• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

638 рет
көрсетілді

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 65 жылдығы құрметіне арналған  мерекелік медаль туралы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 65 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін, қаһармандығы мен қайсарлығын терең құрмет тұта отырып, қаулы етемін: 1. “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалі тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалімен наградтау ережесі (бұдан әрі – Ереже); 2) “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін. 3. Ережеге сәйкес “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де адамдар наградталсын. 4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 19-ы     №951 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы  №951 Жарлығымен бекітілген “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалімен наградтау ережесі 1. Осы Ереже “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалімен (бұдан әрі – мерекелік медаль)наградтау тәртібін реттейді. 2. Мерекелік медальмен: Ұлы Отан соғысы ке­зеңінде, сон­дай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жө­ніндегі басқа да ұрыс опе­ра­циялары кезінде майдандағы армиялар мен флот­тың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде қызмет өткер­ген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының пар­тизандары мен астыртын қимыл жасаушылары; Іс-қимыл жасаған ар­мия­лар мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын қимыл жасау­шы­лары, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңінде май­дан­да, ұрыс әрекеттерінің ауданында, темір жолдардың соғыс маңындағы учаске­ле­рінде, қорғаныс шептерінің құрылыс­тарында, әскери-теңіз базалары мен аэро­дром­дарда алған жарақат, контузия, мертігу немесе сырқаттану салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша әскери қызметшілерге теңестірілгендер; Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде алған жарақат, контузия, мертігу салдарынан немесе майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер; Жарақат, контузия, мертігу салдары­нан не майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдары­ның басшы және қатардағы құрамының адамдары; 1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығында Украи­на КСР-нің, Белорусь КСР-інің, Литва КСР-інің, Латвия КСР-інің, Эстония КСР-інің аумақтарында жойғыш баталь­он­дардың, взводтардың және халықты қорғау жасақтарының командалық жауынгерлері мен құрамы ішінен осы батальондарда, взводтарда, жасақтарда қыз­меттік міндеттерін атқару кезінде алған жарақат, контузия, мертігу сал­дарынан мүгедек болған адамдар; Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдан­дағы армия бөлімдерінің әскери қызмет­шілері үшін белгіленген жеңілдік жағ­дай­ларында зейнетақы тағайындау үшін қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтіліне есептелген қалаларда қызмет өткерген бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және  мем­лекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдары; Ұлы Отан соғысы кезеңінде май­дан­дағы армияның құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарған не тиіс­ті кезеңде майдандағы армия бөлім­дері­нің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтіліне есептелген қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Ода­ғының әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті құрамдағы адамдары; Ұлы Отан соғысы кезеңінде май­дан­дағы армияның және флоттың құрамы­на кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк балалары (тәрбиеленушілері) ретінде болған жеткіншектер мен юнгалар; Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары шет елдердің аумақтарында партизандық жасақтардың, астыртын топтардың және басқа да антифашистік құралымдардың құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы ұрыс әрекеттеріне қатысқан адамдар; Қатынас жолдары ха­лық­тық комис­сариа­ты, Байланыс халықтық комис­са­риат­ы, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзетін құрамы мен авиа­цияның ұшу-көтеру құрамы, бұрын­ғы КСР Одағының балық өнеркәсібінің халықтық комиссариаты, теңіз және өзен флотының арнайы құрылымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әс­кери қызметшілер жағ­дайына ауыстырылған және ұрыстағы майдандардың, флот­тар­дың жедел аймақ­тары­ның тылдық шекара­лары шегінде майдандағы армия мен флоттың мүдде­сін­дегі тапсырмалар­ды орындаған жұмысшылары, сондай-ақ Ұлы Отан соғы­сының басында басқа мем­лекеттің порттарында тұр­ған көлік флоты кеме­ле­рі­нің тұтқындалған экипаж­дарының мүшелері; Құрсау кезеңінде Ле­нин­град қала­сын­да қаланың кәсіпорындарында, меке­мелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және “Ле­нин­­градты қорғағаны үшін” медалімен және “Құрсау­дағы Ле­нинград тұрғы­ны­на” белгісімен наградталған азаматтар; Концлагерлердің, геттолардың және екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құр­­ған басқа да еріксіз ұстау орын­дарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары; Уақытша дұшпан басып алған аумақ­­тарда жұмыс істеген кезеңді қоспағанда, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырды қоса алған кезең­де кемінде алты ай жұмыс істеген адамдар наградталады. 3. Мерекелік медальмен наградтала­тын азаматтардың тізімін жасау және бекіту мынадай тәртіппен жүргізіледі: Тізімдер осы Ереженің 1-қосым­ша­сына сәйкес №1 нысан бойынша осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген адамдардың ішінен азаматтарға; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер ми­нистрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Республикалық ұланының, Президенттің Күзет қызметінің орталық аппа­рат­та­ры осы органдарда есепте тұрған адамдарға; Жергілікті атқарушы органдар – тұрғылықты жері бойынша. Тізімдерді жасауға жауапты лауа­зым­ды адамдар оларға қол қояды және ор­талық мемлекеттік және жергілікті ат­қарушы органдардың басшылары бекітеді. Тізімдердің дұрыс жасалуы үшін жауаптылық органдардың басшыларына жүктеледі. 4. “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалін тапсыру Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Президентінің атынан және тап­сырмасы бойынша жүргізіледі. Медаль наградталушының тізімге енгізілген жері бойынша тапсырылады. Наградталған адамға медальмен қоса белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі. 5. “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалі сол жақ омырауға тағылады және “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл” мерекелік медалінен кейін орналасады. 6. Мерекелік медальдың табыс етіл­гендігі туралы наградтау тізіміне тиісті жазба жазылады. Табыс етілмеген медальдар мен олар­дың куәліктері қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Респуб­ли­касы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады. Мерекелік медальдың табыс етіл­ген­дігі туралы мәліметтерді осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес №2 нысан бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2010 жыл­ғы 1 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына ұсы­нады. Қазақстан Республикасы Президентінің  2010 жылғы 19 наурыздағы  №951 Жарлығымен бекітілген “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалінің сипаттамасы “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалі жезден дайындалады, диаметрі 32 мм. шеңбер нысанында болады. Медальдың бет жағында І дәрежелі Даңқ орденінің бейнесі, жұлдыздың төменгі сәулелері­нің арасында “1945-2010” цифрлары орналасқан. Медальдың сырт жағында, ортада “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” деген жазу бар. Медальдың шеттері ернеумен жиектелген. Медальдағы барлық бейнелер, жазулар мен цифрлар бедерлі. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы қызыл түсті қатқыл жібек лентамен тысталған бес бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ені 24 мм. Лентаның ор­та­сында бес жолақ бар: үш қара және екі қызғылт сары түсті, әрқайсысының ені 2 мм. Шеткі қара жолақтары ені  мм. қызғылт сары жолақтармен жиек­телген. Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.