• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Шілде, 2019

Елордада Ақмола мен Павлодар облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

329 рет
көрсетілді

Елордадағы «Хан Шатыр» ОССО жанындағы алаңда Ақмола мен Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.

«Ақмола облысы елорда күніне орай үлкен ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Бүгін 10 аудан өз өнімдерін елордалықтар сатып алуы үшін ұсынса, ертең 9 аудан мен Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері келеді. Жалпы 100 тонна жылқы, сиыр, қой, құс етін әкелдік. Таңертеңгі 8-ден астам жәрмеңкені бастадық, халық келіп қалаған өнімдерін сатып алып жатыр», - деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали. 

Оның атап өтуінше, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері арасында арнайы келісім бар. Сол келісімге сәйкес Ақмола облысы күзде де елордада ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр.