• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 26 Қараша, 2019

Бағдарламаны білетіндер басым

207 рет
көрсетілді

Қазақстандықтардың 70%-дан астамы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы біледі. Мұндай қорытынды Қазақстанның барлық өңірінде жазда жүргізілген ірі әлеуметтік зерттеу нәтижесінде жасалды. 

Шын мәнінде, Сіз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы естідіңіз бе?» деген сұрақ­қа жауап зерттеудің мақ­са­ты болды – біздің азаматта­ры­мыз бағдарлама туралы қан­шалықты жақсы ақпа­рат­тан­ды­рылған, оның маз­мұ­нын, ба­ғыттарын, арнайы жобала­рын біле ме? Әдейі қойыл­ған осындай тар шеңберлі әрі қасаң тұжырымдалған сұрақ осы бағдарламаның халыққа қан­ша­лықты жеткенін және хабар­­дарлықтың жалпы дең­гейін бі­луге мүмкіндік берді.

Жауаптар көрсеткендей, сұралғандардың 76,4%-ы жоға­ры­­дағы сұраққа оң жауап берді. 21,8%-ы бағдарлама туралы естімегендерін айтқан. Ал 1,2%-ы жауап беруге қинал­ған.

Жалпы, мұны жақсы көр­сеткіш деуге әбден болады. Сарапшылардың сауалдамасы аясында алынған нәтижелер көпшіліктің бағ­дар­ламадан хабардар екенін байқатып отыр.

Сұраққа дұрыс жауап бер­мегендердің саны бойынша көшбасшы өңір – Қызылорда облысы – 97%. Оң жауаптардың 80%-дан астамы Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыс­тарына тиесілі. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыс­тары жоғарыдағы көрсеткіштен сәл төмен. Оларда «Иә, білемін» деген жауаптар саны 74-тен 78%-ға дейінгі аралықта. Павлодар облысындағы, Алматы қаласындағы, Қарағанды облысындағы және Шымкент қаласындағы көрсеткіштер де жаман емес. (65-тен 66%-ға дейінгі аралықта).

Зерттеуге барлығы 2500-ден астам қазақстандық қатысты.

Әлеуметтік зерттеу нәти­желері бойынша сарапта­ма­лық баяндамамен https://cisc.kz  сайтында, «Ресурстар» бөлімінде танысуға болады.

«Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасының нәтижелерін бағалау мақсатында ұлттық әлеуметтік зерттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жобасы аясында өткізілді.