• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2020

Әдеп нормаларын бұзатындар азайып келеді

354 рет
көрсетілді

Күнделікті өмір мен тұрмыста, қоғамдық орта мен қарым-қатынастар жасау кезінде әдеп нормаларын сақтай білген адамның мерейі қашан да үстем. Ал, мемлекеттік қызметшілерге қатысты алғанда бұл мәселенің салмағы тіптен жоғары деуге болады. Қисық, қыңыр, дөрекі мінез-құлық таныту мемлекеттік қызмет талаптарымен мүлдем сыйыспайды. Бір жақсысы соңғы жылдары Ақтөбе облысындағы жергілікті және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелері мемлекетттік қызметкерлер арасында әдеп нормаларын бұзу көріністері азайып келеді екен.

Айталық, Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінен алынған деректер 2018 жылмен салыстырғанда әдеп нормаларын аяққа басқандар саны 28 пайызға азайғанын көрсетеді. Сонымен бірге осы уақыттың аралығында мемлекеттік қызметке кір келтіріп, теріс қылықтар танытқан қызметшілердің қатары 35 пайызға төмендепті.

Мұндай жағымды жайттың орныға бастауына біріншіден, мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт ұстап, сана-сезім, таным-түсініктерін тереңдете түскені әсер етсе, екіншіден, аталған департамент тарапынан жүргізілген алдын-алу шаралары да жағдайдың жақсара түсуіне елеулі ықпалын тигізді деудің әбден жөні бар.

-Аталған өрелі өзгерістердің ауқымы кең. Оның шеңберін аймақтық-провинциялық тұрғыдан тарылтып жіберуге мүлдем болмайцды. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің арасында парасаттылық көріністері белең алуы бүгінгі қазақстандық қоғамның белсенді азаматттық ұстанымына да байланысты. Сонымен бірге бұған еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының да тигізген әсерін жоққа шығара алмаймыз, деді бұл жөнінде жоғарыда аталған Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев

Әрине, әдеп нормаларын бұзатындар азайды деген сөз мемлекеттік қызметшілер тарапынан туындап қалатын теріс мінез-құлықтар мүлдем жойылды деген ұғымды білдірмейді. Өмір болған соң, қызмет болған соң мұндай жәйттер кездеспей тұрмайды. Бұл жөнінде өңірлердегі әдеп жөніндегі кеңестердің отырыстары орын алып қалып жүрген олқылықтар мен үстірттіктерді ретке келтіруге ықпал жасай білсе, нұр үстіне нұр.

Осы кеңестерде мемлекеттік қызметшілерге қатысты қаралған  тәртіптік істердің сапалық деңгейін көтере білудің де орны айрықша. Сондай ақ кеңес отырыстары кезінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына сәйкеспейтін теріс іс-қимылдарынан оның өзге әіріптестері тиісті сабақ ала алса, мұның өзі де өміршеңдіктің бір көрінісі болмақ. Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті ұжымының бүгінгі іс-қимылдары осы арнаға бағытталған.

                                                                 

АҚТӨБЕ