• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қаңтар, 2020

«Digital Almaty: Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» халықаралық форумы басталды

169 рет
көрсетілді

Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде «Digital Almaty: Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» халықаралық форумы  жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып отырған халықаралық форумға Қазақстан Республикасы Премьер-министрі А.Мамин,  Цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы М.В.Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-министрі С.Н.Румас, Молдова Республикасының Премьер-министрі И.В. Кику, Армения Премьер-министрінің Бірінші орынбасары М. Григорян, Қырғыз Республикасының  Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Ж.П.Разаков, Еуразия Экономикалық комиссиясы Коллегия төрағасы  Т.С. Саркисян, БҰҰ  Бас хатшысының орынбасары Ф.Хохшильд, Ұлыбритания мемлекеттік цифрлық қызметінің директоры Крис  Фергюсон, Amazon Web Services трансформация бойынша директоры  Л.Максвелла, 01 Edu System еуропалық білім платформасының негізін қалаушы Н.Садирак, Сыртқы істер министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері және саяси көшбасшылар, жетекші CEO, ІТ саласындағы халықаралық сарапшылар қатысуда.

Форумның модераторы Орталық Азия, Әзірбайжан, Монғолия бойынша аймақтық директоры Андрей Беклемишев   БҰҰ  Бас хатшысының орынбасары Ф.Хохшильд, Ұлыбритания мемлекеттік цифрлық қызметінің директоры Крис  Фергюсон, Amazon Web Services трансформация бойынша директоры  Л.Максвелла,  01 Edu System еуропалық білім платформасының негізін қалаушы Н.Садиракпен негізгі форум жұмысына дейін аз-кем пікір алмасып өтті.

Ары қарай форумда бағдарламасына сәйкес  жасанды интеллект негізінде өңірдің тұрақты дамуын құру жолдары талқыланатын болады. Сонымен қатар Қазақстан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан және Ресей, сондай-ақ Молдова Премьер-министрлерінің қатысуымен өтетін пленарлық сессияда жасанды интеллект пен үлкен мәліметтер саласында коалицияны құру және өзара іс-қимыл жасау жолдарын, инфрақұрылымды құру және технологияларды ілгерілету қажеттілігі талқыланады.

Форум бағдарламасы ЕАЭО цифрлық күн тәртібіне, ІТ-компанияларды дамытуға және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өнімдерін ілгерілетуге, сондай-ақ болашақтың білімі және тұрақты дамуға қол жеткізу мәселелеріне арналған төрт панельдік сессияны қамтиды.