басталу нүктесіне тоғысуы. Күн мен түннің теңелетін сәті осы айға дөп келеді. Сондықтан наурызды ата-бабаларымыз бір-екі күн емес, бір ай бойы тойлаған көрінеді. Яғни, ай бойы бір-біріне қонақ болып, жақсы тілек айтып, әдемі ән, әсем күй шертіп, бір-бірін жаңа жылдың басталуымен құттықтаған. Өкпе-реніштері болса кешірген. Наурыз алғашқы таң шапағымен келеді деген ұғым бар. Соған сәйкес Шығыс халықтары Наурыз таңын кірпік ілмей, ұйқысыз қарсы алатын болған. Бірі-бірінің бетіне тік қарауды ұят көретін қазақ халқында жас ерекшеліктеріне қарамай, бала-шағасы, келін-кепшік демей, Наурыз алдындағы түнде бәрі бірігіп ұлттық ойындар ойнау дәстүрі болған деген де ойлар айтылуда. Әрине, бұл бүгінгі заманда құлаққа ерсі естілуі де мүмкін, бірақ бұл қыстан қалжырап шыққан жандардың жаңа өмірге жету қуанышының бір көрінісі болуы да бек мүмкін.

Ертеден «Наурыз күні той тойлап, жақсы тілек тілеген адам келесі Наурызға дейін қуаныш пен бақытта, бейбіт өмір сүреді» деген ұғым бар. Міне, санаулы күндерден кейін әз Наурыз табалды­рық­ты аттайды. Сөйтіп, жаңа күн төңірекке нұр шапағатын төгеді. Ендеше, жер бетіне нұрын төккен күнді қарсы алуда енжарлық танытпайық, наурыздан наурызға аман-есен жетейік, ағайын!

Ақжан ЕШТАЙ, Ақмола облыстық сотының төрағасы.

КӨКШЕТАУ.