2,1 млн. астам тері (жалпы санның 70%-ы) тұрғындардың шаруашылықтарында өндіріледі, қалған 30% мамандандырылған мал сою бекеттерінен алынады. 2018 жылы отандық кәсіпорындар 400 мың, яғни 2,4 мың тонна тері өңдеді, экспорт 817 мың АҚШ доллары сомасын құрады (шамамен 135 мың тері.) Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалдық - 2,4 млн. дана Ірі қара мал (ІҚМ) терісі ескерілмей қалды. Осы орайда, отандық кәсіпорындар шикізат тапшылығын сезініп отырғанын айта кету керек, бұл көлеңкелі экспорттың бар екенін куәландырады,сондай-ақ ол кәсіпорындардың жұмысына, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен жалпы сала өндірісінің көрсеткіштеріне, сондай-ақ экспорттық әлеуетке және былғарыдан жасалған өнімнің қол жетімділігіне кері әсер етеді. Бүгінгі күні жылдық қуаты 2,7 млн. дана ІҚМ терісімен 11 былғары кәсіпорны жұмыс істейді.
Осыған байланысты, ВАК шешімі бойынша ірі қара малдың терісін Қазақстан аумағынан алты ай мерзімге шығаруға тыйым салынды. Тыйым 2019 жылғы 10 наурыздан 10 қыркүйекке дейін қолданылады.
Айта кету керек, 2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша және тыйым салуды енгізу арқылы осы салада оң динамика байқалуда. Мәселен, ІҚМ терісінен жасалған тері өндірісінің көлемі 2,4 есеге артты. Кәсіпорындардың ақпараты бойынша алыс-беріс шикізатын өңдеуге тапсырыстардың көлемі өсті, кәсіпорындарға әлеуетті инвесторлар тарапынан қызығушылық артып отыр. Тоқтап тұрған 3 кәсіпорын іске қосылды («Қуат 2002» ЖШС, «Үміт» ЖШС, «PetropavlovskTannery» ЖШС).
Сонымен қатар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Атамекен» ҰКП бірлесіп ағымдағы жылдың 3-9 маусымы аралығында былғары өңдеу кәсіпорындарына тексеру жүргізу мақсатында 15 кәсіпорынға барды. Қолда бар 17 өндірістің 6-да өңделмеген теріден дайын теріге дейін толық қайта өңдеу желісі бар, 3-де тері мен қой терісінен жасалған дайын бұйымдар шығарады, қалған 8 кәсіпорын былғары жартылай фабрикаттарын («вет блю» және краст) шығарады.
ІҚМ терісін өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттылығы жылына 2,7 млн. дананы құрайды. Барлық кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған кезінде қуаттылығы жылына 3 млн. данадан астам ІҚМ терісін құрайтын болады.