• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Наурыз, 2020

Яндекс коронавирустың таралуын көрсететін онлайн-карта шығарды

1110 рет
көрсетілді

Ресейлік компания әлем елдеріне тарап жатқан аурудың таралуын тікелей көрсетіп отыратын картаны жасады. 

Картада коронавирус тараған кез келген ел бойынша толық ақпарат берілген. Яғни, ауру жұқтырған, емделіп, жазылған немесе қайтыс болған адам саны онлайн режимде көрінеді.

Мысалы, Қазақстан бойынша мәліметте 9 адамның ауру жұқтырғаны көрсетілген. Осындай картаны бұрынырақ АҚШ-тың Мәриленд штатындағы Джон Хопкинс университетінің Жүйелі зерттеулер мен инжиниринг орталығы жасаған болатын.