• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Шілде, 2019

Эльмира Суханбердиева кінәсін мойындады

567 рет
көрсетілді

Елордада Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваның соты өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. «Суханбердиеваның айыбы өзінің мойындауымен, куәгерлер мен күдіктілердің түсініктемесімен және қылмыстық істің өзге де материалдары арқылы расталды (...)  Күдікті өз айыбын толық мойындады», - деді мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Бекмағамбетов сот отырысында. 

Айта кетейік, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.