Қабыл Бекмұратов Ленинградтағы Журналистика институтын және Мәскеудегi Жоғары партия мектебiн бiтiрген. Содан Гурьев облыстық «Социалистiк құрылыс» (қазiргi «Атырау») газетiнде бөлiм меңгерушiсi болып қызмет iстедi. Әдебиет әлемiн қадағалай зерделеумен бiрге аудармашылық салаға да ден қоя бастаған ол сол кездегi республика астанасы Алматыға шақырылды.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң үгiт және насихат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары болды. 1951 жылы Қ.Бекмұратов қазақ баспасөзiнiң қара шаңырағы «Социалистiк Қазақстан» газетi ұжымын басқаруға жiберiлдi. 1952 жылы Орталық Комитетке қайта шақырылып, кейiн қазақ телерадио комитетiнде жауапты қызметтер атқарды.