• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қаңтар, 2020

Елордада қар тазалауға 690-нан аса техника жұмылдырылды

138 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда қар тазалау, шығару жұмыстарына бүгін 691 арнайы техника мен 1236 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 қаңтардан 2 қаңтарға қараған түні 486 арнайы техника мен 78 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Сондай-ақ 1 қаңтар күні 382 рейс жасалып, қала сыртына 4584 текше метр қар шығарылды. Қыс басталғалы бері 110235 рейс жасалып, барлығы 1 322 822 текше метр қар шығарылғанын айта кеткен жөн.