Бүгін Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында (ҚазОжРҒЗИ) «Қазақстанда әйелдер арасында гинекологиялық қатерлі ісік ауруы көбейіп барады» тақырыбында баспасөз мәлихаты өтті.
Баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Бас онкологы, ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Онкология кафедрасының доценті Толқын Садыкова онкологиядағы қазіргі жағдайға қатысты мәліметтер берді.
Мамандардың айтуынша, гинекологиялық қатерлі ісік түрлерінің көбеюі жалғыз біздің елімізге ғана емес, бүкіләлемдік сипатқа ие. Ал гинекологиялық қатерлі ісіктің ең жиі кездесетін түрлері: жатыр мойны обыры, аналық без обыры, эндометрия обыры және сарпай (вульва) обыры жатады.
2018 жылы бүкіл әлемде 1,3 миллион әйел гинекологиялық обыр ауруына шалдықты: 44% жуығында жатыр мойны обыры, 23% – аналық без қатерлі ісігі, 29% – эндометрия обыры және тағы 5% – да басқа да оқшаулау табылды.
2018 жылы бүкіл әлем бойынша гинекологиялық қатерлі ісіктерден 468 000 әйел қайтыс болды. Қайғылы оқиғалардың 67% жатыр мойны обырының үлесінде. Осыған орай, гинекологиялық қатерлі ісік туралы әйелдердің жалпы хабардарлық деңгейі әлі де айтарлықтай төмен екенін атап өткіміз келеді.
Баспасөз мәслихатында онкогинекологтар Қазақстандағы гинекологиялық қатерлі ісік ауруын ерте диагностикалау мен емдеудің соңғы тенденциялары туралы, сондай-ақ осы қатерлі ісік ауруының қол жетімді әдістері мен алдын-алу бойынша ақпарат берді.
АЛМАТЫ