SpaceX және Space Adventures компаниялары 2022 жылға Жер орбитасына саяхатшылар ұшыру туралы келісмшартқа отырған. Бұл туралы Space Adventures ақпарат қызметі хабарлады.
Алғашқы сапар 2021 жылдың аяғы мен 2022 жыл ортасына дейін жасалмақшы. Сапар 5 күнге созылып, оған 4 саяхатшы бармақ. Олар АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен Crew Dragon кораблімен ұшады.
Бұл корабльдің Халықаралық ғарыш стансасымен түйісуі жоспарда жоқ. Мұндай ғарыш сапары қаншаға түседі деген сауалға келсек, 100 млн АҚШ доллары мөлшерінде бағаланып отыр.
Илон Масктің жоспары бойынша қауіпсіздік мәселесі де өте жоғары деңгейде шешілген. Оған өткен айдың ортасында арнайы Falcon 9 ракетасын ұшырып, оны жоспарлы түрде жарып, адамдар құтқаратын жеке капсуланың жерге аман-есен қонғандығы куә бола алады. Яғни, апатты жағдайда ғарышқа ұшқан саяхатшылар аман-есен оралуына барлық жағдай жасалған.