Г.Н.Әбдіқалықова Президент Қ.Қ.Тоқаевтың 12 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісуінің ресми рәсімінде айтқан сөздеріне назар аударды.
«Біз конструктивтік, теңдестірілген, көп бағытты сыртқы саяси қадамымызды жалғастырамыз. Әлемдік аренада ұлттық мүдделерді нық ілгерілететін және қорғайтын боламыз. Елдің сыртқы саяси қызметі елге, ұлттық бизнеске, әрбір азаматқа нақты пайда әкеледі», деді ол.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастыққа маңызды мән беретіндігін атап өтті.
«Біз Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылы Ұлыбританияға сапары барысында жасалған АХҚО, ЕҚДБ және The City UK британдық ұйымдар қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы үш жақты меморандумды жүзеге асыруды жоғары бағалаймыз», деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Кездесу барысында ЕҚДБ-мен ынтымақтастықтың бір қатар өзекті мәселелері талқыланды. 26 жылдан аса уақыт ішінде 7,5 млрд еуро сомасына 246 жоба қаржыландырылды. 2015 жылдан бастап «Бизнестегі әйелдер» бірлескен бағдарламасы жүзеге асырылуда, жалпы сомасы 26,1 млрд теңгеге 20 мың ауылдық жерлерде әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілеріне қарыз берілді. 2017 жылы «Бизнестегі әйелдер» екінші бағдарламасы іске қосылды, ол 100-ден астам кәсіпкер әйелдер үшін кәсіпкерлік мәселелері бойынша консалтингтік қызметтер көрсетуді, коучинг өткізуді көздейді.
Тараптар ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы серпініне қанағаттанушылық білдірді және инклюзивті даму мен әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 2018 жылы гендерлік шектеулері бар тізбеден жұмыстың 96 түрін алып тастау мүмкіндігі туды, осылайша әйелдерге рұқсат етілмеген жұмыстардың саны шамамен 30%-ға қысқартылды. Бұл біріншіден, әйелдерге бульдозер, грейдер және локомотив машинисі, асфальтбетоншы, металл құюшы, қазаншы, тиеу машинасының машинисі, краншы, механик және электрик және т.б. сияқты ақылы жұмыс орындарын алуға мүмкіндік берді. Екіншіден, әйелдер еңбек нарығының гендерлік негізінде бөлінуін қысқарта отырып, жылдам өсіп келе жатқан және жоғары ақы төленетін секторларда жұмыс істеу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Кездесуде сондай-ақ жасыл технологиялар саласында әйелдердің қатысуымен ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелері талқыланды.