Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.Жамаубаевтың №96 ж/қ бұйрығына сәйкес Қазақстанның ҚМ Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Ермек Әшімханұлы Оспанов тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ермек Әшімханұлы МВА магистрі ғылыми дәрежесіне ие, ағылшын тілін жетік меңгерген.
15 жылдан астам уақыт бойы қаржы саласында қызмет етіп келеді. Осыған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.