Біздің платформа сайлауға халықтың атынан атсалысты. Халық таңғы бестен бастап елордадағы №111 учаскеге жинала бастады. Сонда 83 жастағы алғашқы сайлаушыны көрдім. Қаншайым апа балаларының болашағы үшін өз таңдауын жасауға келіпті. Бірінші сайлаушы болғандықтан, оған сыйлық табысталды.
Сайлаудың әділ өтуіне атсалысып жатқанымды үлкен жауапкершілік деп қабылдаймын. Мен алғаш рет байқаушы болып тұрмын. Жалпы, мұнда 4661 сайлаушы тіркелген. Бір сағаттық бақылау барысында 100-ге жуық адам дауыс бергенін көрдім. Бұл – қарқынды белсенділік. Әзірге құқық бұзушылық байқаған жоқпын. Дауыс беруге 1 сағат қалғанға дейін барлық құжаттарды, кабиналарды тексеріп шықтым. Барлығының заң аясында өтуіне тілектеспін!
Айнұр ЖАНДОСҚЫЗЫ,
«Аманат» азаматтық платформасының байқаушысы