• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қыркүйек, 2019

Президент: 2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болады

1734 рет
көрсетілді

2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Үкіметке  тұрғын үй құрылысының бірыңғай моделін дайындап,  өзара алшақ бағдарламалар қабылдаудан кетуді тапсырамын. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасы о баста әлеуметтік бағдарлама болады деп күтілген. Қарыз алушының отбасылық орташа табысы  айына 320  мың теңге болуы керек еді.  Табысы мардымсыз адамдардың қалтасы ол бағдарламаға қатысуды көтермейтін болып шықты. Сондықтан,  биыл Елбасының бастамасымен жеңілдік мөлшерлемесі 2 пайыз, алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын «Бақытты отбасы» атты жаңа бағдарлама іске қосылды. Бұл  айтарлықтай тиімді шарт. Жыл соңына дейін алты мыңға жуық отбасы осы бағдарлама бойынша баспаналы болады. Бірінші кезекте көпбалалы отбасылар мен  мүгедек бала асырушы жанұялар қамтылады. 2020 жылдан бастан жыл сайын 10 мың осындай отбасы  баспанамен қамтылады», деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан әрі ол Үкіметке  бағдарламаға қатысудың айқын критерийлерін дайындауды тапсырды.

«Қолдау тек шынымен де мұқтаж адамдарға көрсетілуі тиіс. Үкіметке алдағы 3 жылда кезекте тұрған  аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін шешуді тапсырамын. Олардың саны қазір 30 мыңға жуық. Табысы жоқ азаматтарға жеке баспана сатып алу үшін  әлеуметтік аренда шарты бойынша мүмкіндік беру керек. Бұл мақсатқа 2022 жылға қарай 240 млрд теңге қарастырылған», деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.